Жаңалықтар

МҰНАЙЛЫ КЕНІШ ҚАҚПАСЫ «Теңіз» кеден бекеті жиырма жылдық асуын атап өтті

ӘлқисСа

Ғасыр жобасы деп аталған әлемдегі ең ірі көлемдегі мұнай мен газ қоры шоғырланған Теңіз кенішін игеруге байланысты тауарлар мен жүктерді, көлік құралдары мен құрылыс материалдарын, құрал-жабдықтарды кедендік рәсімдеу үшін Гурьев кеденінің құрылымдық бөлімшесі ретінде 1993 жылы өз жұмысын бастаған «Теңіз» кеден бекеті жиырма жыл ішінде жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді уақтылы, сапалы орындап, артылған сенімді ақтай білді. Демек, Атырау кеденінің, соның ішінде «Теңіз» кеден бекетінің мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау жүйесіндегі рөлі арта түсті деуге негіз бар.

Читать далее »

ЕЛОРДАҒА ЕНДІ КҮНАРА ҚАТЫНАЙМЫЗ

Мұнайлы астанадан енді Елордаға күнара қатынауға мүмкіндік туды. Кеше «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Астана-Атырау» бағытындағы №19/20 «Атырау» жүрдек пойызының екінші құрамы келді. Атыраулықтар Астанадан асыға жеткен жолаушыларды салтанатты жағдайда қарсы алды. Оларды «Қазақстан темір жолы» АҚ «Экспресс» филиалы директоры Шәміл Қожабеков бастап келді. 

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ КӨТЕРІЛДІ

Қазақстанда жанармай қымбаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне сілтеме жасап.
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар ҚҚС есебімен мына мөлшерде белгіленді: дизель отыны - 1 литрге 102 теңге; Аи-80 - 1 литрге 89 теңге; Аи-92 - 1 литрге 115 теңге» деп көрсетілген хабарламада.

Читать далее »

ЕСКІ АҚШАДАН ҚҰТЫЛҒАНЫҢЫЗ ЖӨН

Биыл 31 қазанда Ұлттық Банк филиалдарында номиналы 1000 теңгелік 1994 жылғы және 2000 теңгелік 1996 жылғы үлгідегі банкноттарды қабылдау және оларды банкноттардың жаңа үлгілеріне айырбастау мерзімі аяқталады. Бұл туралы бізге аталған банктің Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің жетекші маман- экономисі Ғазиза Тарихова хабарлады.

Читать далее »

ҚЫЗЫҒЫ КӨП «ҚЫЗҒАЛДАҚ»

Индер ауданында көптен сөз болып, бірақ іске асырылуы баяулап қалған мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша биыл бірқатар оң жұмыстар атқарылды. Бұлай дейтініміз, біраздан бері балабақшасы болмай, әсіресе, жас аналар көптеген қиындықтар көріп келе жатқан Жарсуатта 45 орындық балдырғандар мекені іске қосылды.

Читать далее »

«ЖАСЫЛ ЕЛ» – ЖАРҚЫН БАСТАМА

Осы күзде ауданда өтіп жатқан тазалық, көркейту-көгалдандырудың екі айлығы кезінде «Жас Отан» жастар қанаты және «Дендер» қоғамдық жастар бірлестігі мүшелерінің қатысымен қатарынан екі апта бойы Жайықтың жағасы тазаланды. Қоршаған ортамызды көгалдандыруға бағытталған кезекті сенбілікте кент басындағы мекеме, кәсіпорын ұжымдары аулалары мен парктерде тал егіп, игілікті іс атқарды. Әсіресе, бұл жұмыс тәуелсіздік жылдары салынып, шәкірттеріне есігін айқара ашқан «Көктем» қазақ орта мектебінде жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Арнайы ашылу салтанаты өтіп, тал егуді мектеп ұжымы және ата-аналары ән шашумен, мерекелік көңіл-күймен бастады.

Читать далее »

МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТЫҢ МӘНІ

Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған стратегиялық құжат -«Нұр Отан» партиясының жаңа саяси Доктринасын талқылау мақсатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім Атырау қаласындағы аграрлы-техникалық колледжінде болып, студент жастармен кездесті.

Читать далее »

ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Кеше облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған Асан Раушанов пен облыстық Мәдениет, құжаттама және мұрағаттар басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған Алтынбек Нсанғалиевты ұжымға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев пен облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан таныстырды.

Читать далее »

ЖҰМЕКЕН АҚЫНҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен қоғам қайраткері Ғарифолла Есімді қабылдады. Кездесуге қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің ұлы – Мағжан Нәжімеденов те қатысты.

Читать далее »