Жаңалықтар

Ғаламтор ғажайыбы «Атырауды» алмастыра алмайды

IMG-20181102-WA0023

«Қазіргі қазақ журналистикасы: Жаңа трендтер мен технологиялар». Міне, мұнайлы аймақтың алтын шежіресіне айналған «Атырау» газетінің 95 жылдығына орай өткен республикалық медиа-конференция осындай тақырыпта өрбіді. Шара шымылдығын жиын модераторы «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) директоры Баязи Әбдешев ашып, жүргізіп отырды. Осыдан кейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сөз алып, баспасөз қызметкерлері мен жиналғандарды мерейлі қуанышпен құттықтады. Алғашқы пленарлық бөлімде «Атырау» газетінің бас ...

Читать далее »

Қарашада күн қырық құбылады

imgpreview

«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, қараша айында ауа райы құбылмалы болады. Аязды және жылы күндер алма-кезек ауысады. Жауын-шашынды, ұйытқымалы жел соғып, жолдар көктайғақтанады. Түнде және таңертең тұман түседі. Бірінші онкүндіктің ортасында және соңында едәуір аяз сезіледі. Екінші және үшінші онкүндіктердің ортасында болжанатын екі суық толқын алдыңғыдан қарқындырақ болады. Нәтижесінде, орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жуықтайды. Айлық жауын-шашын мөлшері таулы және тау бөктері ...

Читать далее »

Қанша күн демаламыз?

salyutastana1811

Қазақстанда желтоқсан айында белгіленген мереке күндері көп. Солардың кейбірі демалыс күндеріне сәйкес келіп, қосымша демалыс сыйламақшы. Осылайша, желтоқсанда бас-аяғы 13 күн демалатын боламыз. Қыстың алғашқы айы 1 желтоқсан күні тойланатын мемлекеттік мереке –Тұңғыш Президент күнімен басталады. Биыл ол сенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 3 желтоқсанға ауыстырылады. Республиканың басты мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда аталып өтеді. ...

Читать далее »

«F6» мен «36 жастары» – жеңіс тұғырында

DSC_0083

Геолог ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен және «Номад» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен округ жастары арасында «Брейн Ринг» интеллектуалды сайысы өтті. Жас ерекшеліктеріне қарай 14-17 және 18-25 жас аралығындағы қатысушылардан командалар бас сынады. Жастардың білім деңгейін көтеру, жылдамдылығы мен зеректілігін арттыру, бәсекеге қабілеттілігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған сайыста 14-17 жас арасындағы топтар арасында  «F6» комадасы жеңімпаз деп танылды. Екінші орынды «Жас Ұлан» командасы ...

Читать далее »

Сағат Түгелбев – 70 жаста (ФОТО)

ANU_0531

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері,  қазақстандық инвестор, өңіріміздегі мұнай компанияларының құрылтайшысы  Сағат Түгелбевтың  70 жасқа толуына  орай «Ер мерейі – ел мерейі» атты салтанатты шара өтті. Облыс әкімдігі мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастамасымен, «АНАКО» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған кездесуге аймаққа  еңбегі сіңген ардагерлер, ел ағалары, мекеме басшылары мен қызметкерлері, студенттер қатысты. Айтулы тұлғаға арналған шара ...

Читать далее »

Телекоммуникация қызметтері уақытша тоқтатылады

20170213084013

Атырауда 1-10 қараша аралығында телекоммуникация қызметтері уақытша тоқтатылады. Бұл күндері «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы – Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы Атырау жергілікті желілер техникалық торабы жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізбекші. Осы орайда, 1-10 қараша аралығында тәуліктің түнгі уақытында Атырау облысы аймағындағы абоненттерде телекоммуникация қызметтері уақытша тоқтайды.

Читать далее »

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

WhatsApp-Image-2018-11-01-at-11.08.21-e1541053490266

Бүгін өңір активінің жиналысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа орынбасарын таныстырды. – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Нұрлан Бақтыбайұлы Таубаев облыс әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды, – деді аймақ басшысы. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Жасұлан Сүйіншалиев осы лауазымнан берген өтінішіне сәйкес өз еркімен босатылды. Ал, әкім орынбасары болып тағайындалған Нұрлан Таубаевтың тұрғын үй-коммуналдық, автомобиль, құрылыс ...

Читать далее »

Шетелде тегін білім алыңыз!

Амандык Абдулов (52)

Биыл екі атыраулық жоғары оқу орны мен 15 колледж түлектері, сондай-ақ, 5230 талапкердің шетелде тегін білім алу мүмкіндігі пайда болады. Мұндай мүмкіндік Атырау облысы әкімдігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының бірлескен жұмысы нәтижесінде іске аспақ. 12-13 қарашада Атыраудағы «Ренесанс» қонақ үйінде «International Education Fair» шетелдік жоғары оқу орындарының көрмесі өтеді. Ұйымдастырушылар Атырауға қазақстандықтардың шетелде тегін білім алу үшін 20 ...

Читать далее »

Жаңа ескерткіштер бой көтереді

2018_10_31_111238762500

Облыс орталығында қазақ мәдениетінің белгілі корифейлері – Әбу Сәрсенбаев пен Қаршыға Ахмедияровтың, ал, Исатай ауданында Хамит Ерғалиев пен Исатай Таймановтың ескерткіштері орнатылады. Сондай-ақ, облыстық және қалалық мемлекеттік архивтерінің, жаңа кітапхананың типтік ғимараттары бой көтереді. Оны салуға Атырау қаласында арнайы жер телімі бөлініп, жобалық сметасы жасақталуда. Бұл туралы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Саламат Сабырдың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында ...

Читать далее »

Білім беру бағдарламалары жаңа жүйеге көшеді

imgpreview

Жолдау жолдарынан: «Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды. Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын». Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жоғары білім беретін маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетінін айтты. Гранттардың саны көбейді, енді жауапкершілік ...

Читать далее »