Жаңалықтар

АРЗАН ЕҢБЕК КҮШІ

оны  пайдаланудың  да  заңдылығы  бар

Жуырда облыс көлемінде «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткен болатын. Оның қорытындысы туралы журналистерге облыстық Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқарма бастығының орынбасары Болат Досқалиев айтып берді.

Читать далее »

ЖАҢА ЕРЕЖЕНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ НЕДЕ?

Атырау облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракция мүшелері жаңа ережемен танысты. «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалында өткен фракция отырысында осы жылға арналған жұмыс жоспарымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары да нақтыланды. 

Читать далее »

АТЫРАУДАҒЫ ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ

Ақсай ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекенінде «Жеміс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шұжық өнімдерін шығаратын жаңа цех ашып, өз жұмысын бастады. Отандық кәсіпорынның салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Амантай Айтбаев арнайы келді. Атыраулық тұтынушыларды таза да сапалы өніммен қамтамасыз етуді қолға алған серіктестіктің құрылтайшысы – Исатай Батырбаев.

Читать далее »

АУРУХАНАЛАРҒА – ЖАҢА ЖАБДЫҚ

Бүгінде облысымыздағы ауруханаларда жүрек-қан тамырлары ауруын емдеудің озық әдістері мен аппараттары қолданылуда. Әсіресе, науқастардың инфаркт жағдайын дәл және тез анықтау үшін қан құрамын экспресс талдау тәсілінің алар орны ерекше.

Читать далее »

«ДЕНДЕР» – ДІЛДІҢ ДАУАСЫ

Тарихы бай, дәстүрі берік «Дендер» газетінің 8000-шы саны жарыққа шыққалы тұр. Сегіз мың белес. Сегіз мың жүздесу. Сегіз мың сырласу. Бұл басылым осы уақыт ішінде шежірелі өңірдің шынайы жылнамасына айналды. Бұдан сексен бір жыл бұрын газеттің алғашқы санына қол қойған Ғабді Аманғалиевтен бүгінгі бас редактор Жанай Амантурлинге дейінгі басшылардың қай-қайсысы да «Дендердің» рухын көтеріп, шығармашылық сапасын арттыруға елеулі үлес қосты. Қаламгерлер арасында өзіндік орны бар Теңдік Жауыров, Қойшығұл Жылқышиев, Ерсайын Көшеков, Қуандық Батыров сынды танымал журналистердің осы ұжымнан түлеп ұшқаны біраз нәрсені аңғартса керек.

Читать далее »

СЕГІЗ МЫҢЫНШЫ НӨМІР – СЕГІЗ МЫҢЫНШЫ ЖҮЗДЕСУ

Күні кеше ғана сексен жылдық мерейтойын атап өткен Индер аудандық «Дендер»  газеті бүгінде замана үнімен үндесіп, жергілікті жердің жылнамасына айналып отыр. Басылымда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, күнделікті тыныс-тіршілігі кеңінен көрініс тауып келеді.

Читать далее »

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕС!..

2,2 миллиард теңге! Жергілікті бюджетке тиесілі осындай қаражатты  құйтырқы  жолмен жымқыру операциясы сәтсіз аяқталды. Атырау облысы прокурорының орынбасары Серік Шалабаевтың мәліметінше, Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде орын алған бұл сәтсіз іс «қаланы жасылдандыру» деген атпен жүзеге асыпты. «Бүгінде аталмыш мәселе бойынша заңсыз жүргізілген мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылып, комиссия мүшелері жемқорлық фактісімен жауапқа тартылды» деп атап өтті ол.

Читать далее »

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ!

Ардагерлер қандай құрметке де лайық. Соғыс және  еңбек ардагерлеріне ел алдында құрмет көрсету – аға буынның ерен еңбегін бүгінгі ұрпақтың елеусіз қалдырмайтындығының бір жарқын көрінісі.

Читать далее »

БІЛІКТІ ДЕ БІЛІМДІ МАМАН – ЕЛ ТІРЕГІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауында жастардың білімді де, білікті маман болып шығуы үшін оқу орындары алдына үлкен міндеттер қойды. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында жоғары және арнаулы оқу орындарының материалдық-техникалық, оқу-тәрбие базалары жан-жақты білім беруге даяр, сақадай сай болуы тиіс. Бұл мәселе біздің Атырау қаласында қандай дәрежеде?

Читать далее »