Жаңалықтар

ЕСКІ АҚШАДАН ҚҰТЫЛҒАНЫҢЫЗ ЖӨН

Биыл 31 қазанда Ұлттық Банк филиалдарында номиналы 1000 теңгелік 1994 жылғы және 2000 теңгелік 1996 жылғы үлгідегі банкноттарды қабылдау және оларды банкноттардың жаңа үлгілеріне айырбастау мерзімі аяқталады. Бұл туралы бізге аталған банктің Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің жетекші маман- экономисі Ғазиза Тарихова хабарлады.

Читать далее »

ҚЫЗЫҒЫ КӨП «ҚЫЗҒАЛДАҚ»

Индер ауданында көптен сөз болып, бірақ іске асырылуы баяулап қалған мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша биыл бірқатар оң жұмыстар атқарылды. Бұлай дейтініміз, біраздан бері балабақшасы болмай, әсіресе, жас аналар көптеген қиындықтар көріп келе жатқан Жарсуатта 45 орындық балдырғандар мекені іске қосылды.

Читать далее »

«ЖАСЫЛ ЕЛ» – ЖАРҚЫН БАСТАМА

Осы күзде ауданда өтіп жатқан тазалық, көркейту-көгалдандырудың екі айлығы кезінде «Жас Отан» жастар қанаты және «Дендер» қоғамдық жастар бірлестігі мүшелерінің қатысымен қатарынан екі апта бойы Жайықтың жағасы тазаланды. Қоршаған ортамызды көгалдандыруға бағытталған кезекті сенбілікте кент басындағы мекеме, кәсіпорын ұжымдары аулалары мен парктерде тал егіп, игілікті іс атқарды. Әсіресе, бұл жұмыс тәуелсіздік жылдары салынып, шәкірттеріне есігін айқара ашқан «Көктем» қазақ орта мектебінде жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Арнайы ашылу салтанаты өтіп, тал егуді мектеп ұжымы және ата-аналары ән шашумен, мерекелік көңіл-күймен бастады.

Читать далее »

МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТЫҢ МӘНІ

Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған стратегиялық құжат -«Нұр Отан» партиясының жаңа саяси Доктринасын талқылау мақсатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім Атырау қаласындағы аграрлы-техникалық колледжінде болып, студент жастармен кездесті.

Читать далее »

ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Кеше облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған Асан Раушанов пен облыстық Мәдениет, құжаттама және мұрағаттар басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған Алтынбек Нсанғалиевты ұжымға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев пен облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан таныстырды.

Читать далее »

ЖҰМЕКЕН АҚЫНҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен қоғам қайраткері Ғарифолла Есімді қабылдады. Кездесуге қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің ұлы – Мағжан Нәжімеденов те қатысты.

Читать далее »

ҒҰМЫРЫН ҒЫЛЫМҒА АРНАҒАН АКАДЕМИК ДИАРОВ – 80 ЖАСТА

Өткен сәрсенбіде Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Атырау облысы мен қаласының Құрметті азаматы, профессор Муфтах Диаровтың 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс басшылары мен кәсіпорындар жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, т.б. қатысты.

Читать далее »

БОЛАТ ҚҰБЫРЛАР ЗАУЫТЫ ӨЗ ӨНІМДЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

«Арселор Миттал Ақтау» компаниясының маркетинг және сату жөніндегі бас директорының орынбасары Нұрлан Сейітовтің айтуынша, еркін экономикалық аймақта жұмыс істейтін зауыт өнімдері еліміздің бірқатар қаласында қолданысқа енген. Өндірістік қуаты жылына 60 мың тоннаға тарта құбырлар шығаратын зауыттың зертханасы да бар екен. «Алматы облысындағы ұзындығы 64 шақырымға жететін газ құбырлары – біздің өнімдеріміз. Тіпті, жоғары сапалы өнім дайындау үшін арнайы сертификатымыз да бар», - деген Нұрлан Атажанұлы зауыттың «Теңізшевройл» ЖШС-нің мұнай құбырларына қорғаныс жабынды әзірлегендіктерін жеткізді. Жалпы, қай уақытта да «АрселорМиттал Ақтау» компаниясы біздің облыспен тығыз байланыста көрінеді. Бұған дейін «Теңізшевройл» құбырлардың мұндай жабындыларын тек Еуропадан алыпты. 

Читать далее »

«САНАНЫ ТАЗАЛАУДАН ГӨРІ, САҚТАУ ТИІМДІ»

Ел болашағы мұғалімнің білімі мен білігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне тікелей байланысты. Дамыған отыз елдің қатарына ену үшін де білім беру жүйесін жетілдіріп, осы бағыттағы барлық жаңалықтарды қабылдауға, тың идеялар бастамашысы болу міндеттеледі. Сол себепті де, олардың қойылған талап, жүктелген міндет биігінен көрінуі – ел болашағының кепілі. Облыс педагогтерінің қоғам қайраткері, академик, профессор Ғарифолла Есім мен Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегеновтермен болған кездесуінде айтылған әңгіме өзегі осындай сипатта өрбіді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған шарада облыстағы ардагер ұстаздар да болды.

Читать далее »