Жаңалықтар

ЖАҢА БАС ИМАМ – БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ

Қасиетті жұма күні Атырауда облыстың бас имамы ауысты. Бас мүфти Ержан Маямеровтің бұйрығына сәйкес, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысындағы өкіл имамы, «Иманғали» мешітінің бас имамы болып Мансұров Батыржан Берденұлы тағайындалды.
Атырау облысының бұған дейін бас имамы міндетін атқарып келген Амантай Садиев өз өтініші бойынша орнын босатты.

Читать далее »

БӘЙКЕНОВА ЖӘНЕ ОНЫҢ БИШІЛЕРІ

«Бәйкеновтер» балет студиясы тағы да жүлдемен оралды. Қараша айының алғашқы күндері Ресейдің Астрахан қаласында өткен халықаралық «Грация» фестиваль-байқауында атыраулық өнерпаздар, екі жүз өнер ұжымының арасынан оқ бойы озып топ жарды.

Читать далее »

ТӨРАҒАНЫҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ауысты. Жаңа ауыс-түйіс жөнінде сейсенбі күні өткен партияның саяси кеңес бюросында белгілі болды. Жиынға облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.

Читать далее »

ЗАУЫТТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ ШАРТ

Кеше Атырауға Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров бастаған делегация келді. Оның құрамында Мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақов та бар. Іссапар барысында олар Қарабатандағы «Болашақ» зауытында болып, қалыптасқан ахуалмен танысты.

Читать далее »

БАЛАЛАР САУЛЫҒЫНА – БАСА НАЗАР

Бүгінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен игерілмей жатқан жер учаскелерінің мемлекет меншігіне кері қайтарылып жатқаны белгілі. Осыған орай, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жастарға аталған мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы бизнесімен айналысуға кеңес берді. «Маған жоғары жалақылы жұмыс сұрап жекелеген азаматтар, соның ішінде жастар жағы көп келеді. Табыстың барлығы – ауыл шаруашылығында. Жастарымыз осыған назар аударуы керек» деген ұсынысын айтты облыстық мәслихат сессиясына арнайы қатысқан өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Читать далее »

«ӨМІР ГҮЛІНІҢ» ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕРІ

Осыған дейін аудан, қала, облыстарда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» атты өнер сайысының өткені белгілі. Осы облыстық сайыста оза шапқан өнерпаздардың, қолөнершілер мен суретшілердің республикалық сайысқа жолдама алғаны, ал қазан айы аяғында соған барып қайтқаны бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мүмкіндігі шектеулі жандар өнердің әр қырынан өзара сынға түсіп, бақтарын тағы бір сынап көрді.

Читать далее »

ӨТКЕН КҮННЕН БІР БЕЛГІ

Коммунистер құрамы толықты. Кеше Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық филиалы Ұлы Қазан төңкерісінің  96 жылдығына орай В.И.Ленин ескерткіші жанына жиналып,  қатарына қабылданған бір топ жаңа мүшелеріне салтанатты жағдайда партия билеттерін табыстады.

Читать далее »

БАРДЫ БАҒАЛАЙТЫН, МҮМКІНДІКТІ САРАЛАЙТЫН КЕЗЕҢ

Ағымдағы жылдың да аяқталуына санаулы уақыт қалды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмалары қалай іске асуда? Енді шешімін күткен мәселелерді саралап, атқарылған жұмыстарды сараптайтын кез жетті. Кеше облыс басшылығының алдында тоғыз айдың қорытындысы бойынша Мақат, Махамбет, Исатай, Индер аудандарының басшылары есеп берді.

Читать далее »

ЖАҢА ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Кеңесте, сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие алған жергілікті кәсіпкерлердің қарыздарын субсидиялау жөніндегі өтінімдері қаралды.
Алғашқы ұсынылған жобада Атырау қаласында ашылуы жоспарланған фитнес орталықты салу үшін қажетті жылжымайтын мүлікті (ғимарат) сатып алуға «Ресей Жинақ банкі» АҚ филиалы арқылы несие сұралған. Оның сомасы 54,2 млн.теңгені, жылдық сыйақы мөлшері 14 пайызды құрайды. Сақталған жұмыс орны екеу болса, болашақта 10-ға дейін көбейтіледі деп болжамдалған. Бұл өтінімді «EmAk Group» ЖШС берген.

Читать далее »

БІЛІМДІ ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің онлайн режиміндегі кезекті селекторлық мәжілісі өтті. Оған Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымның басымдық берілген бағыттары туралы» мәселе қаралып, талқыланды. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов хабарлама жасады.

Читать далее »