«БИЗНЕСМЕН»

БИЫЛҒЫ БАҒДАР: Сізге не ұсынамыз?

gazet jane oqyrman

Қадірлі оқырман! Міне, Жаңа жылдың алғашқы онкүндігін де артқа тастадық. Осы сәтте өткен жылдың біз үшін – «Atyraý» газеті ұжымы үшін ерекше мерейлі бір белес, ақпарат айдынындағы шығармашылық табысты еселей түскен айрықша асу болғанын түйсінеміз. Өйткені, біз қаншама буынның талайлы тағдырларын тоғыстырған байырғы басылымның 95 жылдық торқалы тойын өткенге тағзым, болашаққа тағылым тұрғысында атап өттік. «Атырауымыздың» айбынды ғасырлық жылнамасына қадам ...

Читать далее »

«Жарқыра» жобасы мыңға жуық тұрғынды жарылқамақ (+ФОТО)

DSC_1076

«Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен Орта Азияның Еуразия қорымен жүзеге асырылып жатқан  «Жарқыра» жобасының мақсаты – жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларына тұрақты бизнес-шешімдер ұсынуға бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларға атсалысу. «Жалпы, Қазақстандағы қорымыз 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту идеясы 2015 жылы келді. Бұл уақытта біз «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына қатыстық. Әлеуметтік-кәсіпкерлік жобалардың ерекшелігі – оларды бір рет ...

Читать далее »

Мал өсіруге мүмкіндік мол

DSC04837

Махамбет ауданында 1863 шағын және орта бизнес субьектісі бар. Оның 482-сі ауылшаруашылық және қалғаны түрлі қызмет көрсетеді. Былтыр ғана 96 жобаға 628 миллион теңге қаржы бөлінген. Кәсіпкерлердің күшімен аудан мен облыс орталығы бағытында автобус желісі іске қосылуда. Мұнда несие алушылар қатары да облыс бойынша оқ бойы озып тұр. Салалық «Сыбаға» бағдарламасы аясында сырттан 4 пайыз жеңілдікпен аналық ірі қара және ...

Читать далее »

Жаңа жобалар – жұрт игілігіне

wpid-91c46bffb15bd809f640db5a3fdf3f69

Құрманғазы ауданында 2520 шағын және орта кәсіпкерлік нысан бар. Олар былтыр 6768 млн. теңгенің өнімін өндірген. Ал, 2018-2021 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту картасы аясында тоғыз жоба жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.   Аудан тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелердің дені жер теліміне қатысты. Бұл бағытта көптеген заңнамалық өзгерістер енгізіліп, аукциондар өткізілуде. Инвестициялық жобалар мемлекетті негізде бекітіледі. Ал, бекітілмегені арнайы құрылған аудандық комиссия ...

Читать далее »

Жас кәсіпкерлер хакатоны

destacada

Облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен хакатон шарасы өтті. Хакатон – бағдарламалық қамсыздандыруды жасақтаудың әртүрлі салаларынан жиналған мамандардың түйінді мәселені шешу мақсатында бірігіп жұмыс істеу үшін өткізілетін шара. Оны ұйымдастырудың басты мақсаты – 16 мен 25 жас аралығындағы жастар арасында кәсіпкерлікті танымал ету, олардың шағын және орта бизнестік, презентациялық, сондай-ақ, бизнес-идеяларды генерациялау дағдыларын дамыту. Аталған басқосуға ...

Читать далее »

Заңсыз ойын ұйымдастырғандар ұсталды

20171003191000806_big

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «К» есімді азаматты анықтады. Ол Атырау қаласы, Абай көшесі 15 мекен-жайында орналасқан қолайлы үй-жайды тауып, ірі мөлшерде табыс алуға ниеттенген. Тиісті мекен-жайды тексеру барысында 9 дана жалға алынған қатты дискілі бар темір ойын терминалы, жүйелік блок, термопринтер, пернетақта, модем, компьютерлік монитор және заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру нәтижесінде ...

Читать далее »