Үндеуге үн қосайық!

Atr.kz/25 қазан, 2019 жыл. Бұл игі бастама мені де ерекше толқытып, өзімнің үлесімді қосуды ұйғардым. Өзім тұратын Ақтоғай ауылындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы 20 отбасыға облыстық «Атырау» газетін жыл бойы тегін оқуына мүмкіндік жасап, өз қаржымнан жаздырып бергелі отырмын. Төкен Танаұлының Үндеуіне үн қосайық, ағайын! Жеңісбай ДОСҚАЙЫРОВ, шаруа қожалығының жетекшісі, Махамбет ауданы

Continue Reading

Үндеуге – қолдау

Atr.kz/25 қазан, 2019 жыл. Газетте («Атырау», №80, 11 қазан, 2019 жыл) жарияланған ел ағасы, кәсіпкермеценат Төкен Танаұлы Жұмағұлов ағамыздың облыс кәсіпкерлерін облыстық «Атырау» газетіне жазылуға шақырған Үндеуін өз басым шын ниетіммен қолдаймын. Мен бұған дейін де күнделікті рухани азығымыз – мұнайлы аймақтағы қазақ тілінде жарық көретін бірден-бір байырғы мемлекеттік басылымның халық арасында көптеп таралуына жәрдемдесіп, […]

Continue Reading

Атырау облысының кәсіпкерлеріне үндеу жарияланды

Atr.kz/25 қазан, 2019 жыл. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Газет –халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дегені бүгінгі күн талабына сай келіп тұр. «АТЫРАУ» – әр тарапты көрер көзіміз, шартарапқа айтар сөзіміз! Алаштың айбоз абыздары Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Зейнолла Қабдолов, кешегі Әбіш, Фариза, Меңдекеш, Жұмекендердің қаламының ізі қалған киелі басылым – «Атырау» бүгінде сол ұлылардың аманатына […]

Continue Reading

Оқырманмен орайлы ойласу

Atr.kz/25 қазан, 2019 жыл.Облыстық «Atyraý» газетінің Индер ауданындағы күндері ашық, әрі терең пікір алысумен ерекшеленді. Аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың қабылдауында болған басылымның бас редакторы Исатай Балмағамбетов шығармашылық топпен ауданға ат басын бұрудың мақсатын айтып, баспасөзге жазылу науқанын ұйымдастыруда жыл сайын қолдау мен көмек көрсетіп отыратын атқарушы билікке, қоғамдық таратушылар мен мекеме-ұйым жетекшілеріне, кәсіпкерлерге ризашылық […]

Continue Reading

Жандос – Әлем чемпионы

Atr.kz/24 қазан, 2019 жыл. Жуырда Кипр елінің Лимасол қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Егде тартқан боз кілем шеберлерін жинаған айтулы додаға 20 елден 380 спортшы қатысты. Осы сында өнер көрсеткен Атырау облысы ардагерлер құрамасы әлем чемпионатында 1 алтын және 3 қола медальға ие болды. Әлем біріншілігі екі күнге созылып,40-44 жас аралығында 68 […]

Continue Reading

Атырауда «Бастау» түлегі үш тілді оқу орталығын ашты

Atr.kz/24 қазан, 2019 жыл. «Анар Мұқанованың мамандығы – математика пәнінің оқытушысы. Бес жыл бойы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істеген. Кейін отбасы жағдайына байланысты репетиторлықпен айналысуына тура келген. Бертін келе өзінің оқу орталығын ашуға бел буды. Бизнес идеясын Кәсіпкерлер палатасына әкеліп, осы жерде «Бастау» жобасына қатысты, бизнеске қажетті ақпаратты алды», – деп мәлімдеді Атырау облысының кәсіпкерлер […]

Continue Reading