Жаңалықтар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Жуырда Атырау облысында ветеринария мәселелерімен айналысатын жаңа басқарма құрылған болатын. Айта кетсек, мұндай басқарма еліміздің тек бірқатар аймақтарында ғана бар. Мұның өзін облыс басшылығының мал  шаруашылығын дамыту, соның ішінде, мал басын көбейтуге деген ұмтылысынан туған игі қадамы деп білген жөн.

Читать далее »

БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ЖАҢАЛЫҒЫ

Азаматтық хал актілерін тіркеу жергілікті атқарушы билікке берілді

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың қатысуымен болған басқосуда үстіміздегі жылдан бастап азаматтық хал актілерін тіркеу жергілікті атқарушы билікке берілгені айтылды. Елбасының осы орайдағы Жарлығын тиісті құрылымның орындау үстінде екендігін ҚР Әділет министрінің орынбасары Бағытжан Әбдірайым жеткізді.

Читать далее »

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН

Облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырып отырған «Ерлік даңқы» атты жобасының мақсат-мүддесімен танысып, кешегі өткен сұм соғыста қаза тапқан жауынгерлеріміздің есімін ұлықтау жолындағы игі бастамасын ерекше қуанышпен қабыл алып отырмыз.

Читать далее »

ОН СЕГІЗДЕ ОТ КЕШТІК

Біздің тарих қасіретті де қасиетті. Сол үшін ол бізге қымбат. Себебі, біздің бүгініміздің болашағын кешегі сол қан майдан шешті. Ал, сол 1941- дің қырғынында от пен оқ кешіп, бүгінгі сәулелі күнді сыйлаған сол жылдардағы сарбаздар, қазіргі батыр ардагерлер күн санап сиреп барады. Көзі тірісінде оларды ұлықтап, кейінгі ұрпаққа  үлгі ету – парыз.

Читать далее »

БІЗ МӘСКЕУДІ ҚОРҒАДЫҚ

Ол бір қиын-қыстау заман еді. Мектепті бітірген жылы Гурьев қаласындағы әскери училищеде курсанттыққа оқып, оны бітірер-бітірместе Мәскеу терістігіне қорғаныс шебіне алып кетті. Бірақ біздің бойымызда қорқыныштан бұрын, «жау қолынан жерімізді азат етсек екен» деген арман-тілек басым болды. Мәскеу маңындағы қорғаныс шебі ол кезде белгілі бір деңгейде шешуші рөлі атқарған еді. Шығын да көп болды. Бірақ, біз жауынгерлік міндетті бұлжытпай орындадық. Кейін бізді Ленинград майданына алып кетті. Жеңіс туының желбірегенін біз сол майданда естідік.

Читать далее »

МӘҢГІЛІК РУХ

Отанды қорғау – қасиетті борыш. Тіпті, күллі мұсылман атаулының жол сілтер бағдаршамына айналған Құран Кәрімде де Отанды қорғау басты міндет ретінде көрсетіледі. Демек, Ұлы Отан соғысы жылдары бес қаруын асынып майданға аттанған жауынгерлеріміз нендей құрметке де лайық.

Читать далее »

ОҚЫРМАНҒА АРНАУ

Әлем тарихына ең қанқұйлы деген атпен енген Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, Ұлы Жеңіс туының желбірегеніне биыл жетпіс жыл толып отыр. Миллиондардың қанымен келген Жеңістің тарихи маңызын бағалап, қадір-қасиетін дәріптеу, халқымыздың өшпес ерлігіне тағзым ету – біздің қасиетті борышымыз, азаматтық парызымыз. Осыған орай, облыстық «Атырау» газеті «Ерлік даңқы» қосымшасын ұйымдастырып отыр.

Читать далее »

САРБАЗДАР САПЫ ОСЫНДА ДА ДАЙЫНДАЛДЫ

Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан үшін жаяу әскердің кіші командирлерін дайындау ерекше қажеттілікті тудырды. Соғыс жылдары Қызыл Армияның офицерлер корпусының кіші лейтенант құрамын дайындау өте қиын жағдайларда жүргізілді. Өйткені, елдің көптеген бөлігін уақытша жаулап алған территориялардан ірі өнеркәсіп орындарымен бірге әскери училищелер де тылға көшірілді. Мысалы, Шымкентке Чугуев әскери ұшқыштар училищесі, Оралға Одесса жаяу әскер училищесі, Ақтөбеге 2-ші Бердичев жаяу әскер училищесі орналасты.

Елдің басына қауіп-қатер төнген 1942 жылы Атырауда жаяу әскер командирлерін даярлайтын училище ашылды. Училищенің негізгі міндеттерінің бірі  майдан үшін кіші командирлер құрамын дайындау  болды.

Читать далее »

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова БҰҰ тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПФ)  Орталық Азия бойынша офисінің директоры Николай Ботевпен кездесті. Кездесуге аталмыш қордың Қазақстан Республикасындағы атқарушы өкілі Р.А.Сисемәлиев, сонымен қатар Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрайымының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ тұрғын халық саласындағы қорының Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен ...

Читать далее »