Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: КОНКУРС!

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Ішкі әкімшілік бөлімінің бас маманы С-О-5 санатты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жөніндегі хабарландырудың республикалық «Егемен Қазақстан», «Казакстанская правда» газеттерінің 2014 жылғы 12 наурыздағы №48 санды баспаларына жарияланғандығын хабарлайды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2014 жылдың 12-20 наурыз аралығы. Байланыс телефондары: 451504, 451505, 451502.

Читать далее »

5 бөлмелі үй сатылады. Барлық жағдайы жасалған

5 бөлмелі үй сатылады. Барлық жағдайы жасалған. Бағасы 35000$  немесе Атырау қаласынан 2 бөлмелі пәтерге алмастырамын. Құрманғазы ауданы, Ганюшкин станциясы.  Тел.: 87014603352, 87782961767.

Читать далее »

ДЕПУТАТТАР – БЕЛСЕНДІ КҮШ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде бір кездегі шикізат өндіретін Қазақстан бүгінде төрткүл дүниеге мәртебесі биік мемлекет ретінде танылып отыр.

Ел Президенті «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына қол қойған еді. Нәтижесінде жергілікті уәкілетті органдар, яғни мәслихаттар атқарушы органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік маңызды міндеттерді жүзеге асыра бастады. Бүгінде мәслихаттарға облыстың, ауданның ғана емес, тұтас республиканың тағдыры байланысты болып отыр. Мәслихат депутаттары жергілікті бюджетті қалыптастырып, сайлаушылардың көкейкесті мәселелерін шешеді. Осылайша, мәслихаттардың рөлі артып келеді, демек депутаттардың да өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға деген жауапкершілігі күшейе түсуге тиіс.

Читать далее »

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ» ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында мектеп оқушылары арасында «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры мен Атырау қазақ-түрік лицейінің ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ» атты алтыншы аймақтық олимпиада болып өтті. 

Аудандардан және қала мектептерінен келген 80 оқушы қазақ және өзге ұлт өкілдері болып екі топқа бөлініп, оларға мәнерлеп оқу, қазақша ән шырқау, сахналық қойылымдар, қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қатысты түрлі ғылыми жобалар қорғау секілді бағыттар ұсынылды.

Читать далее »

ДОСҚА ХАТ

Жастық шақ сені қайтейін?!

Жалауын көтеріп, жайнап, жарқылдап, дүниенің бәріне іңкәр ғып біздің де баста уақытша тұрмады ма? Көгентүп көнелер  «адам – дүниеге қонақ» десетін. Қонақпыз деп ойладық. Еркіндеп, еркелеп бақтық. Жағаны жайлау ғып жаннан безіп, жар басында ойнадық.  Өйткені, қамсыз едік. Өлең өсірдік. Ой баптадық. Бір кемпірдің құрсағына сыйғанмен, ауылға сыймадық. Арманмен, қиялмен. Жер-жаһанды шарлап кететінбіз. 

Читать далее »

Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданы әкімі аппаратының ғимараты, 9 кабинет, телефоны: 8(71237) 5-11-53, 5-19-17; электрондық почтаның адресі: zhylyoi.ko@mail.ru «Б» корпусындағы бос лауазымды әкімшілік мемлекеттік орынға конкурс жариялайды:

1) Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы (ЕR-4)

Лауазымдық еңбек ақысы мемлекеттік қызметте еңбек еткен жылдарына байланысты 56375,56 теңгеден 76235,14 теңгеге дейін 

Читать далее »

БИЗНЕСКЕ – БЕЛСЕНДІ БЕТБҰРЫС

Атырау қаласындағы белсенді кәсіпкерлер саны бүгінде 21 мыңнан асады екен. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті ХХІІІ сессиясында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндаған қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қадырғали Тұрғанов мәлім етті.

Читать далее »

ЖАҚСЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСЫ

Еліміздің батыс аймақтарында, әсіресе, Атырау, Маңғыстау облыстарында тегіс, Орал, Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде наурыз айының 14-інен «Көрісу» дәстүрі  басталады. Еліміздің кейбір жерлерінде оны «амал» деп те атайды.   

Читать далее »