Жаңалықтар

ЖАРЫҚ ТА, ЖЫЛУ ДА ЖЕТКІЛІКТІ

Атырауда  энергетикалық  қуаттарға  тапшылық  жоқ

Өткен жылғы желтоқсанның соңғы күндерінің бірінде облыс әкімі  Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау жылу-электр орталығында болды. Мақсат – алдымыздағы қытымыр қыста өңір тұрғындарының электр және жылу энергияларымен жеткілікті қамтылуына көз жеткізу. Аймақ басшысы қалыптасқан ахуалға қанағаттанғандық танытты. Бізде энергетикалық қуаттарға тапшылық жоқ, бәрі де жеткілікті. Соңғы жылдары жүзеге асырылған жаңа инвестициялық бағдарламалар нәтижесінде іске қосылуы күтілетін тың ғимараттарды да қамтуға мүмкіндік бар.

Читать далее »

АЯЗ АТАНЫҢ СЫЙЫ

Дәстүрлі «Аяз атаға хат» акциясы биыл да жалғасын тапты. Арманшыл балалар өз өтініштерін жазып, хат жолдаған болатын. Облыстық әкімдік пен «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Аяз ата мен Ақшақар жолға шығып, балғындардың қалауын өз үйлеріне жеткізіп берді. 

Читать далее »

БАС АЛАҢДАҒЫ ОТ-ШАШУ

Жылқы жылын шығарып салу мен Жаңа қой жылын қарсылау Атырау қаласында айтарлықтай дәрежеде өтті. Бұл күні қала қонақтары мен тұрғындары облыс орталығындағы Исатай-Махамбет алаңына қарай ағылды. Жетектеген немере, көтерген жас баламен жүрген жұртта тіпті есеп жоқ.

Читать далее »

ҚАРТТАРҒА – АЛДЫМЕН ҚАМҚОРЛЫҚ!

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдері 9 пайызға көбейді. «2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін белгіленген уәкілетті ұйымның зейнетақы төлемдерін арттыру, барлық зейнетақы алушыларға, соның ішінде әскери қызметте қызмет атқарғандарға, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берілген, біліктілік сыныбы бекітілген мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға алатын зейнетақы төлемінің 9 пайызы көлемінде жүргізілсін», - делінген қабылданған заңда.

Читать далее »

ЖЫЛДЫҢ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМЫ: МАҚСАТ – ОРТАҚ, МІНДЕТ – АЙҚЫН

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды реформалау туралы Жарлығы қабылданды. Соған сай, қаржы полициясы таратылып, Қаржы министрлігінің салық және кеден комитеттері біріктіріліп, жаңа Мемлекеттік Кірістер комитеті құрылды. Бұл комитетке қаржы полициясының экономикалық заң бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және болдырмау, сонымен қатар «көлеңкелі» экономикамен күрес функциялары берілді.

Читать далее »

САЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Биылғы жыл басында Салық кодексіне біраз өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Талай мәрте талқыға түсіп, халық қалаулылары мен жұртшылық арасында қызу пікірталас алаңына айналған өзгешеліктер туралы Атырау облысы бойынша Салық департаменті мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен семинарға салық төлеушілер көптеп жиналды.

Читать далее »

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ!..

Облысымызда ардагерлерді құрметтеу, оларға көмек көрсету –дәстүрге айналған игі шаралардың бірі. Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерін қабылдады.

Читать далее »

ОЛАР – ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ САРБАЗДАРЫ

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 70 жылдай уақыт өтті. Бұл жеңіс – халқымыздың өшпес ерлігі мен ерен еңбегі. Атаулы мерекені тойлау еліміздің әр өңірінде басталып та кетті. Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қан майданда от кешіп, ерлік пен қайсарлықтың арқасында жеңісті жақындатуға үлес қосқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Орынғали Қарасаевты, Анна Захарованы және Айдын Айбаровты қабылдап, Елбасының атынан сый-сияпат тапсырды.

Читать далее »

ЕЛДІҢ СӘНІ – ҚЫЗДАРМЕН!

Келе жатқан жаңа Қой жылы қарсаңында қаламыздағы «Ренессанс» қонақ үйінде «Атырау іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен Гендерлік бал өтті. Оған аталған қауымдастықтың мүшелері - қызметте де, қоғамдық жұмыстарда да алда келе жатқан қыз-келіншектер мен гендерлік саясатты терең түсініп, соған қолдау көрсетіп жүрген азаматтар қатысты.

Читать далее »