Жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ

Толассыз жаңбыр салдарынан су басқан аумақтардағы үйлерден адамдар қауіпсіз жерлерге шығарылып, қала мектептеріне орналастырылды: №2, №27, №30, Абай атындағы орта мектеп (Балықшы) және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатына.

Читать далее »

«ӨМІРЗАЯ» АДАСҚАНҒА АҚЫЛ БЕРЕДІ

Тура жолдан тайып, теріс діни идеологияның шырмауында жүрген азаматтарға жөн сілтеп, жол көрсететін, жастарға ақ пен қараның ара жігін ажыратып беретін шығармалар, өнер туындылары өте қажет. Қоғамның дін саласындағы дертті мәселесін қозғаған «Өмірзая» көркем фильмінің өмірге келуі – қуанарлық іс. Діни бағыттағы тың туынды еліміз бойынша тұңғыш рет Атырауда түсіріліп отырғанын ерекше атап өткен жөн. Тұсауы кесілген бес бөлімнен тұратын фильмнің Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында алғашқы көрсетілімін тамашалаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ оған оң бағасын берді. 

Читать далее »

«ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР КӨМЕКСІЗ ҚАЛМАЙДЫ»

Облыс әкімі облыстағы табиғи жағдайға байланысты арнайы брифинг өткізді 

Атырауға нөсерлетіп жауған жауынның жергілікті атқарушы билікке де үлкен сын болғаны шын. Дегенмен, жедел әрекет етіп, ұтымды ұйымдастырудың арқасында қиындық өз уақытында шешімін тауып отыр. Кеше облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов журналистерге табиғи құбылысқа байланысты қазіргі жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. 

Читать далее »

КЕШ ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ АРНАЛДЫ

Миллиондаған боздақтың қанымен, ұмытылмас ерлігімен келген Ұлы Жеңіс күні – қасиетті күн. Кеше Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында осынау айтулы мерекеге орай салтанатты шара өтті.

Читать далее »

ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!

Әлем тарихында ойып тұрып орын алар ерекше күн – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

Ұлы Жеңіс – барша соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.

«Атауыздығымен су ішіп, ер етігімен қан кешіп» өткен, Отан үшін отқа түскен ерлік пен елдіктің өшпес айғағы.

Аға ұрпақ өкілдері бізге бүгінгі бейбіт өмір мен баянды болашақ сыйлады.

Сол қасиетті де қастерлі оқиғадан бері талай ұрпақ жаңғырып, заман жаңарды десек те Ұлы Жеңістің жанары алмастай жарқырап, айбыны арта береді.

Өшкеніміз жанып, ортамыз толған Тәуелсіздік тұғыры нық бекіген тұста да кешегі өздеріңіз жасаған ерлік ұлағаты әрдайым жадымызда сақталады.

Сіздерге бүгінгі жас ұрпақ бойына үлгі боларлық Отан, туған ел, патриотизм сынды бейнелі сезімдерді қалыптастырғаныңыз үшін мың мәрте алғыс білдіремін. 

Алдағы күндерде Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, жақсылықтар мен сәттіліктер тілеймін.

Читать далее »

«ЕСТЕЛІК ҚАБЫРҒАСЫ» – БОЗДАҚТАР ҮШІН!

Облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов, «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары Мерген Қапашев және қорғаныс жөніндегі департаменттің өкілі Марат Ізмағамбетов Атырау коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатының кезекті қонақтары болды. Басқосуда Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні әңгіменің арқауына айналды.

Читать далее »

МАЙДАНГЕРЛ ЕРЕСІМІ – ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАДА

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында ынтымағы мен бірлігі жарасқан көпұлтты Сарытоғай ауылында ұрпақтар атынан  «Ерлікке – тағзым» ескерткіш тақтасы салтанатпен ашылып, барша ауылдастарды шексіз қуанышқа кенелтті.

Читать далее »