Жаңалықтар

БАСПАНА – БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Қаламызда баспанаға зәру болған тұрғындар саны әлі де болса азаймай тұр. Әсіресе, әлеуметтік әлсіз топтағы тұрғындар үшін бұл басты мәселеге айналған. Атырау қаласы әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ өткізген қоғамдық қабылдауға келген тұрғындарды да мазалаған осы тұрғын үй  мен жер мәселесі болды.

Читать далее »

ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

Мектеп бітіруші шәкірттер алдында жауапкершілігі жоғары кезең тұр. Ол – ҰБТ емтиханы. Осы орайда мектеп бітірушілерге кәсіптік бағдар беру және ҰБТ тапсыру кезіндегі қалыпты психоэмоциялық көңіл-күйді сақтау, өзін-өзі ұстауға бағытталған кеңес беру, оқушыларға қазіргі кездегі сұранысы жоғары мамандықтарды түсіндіру үшін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Ашық есік» күні өткізілді.

Читать далее »

АТЫРАУЛЫҚ ЕМХАНА – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Республикалық стандарттау орталығы рейтингілік көрсеткіштер бойынша ең үздік емханаларды атады. Мемлекет бойынша үздік үштік емдеу орындарының қатарына Атырау қалалық №7 емханасы да енді.

Читать далее »

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ

Кеше Махамбет атындағы қазақ драма театрында «Ынтымақ пен бірлік — Мәңгілік ел тұғыры» атты қала мен аудандардың мәдениет күндері аясында Құрманғазы ауданының өнерпаздары сахна төріне шықты.

Читать далее »

ЖҰМЫСШЫ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

Мұнай және газ өнеркәсібі кадрларын даярлайтын Атыраудағы өңіраралық орталық – APEC Petrotechnic колледжінде «Мамандыққа кіріспе – алғашқы жұмысшы мамандығын алу» жобасы бойынша ұйымдастырушылар мен шетелдік серіктестердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Читать далее »

БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ ДҮБІРІ

Биыл республикалық деңгейдегі бірқатар жарыстарды мұнайлы өлке – Атырауда өткізу жоспарланған. Соның бірі дзюдо күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты кеше «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде басталды. 

Читать далее »

ЗАҢДЫ БҰЗУ БІЛМЕГЕННЕН БЕ?

Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалында семинар өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арналған басқосуға негізінен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері қатынасты.

Читать далее »

«БАЛАЛАР ҮЙІНЕН» – АЯЛЫ АЛАҚАНҒА!..

«Бала – адамның бауыр еті». Тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, түн ұйқысын төрт бөліп, өмірінің соңына дейін қорған болған ананың әлемдегі ең басты тірегі мен мәні де – бала. Сондықтан да шығар, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның биылғы алғашқы отырысының бірінші мәселесі осы тақырыпқа арналды. Комиссия отырысын аталған комиссия төрайымы, облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева жүргізіп отырды.

Читать далее »

ТАСҚЫННАН ҚАУІП ЖОҚ

Кеше облыс әкімінің орынбасары - облыстық төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында биылғы көктемгі су тасқынын апатсыз өткізу және оған дайындық мәселесі талқыланды.

Читать далее »

ПЛЕНКАЛАР МЕН ҚАПТАР– ӨЗІМІЗДЕН

Келесі айдан бастап Атырауда алғаш рет полиэтиленді пленкалар мен полипропилен қаптары шығарылатын болды. «Полимер Продакшн» ЖШС бас директоры Ғабит Зәкәрия наурыз айының екінші онкүндігінде өнеркәсіп өндірісіне тәжірибе жасалатынын айтып, тауарлардың сапасы жоғары болатынына сендіріп отыр. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығын табысты аяқтаған мұнайлы өлкеде осылайша екінші кезеңнің де негізі қаланды.

Читать далее »