Жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы кеңсесінің басшысын қабылдады

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Агрис Прейманисті қабылдады. Кездесу барысында қос тарап та тиімді келіссөздер жүргізуге мүдделілігін жеткізді.

Читать далее »

Марат ЖЫЛАНБАЕВ: «Алдыма мақсат қойсам, жетпей қоймаймын»

Ол – есімі жеті мәрте Гиннестің рекордтар кітабына жазылған жалғыз қазақ. Адам мүмкіндігінің шексіздігін өз ісі арқылы дәлелдеп, шамамен 160 мың шақырымды жүгіріп өткен желаяқ. Әлемге әйгілі шөл далаларды шарлап, шашасына шаң жұқтырмаған спортшы. Ол туралы талай әңгіме-әфсаналар айтылған. Аты аңызға айналған марафоншы Марат Жыланбаев қазір қайда? Немен айналысады? Атырауға сапары барысында атышулы спортшымен аз-кем тілдесудің мүмкіндігі туған болатын.

Читать далее »

Атырауда жазғы демалыс лагері ашылды

Оқу жылы аяқталысымен ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесі толғандырады. Қазір жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің алуан түрі бар. Десек те, оқу мен тәрбиені, шығармашылық ізденіс пен сауықтыруды өзара ұштастыру арқылы оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттыратын заманауи орталықтар саусақпен санарлықтай. Осы орайда биыл «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының қолдауымен  Назарбаев Зияткерлік мектебінде ашылған жазғы демалыс лагерін ...

Читать далее »

Қате жасалған құжаттар

Атырау ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен тексеру комиссиясының аудит барысында заң бұзушылықтар мен кемшіліктерге кезігіп жататыны жасырын емес. Сол себепті олар облыс әкімінің тапсырмасы бойынша әр сала қызметкерлеріне іс барысын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алған.

Читать далее »

Латын әліпбиі – тіл реформасының бір сатысы

Рухани жаңғыру аясында жүзеге асуы тиіс негізгі мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу. Атырау қаласындағы №1-орталық кітапханада өткен «дөңгелек үстел» басында аталған тақырыпқа қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыға салынды.

Читать далее »

Атыраудағы тағзым ету шарасына саяси себеппен қудаланған үш боздақтың ұрпағы келді

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қаладағы мемориалдық тақтаға барып, гүш шоқтарын қойып, тағзым етті.

Читать далее »