Жаңалықтар

ЖАҢА ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Атырау облысында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Мақат» компрессорлық стансасында турбокомпрессорлық цех іске қосылды.
«Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасы «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас инженері Ілияс Ысмағұлов хабарлағандай, жаңа цех Америкада шығарылған жеті газ құятын агрегаттан тұрады. Әр компрессордың өнімділігі тәулігіне 28,2 млн. текше метр газды құрайды. Жылдық өнімділігі - 56,7 миллиард текше метр газ. Құйылу кезіндегі газ қысымы 1 шаршы сантиметрге 52 келіге жетсе, шығу кезінде 1 шаршы сантиметрге 75 келі болады.

Читать далее »

«АЛ, ҚАНЕ, ҚЫЗДАР!»

Жуырда «Атырау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамында «Ал, қане, қыздар!» сайысы болды. Оған авиациялық қауіпсіздік, инженерлік-авиациялық, жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жердегі құрылысты пайдалану қызметінің мамандары қатысты.

Сайысты аталған АҚ-ның кәсіподақ ұйымының төрағасы Альберт Юн ашып, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Ал, сайысқа қатысушы қыздар сәлемдесу, өзін-өзі таныстыру, спорттық ойын түрі, интеллектуалдық сұрақтарға дұрыс жауап қайтару, кулинарлық тағам дайындау, бойындағы өнерін көрсету секілді қырларынан сынға түсті.

Читать далее »

«АҚ БҰЛАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Алдыңғы күні облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен кезекті селекторлық кеңес өтті.
Кеңестің күн тәртібіне негізінен екі мәселе енгізілді. Оның біріншісі, елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасының өңірде орындалу барысы туралы болды. Бұл жайында облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Ақылбек Байшаханов хабарлама жасады.
Аталған бағдарлама аясында аймақта барлығы 74 нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу межеленген. Осы уақытқа дейін соның 55-інде жоспарланған жұмыстар толығымен атқарылған. Қалған 19-ы алдағы мезгілдің еншісіне қалдырылған. Биылғы жыл басынан бері бағдарлама бойынша салынған төрт нысан тапсырылса, жылдың соңына дейін 27-сі пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Читать далее »

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСКЕ – КЕҢ ӨРІС

оның көлемі 80 пайыздан асты
Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің онлайн режиміндегі кезекті селекторлық мәжілісі өтті. Оған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты. Елімізде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесін қараған мәжілісте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің хабарламасы тыңдалды.

Читать далее »

ДӘРІС АРҚАУЫ – ЕЛДІҢ ДАМУЫ

Қазақстанның мейлінше дамыған әлем мемлекеттерінің отыздығына енуі үшін нақты қандай жұмыстар жасалуы керек? 2050 жылы дамыған Қазақстан қандай болады? Қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен «Назарбаев университеті» ғылыми-зерттеу департаментінің директоры, РһD докторы Ерғали Досмағамбетовтің дәрісінде осы сауалдар төңірегінде әңгіме өрбіді.

Читать далее »

БИ ӘЛЕМІНІҢ ПЕРИЗАТЫ

Кеше облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан «Татулық» татар-башқұр этномәдени бірлестігінің төрайымы Гүлсина Байкенованы 40 жасқа толуына орай қабылдап, құрмет көрсетті.

 

- Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайту жолында игі бастамаларға жол ашып, татулықтың таптырмас үлгісін көрсетіп отыр. Біздің өңірімізде де осы қағиданы негізге алған барша ұлт өкілдері тұрақтылық пен келісімді паш етіп, этносаралық қарым-қатынасты арттыруға атсалысып жан-жақты қызмет етіп келеді. Осы мақсатта өңіріміздің мәдениетін ілгері дамытуда өлшеусіз үлес қосып келетін Гүлсина Ғарифжанқызының еңбегі зор. Тума талантымен қазақ өнерін шет елдерге танытып келетін өнер иесіне шығармашылық табыс, отбасылық бақыт тілеймін, - деген Шыңғыс Жұмабекұлы өнерімен елге танылған өнер иесін облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің атынан арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Читать далее »

ҚАШАҒАННЫҢ «ҚАРА АЛТЫНЫ» – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ!

ҚР Мұнай және газ министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, кейбір жөндеу жұмыстарына байланысты болған біраз үзілістен соң Қашаған кенішінде мұнай өндіру қалпына келтірілді. 
Еске сала кетсек, биылғы 24 қыркүйекте Каспий теңізінің айдынындағы Д аралынан «Болашақ» зауытына тартылған газ құбырын жоспарлы тексеру кезінде аздаған ақау табылған-ды. Ол зауыттан 2,5 шақырым жерде, яғни санитарлық қорғаныш аймағында орын алған. Мамандардың айтуынша, апат кезінде атмосфераға таратылған күкіртті сутегі көлемі рұқсат етілген деңгейден аспаған, ешкім де зардап шекпеген.

Читать далее »

ҚҰЛСАРЫНЫҢ ҚҰС ФАБРИКАСЫ

енді облысты жұмыртқамен қамтамасыз етеді

Жылдық пайыздың 80 пайызын мемлекет төлейді. Бұл ақшаға құс қоралар салынды, балапандар, жұмыртқа басатын тауықтар мен қоспа жемдер цехы үшін жабдықтар алынды. Қазір бұл жерде 38 мың тауық бар. Әр тауық жылына 330-дан жұмыртқа басып шығады.
Жалпы ел бойынша «ҚазАгроҚаржы» компаниясы 20,3 млрд. теңгеге 18 құс фабрикасының құрылысын қаржыландырды. 2013 жылы үш құс фабрикасы іске қосылды. Атыраудағы құс фабрикасы – ең ірісі.

Читать далее »

ҚАЛАНЫҢ «ҚАН ТАМЫРЫ» ЖАҢАРДЫ

«Кәсіпорын бойынша үш жыл мерзімге қабылданған инвестициялық сауықтыру бағдарламасының ағымдағы белестегі орындалуы барысына арналған кезекті баспасөз туры «Атырау Су Арнасы» мекемесінде өтті.

Бұл шараның мақсат-маз- мұны жайлы алдымен ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Балжан Досмұқамбетова қысқаша әңгімелеп, түсіндіріп берді. Ал, аталған бағдарламаның қалай жүзеге асырылып жатқандығын кәсіпорын директоры Андрей Ташлыков баяндады.

Читать далее »

КЕЛІСІМ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Бейсенбі күні облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Эксон Мобил Қазақстан Инк.» компаниясының директоры Бруно Жарденді қабылдады. Екі жақты кездесу барысында компанияның өңірде атқарып жатқан жұмыстары кеңінен сөз болды.
- Тамыз айынан бастап компания қызметіне біраз өзгерістер енгізілді, - деді компания директоры Б.Жарден. - «Теңізшевройл» ЖШС-нің кеңейту жобасы бойынша сызбамыз мақұлданды. Қазір келісім меморандумын күтіп отырмыз. Сонымен қатар, «Қашаған» кенішінде де жұмысты бастадық. Әлем күтіп отырған мұндай жобаға қатысқанымызға ризамыз.

Читать далее »