Жаңалықтар

ҚАРТТАРҒА – АЛДЫМЕН ҚАМҚОРЛЫҚ!

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдері 9 пайызға көбейді. «2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін белгіленген уәкілетті ұйымның зейнетақы төлемдерін арттыру, барлық зейнетақы алушыларға, соның ішінде әскери қызметте қызмет атқарғандарға, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берілген, біліктілік сыныбы бекітілген мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға алатын зейнетақы төлемінің 9 пайызы көлемінде жүргізілсін», - делінген қабылданған заңда.

Читать далее »

САЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Биылғы жыл басында Салық кодексіне біраз өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Талай мәрте талқыға түсіп, халық қалаулылары мен жұртшылық арасында қызу пікірталас алаңына айналған өзгешеліктер туралы Атырау облысы бойынша Салық департаменті мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен семинарға салық төлеушілер көптеп жиналды.

Читать далее »

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ!..

Облысымызда ардагерлерді құрметтеу, оларға көмек көрсету –дәстүрге айналған игі шаралардың бірі. Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерін қабылдады.

Читать далее »

ОЛАР – ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ САРБАЗДАРЫ

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 70 жылдай уақыт өтті. Бұл жеңіс – халқымыздың өшпес ерлігі мен ерен еңбегі. Атаулы мерекені тойлау еліміздің әр өңірінде басталып та кетті. Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қан майданда от кешіп, ерлік пен қайсарлықтың арқасында жеңісті жақындатуға үлес қосқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Орынғали Қарасаевты, Анна Захарованы және Айдын Айбаровты қабылдап, Елбасының атынан сый-сияпат тапсырды.

Читать далее »

ЕЛДІҢ СӘНІ – ҚЫЗДАРМЕН!

Келе жатқан жаңа Қой жылы қарсаңында қаламыздағы «Ренессанс» қонақ үйінде «Атырау іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен Гендерлік бал өтті. Оған аталған қауымдастықтың мүшелері - қызметте де, қоғамдық жұмыстарда да алда келе жатқан қыз-келіншектер мен гендерлік саясатты терең түсініп, соған қолдау көрсетіп жүрген азаматтар қатысты.

Читать далее »

БАЛҚҰДЫҚТА – ЖАҢА МЕШІТ

Алыстағы Балқұдық ауылында бір мезгілде 120 үмбет намазға тұратын жаңа мешіт пайдалануға берілді. Оны сол жердің азаматы, жергілікті кәсіпкер Самат Төлегенов салып берді. «Құрылыс жұмыстары екі жылға созылған бұл Алла үйінің осынша кеш берілуі оның орналасу нүктесінің облыс, аудан орталығынан қашық және жолының тым нашарлығынан», - дейді кәсіпкер.

Читать далее »

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫНДА – ЖАҢА БАСШЫ

Бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғанындай, ағымдағы жылдың маусым айында ҚР-ның «Кәсіптік одақтар туралы» заңы қабылданып, оған жалғаса республикалық кәсіподақтар федерациясының кезекті съезі өткендігі белгілі. Жаңа заң талаптары мен форумда алынған шешімдерге сай кәсіподақ ұйымдарын басқару органдарында құрылымдық өзгерістер болғандығы да мәлім.

Читать далее »

ҚАРЖЫНЫ ҰҚЫПТЫ ЖҰМСАҒАН ҰТЫСҚА ШЫҒАДЫ

Кеше Атырау қалалық мәслихатының кезекті ХХХ сессиясы өтіп, мұнда барлығы 9 мәселе қаралды. Соның бастысы, 2015-2017 жылдарға арналған қала бюджеті еді.

Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақсот Ғалымовтың баяндауынша, 2015 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің болжамы 59,1 млрд. теңге сомасында белгіленді. Кірістің денін салық түсімдері құрайды. Ал, жергілікті бюджет шығыстарының көлемі 62,1 млрд. теңгенің шамасында.

Читать далее »

ЭСТРАДАЛЫҚ ОРКЕСТР ҚҰРЫЛДЫ

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония басшылығы Атырау облыстық мәдениет басқармасымен біріге отырып, таяуда эстрадалық оркестр құруды қолға алыпты. Әрине, бұл жолда қиындық пен кедергілер кездеспей қалған жоқ. Ең қиыны –  мамандарды табу болды.

Читать далее »