Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛІК – МАМАНҒА ЖҰМЫС, ЕЛГЕ ЫРЫС

Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуХХІ ғасырдағы елімізді индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы екенін баса атап өткен болатын. Себебі, отандық өндіріс экономикамызды шикізатқа тәуелділіктен арылтып, еліміздің өркендеуіне, жаңа мүмкіндіктер ашылуына оң әсерін тигізбек

Читать далее »

ЖЕМ БОЙЫНДАҒЫ ЖЕМІСТІ ІСТЕР

Жылыой ауданына қарасты Жем селолық округі үшін өткен жылдың елеулі оқиғасы – жылдар бойы көнеріп, бұзылған бөгеттерді жөндеп, құмығып жатқан өзектердің аршылуы болғаны белгілі.

 

Өңірде «Тасшағыл», «Алтықұдық», «Құржем», «Мойнақ», «Қосжан түбек» және «Піл (Аққұдық)» бөгеттері толық қалпына келтірілді. Жем аз-кем тасыса да ылғалы және күзгі сулар алқаптарға шығып үлгеріп, сегіз жылдан бері қаңсып жатқан Қарашағыл, Ащыкөл, Бақшакөлге құйды. Төрт түлік малдың аузы көкке тиді. Аудан әкімі Мақсым Ізбасов қатысқан есепті жиында село тұрғындары атынан ардагер Жылқайдар Шегіров жасалып жатқан жұмыстар үшін ризашылық сезімдерін жасыра алмады. «Ақтөбе жақта қар қалың түскені турасында хабар жетіп жатыр, бұйырса, Жем арнасы шүпілдеп суға толатынына малшы да, егінші де қуана үміт артып отыр» деді ол.

Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК – АЛҒЫ КЕЗЕКТЕ

Азаматтарға әлеуметтік жағдайына қарай көмек беру тек заң шеңберінде ғана жүзеге асады. Бұл жөнінде тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, оларға қолдау көрсету мақсатында «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалында өткен қоғамдық қабылдау барысында кеңінен айтылды.

Читать далее »

ЖЕР ТЕЛІМІН СҰРАУШЫ КӨП

Жуырда «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Сләмғали Смағұлов тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға келген Нұрлыгүл Дүйсенова – жеке кәсіпкер. Тегершік жөндеу шеберханасы құрылысын жобалау және салу үшін Атырау – Еркінқала тас жолы бойынан 0,0217 га жер учаскесі өткен жылдың қыркүйек айында бөлінген екен. Алайда, картада көрсетілген жер телімін белгісіз біреу қоршап алған. Бір қызығы, қоршаған кім екенін бірде бір құзырлы мекеме білмейді. Айтуынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша несие алғанына да 9 айдың жүзі болған. «Алған несиемді қалай игерем?» деп мазаланып жүргенін жеткізді.
«Құжаттарыңыз дұрыс рәсімделген, сіздің тарапыңыздан қателік жоқ. Мамандарды жіберіп, тексертемін. Егер, аталмыш жер расымен қоршаулы болса, осы мәселені жер инспекциясына жолдаймыз. Қоршал- ған жерді босаттыру – тікелей жер инспекциясының құзырында» деген бөлім басшысының орынбасары бір апта көлемінде мәселенің анық-қанығын шешетінін айтты.

Читать далее »

ӨНІМ САПАСЫ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Жуырда облыстық әкімдікте облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалығымен технологиялық реттеу және метрология жүйесі мәселелері бойынша аймақтық кеңес отырысы өтті.

Оған ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Технологиялық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов, Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты, Қазақстан метрология институты, Ұлттық аккредитация орталығы, өңірдегі мекемелер және зертханалар басшылары қатысты.

Читать далее »

САНДЫҚ ТЕЛЕДИДАРДАН – САПАЛЫ КӨРСЕТІЛІМ

сапалы  көрсетілім

Бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанындай, өткен жылдың 20 желтоқсанында атап өтілген ұлттық Индустрияландыру күніне орай еліміздің барлық облыс орталықтарында сандық эфирлік теледидардың іске қосылғандығы мәлім. Мұның өзін уақыт талабы мен көрермен талғамына сай телехабар тарату жөнінде берілген Елбасы тапсырмасының жүзеге асырыла бастағандығының нақты көрінісі деп бағаладық.

Читать далее »

ДЕПУТАТ АТҚАРАР ЖҮК АУЫР

«Нұр Отан» партиясының қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Онда партияның депутаттық фракция құрамын өзгерту,  депутаттық фракция жұмыстарының 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын құрып, бекіту секілді мәселелер қаралды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші жартысына арналған депутаттық қабылдау кестесі нақтыланды. 

 

Бірінші мәселе бойынша, қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы депутаттық  фракция  мүшесі   Әмір   Ысмағұловты фракция мүшелігінен шығару және «Жергілікті өзін-өзі басқару» заңына сәйкес, депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қажеттігі айтылып, осыған орай, аумақтық сайлау комиссиясына ұсыныс берілді. Мұндай шешімге келу себептерін фракция жетекшісі Бақытгүл Хаменова былай түсіндірді.  Депутат Әмір Ысмағұлов мәслихаттардағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциялары туралы типтік ережені сақтамаған, яғни қалалық партия филиалы ұйымдастырған іс-шаралар мен өткізілген фракция отырыстарына, мәслихат сессияларына қатыспай, бекітілген кесте бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізбеген. 

Читать далее »

ТАЛАП ТА, ТӘРТІП ТЕ КЕРЕК

Елімізге әкелініп жатқан балалар ойыншықтарының 40 пайызы сертификатсыз өтетін көрінеді. Демек, бұл салмақты салаға байыппен, ой жіберіп 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін іске асыру жөніндегі кешенді жоспар жобасына тереңірек қарайтын кез жетті.

Читать далее »

ШҰҒЫЛА – «КҮНШУАҚ» ЖҮЛДЕГЕРІ

Қаладағы №24 орта мектептің оқушысы Шұғыла Елемесова Алматыда өткен республикалық «Күншуақ» фестивалінен бас жүлдемен оралды. Вокал жанры бойынша қатысып, бағын сынаған он жастағы Шұғыла бұған дейін бірнеше білім сайыстарында да жеңімпаз атанған.

Читать далее »

АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ ДА ҚОЛДАУ КҮТЕДІ

Елбасының халыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын Жолдауы, мұндағы басым бағыттар, жүктелген міндеттер Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингтердің басты тақырыбына айналып тұр. Кеше журналистермен жүздескен ҚР Азаматтық альянсының вице-президенті Салтанат Рахымбекованың әңгімесі де осы бағытта өрбіді. 

Брифинг қонағының айтуынша, биылғы Президент Жолдауы елдің зор қолдауына ие болуда. Өйткені, мұнда Қазақстанды әлемдегі көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосатын, алға жетелейтін жол, сол бағытта атқарылатын жұмыстар көрсетілген. Осы орайда альянстың вице-президенті ғылым мәселесіне айрықша тоқталды. 

Читать далее »