Жаңалықтар

ЖАҚСЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСЫ

Еліміздің батыс аймақтарында, әсіресе, Атырау, Маңғыстау облыстарында тегіс, Орал, Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде наурыз айының 14-інен «Көрісу» дәстүрі  басталады. Еліміздің кейбір жерлерінде оны «амал» деп те атайды.   

Читать далее »

АРУЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР

Ел Президенті басты назарда ұстап отырған ана мен балаға деген қамқорлықтың нәтижесінде әлеумет әл-ауқаты жақсарып, демографиялық ахуалда айтарлықтай өсім байқалып келеді. Көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне орай, Махамбет атындағы қазақ драма театрында болып өткен салтанатты жиын барысында барлық нәзікжандыларды құттықтап, жылы лебіздерін жолдаған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өз сөзінде өткен жылы өңірімізде 16 318 сәбидің дүние есігін ашқанын атап өтті. «Сондай-ақ, былтыр мыңның үстінде балабақша орны ашылса, биыл оның саны үш еселенеді деп күтілуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға сапарында бала тәрбиесінің негізі үш пен алты жас аралығында қаланатынын айтқан еді. Демек, мұндай игілікті жұмыс жалғасын таба береді» деп мәлімдеді аймақ басшысы.

Читать далее »

ӘН – КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ

Атырау қаласындағы «Жастар» мәдениет сарайында вокалды топтардың арасында бірінші рет облыстық байқау өткізілді. Оған қала, аудандардан құрылған 16 ұжымдық топ қатысып, өнерлерін ортаға салды. Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған бұл іс-шараның мақсаты – әншілердің өнерін насихаттап, халыққа кеңінен тарату, шығармашылығына қолдау көрсету.

Читать далее »

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫ БАР АЙДАЙ СҰЛУ…

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, облыстық білім беру басқармасы, «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» облыстық филиалы, «Атырау әйелдері» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен колледждер студенттерінің арасында алғаш рет «Айналайын қазақтың қыздарын-ай!» атты байқау өтті. 

Байқауға сыр мен сымбаты, ұлтжандылығы, ақылы мен көркі, шеберлігі бір басына жетерлік 16 мен 20 жас аралығындағы он алты ару қатысты. Олар «Өнерліге өріс кең», «Ақылмен ойлап сөйлемек...», «Менің таңдаған мамандығымның болашағы» атты шарттардан өзін таныстыру, өнерін ортаға салу, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беру, болашақ кәсіби мамандығына сай киім үлгісін көрсету сияқты тапсырмаларды орындады. 

Читать далее »

СЕГІЗДІК – ШЕКСІЗ БАҚЫТ БЕЛГІСІ

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әкімшілігі көмекке мұқтаж, аз қамтылған, көп балалы, өздері не балалары мүгедек аналарды үйлеріне барып құттықтады.      

Бірінші топ мүгедегі Нұрзила Исламғалиева, екінші топ мүгедектері - Жібек Айдарова, Фаруза Хисметова, «Алтын алқа» иегерлері - Гүлсара Қалиева, Ұлдай Қожықова, үшінші топ мүгедегі Орынша Тілеуімбетовалар осынау мерекеде үйлеріне басқарма басшысының орынбасары Полымбет Хасанов бастаған топтың арнайы барғанына, азды-көпті сый-сияпат табыстағанына дән риза болды. 

Читать далее »

40 АНАҒА – 40 ТОРТ

Ана қай жерде де, қандай жағдайда да - ана. Ал, бауырында балалары бар мүгедек аналардың тағдыры тіптен ерекше. Себебі, олар да дені сау, қызметі бар, қомақты табыс тауып жүрген аналардай балаларын бағып, оқытып, қатарынан кем қылғылары келмейді. Әттең, осының бәріне олардың дәрмені келер ме?..

Читать далее »

ГҮЛ СЫЙЛАСА БОЛҒАНЫ…

Мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесінде еліміздің демографиялық ахуалы өте қалыпты. Ұжымдарға жетекшілік етіп жүрген қыз-келіншектеріміз жеткілікті.  Өзім де солардың бірімін. 

Мен қызмет істейтін «Атырау-Энергосату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде негізінен қыз-келіншектер жұмыс жасайды. Олар қысы-жазы әр үйді аралап, бәрінің жарықпен және жылумен сенімді қамтамасыз етілгенін қадағалайды. Алдымыздағы мереке күні де тыным таппайтындар – осы нәзікжандылар. 

Читать далее »

ӘЙЕЛДЕРГЕ – АЯЛЫ АЛАҚАН

Бүгінде қыз-келіншектердің қолынан келмейтін іс жоқ. Олар саясатқа да, кәсіпкерлікке де араласып, бала тәрбиесімен қатар, үй шаруасын да дөңгелентіп отыр. Нәзік жандыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек те, қолдау да аз емес. Десек те, әлі де оларға жан-жақты көңіл бөлу қажет. Бұл жөнінде әйелдер мерекесі қарсаңында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен қоғамдық талқылау барысында айтылды. 

 

Саяси партия филиалдарының жетекшілері, әкімдік пен денсаулық сақтау қызметкерлері және әлеуметтік жағдайы төмен әйелдер қатысқан жиында ана мен балаға қамқорлықты босаңсытпау керектігі сөз болды. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев бала күтімінде отырған аналар мемлекет тарапынан қосымша көмектер сұрап, қоғамдық қабылдауға жиі келетінін айтты. 

Читать далее »

ШЫНАЙЫ ДІН ДӘСТҮРМЕН САБАҚТАС

Бүгінгі дін ұстанушылардың басым көпшілігі - жастар. Сондықтан, теріс ағымдардан, әсіресе, мектеп оқушыларын сақтандыру өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен семинар барысында осы мәселе талқыға салынды. 

«Дәстүрлі діндердің қай-қайсысы да әр ұлттың өткенін, дәстүрін ешқашан жоққа шығармайды. Жастарымыз осыны түйсінуі керек. Сол себепті де, баланы жасынан дәстүрлі діни ұстанымға берік болуға тәрбиелеу маңызды», - деп атап өтті семинар барысында сөз алған облыстық дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шоқаев.

Читать далее »

ТЕОЛОГ МАМАНДАР ДӘРІСІ

Skype жүйесі арқылы таралады

Бұған дейін облысымызда теолог мамандардың тапшылығы, олардың шалғай аудандарға, елді мекендерге ат ізін салуы елеулі қиындықтар тудыратын. Әсіресе, боранды бұрқасын, сақылдаған қыс кезеңдерінде солай болды. Бұл ретте жылыойлық жамағаттардың атыраулық Ерсін Әміре, Ерғали Алпысбаев, Қанат Жұмағұлов сынды теолог мамандарды  асыға күткенінің талай куәсі болдық.

Читать далее »