Жаңалықтар

12 наурызда ауа райы қандай болады?

20170312spb-700x393

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, – деп хабарлайды  “Қазгидромет” орталығы. Синоптиктердің хабарлауынша, ертең, 12 наурызда еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын болады, оңтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын жауады. Қазақстан аймағының басым бөлігінде тұман түседі. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, дауыл болады. Ал, Батыс Қазақстанның кей жерлеріне тұман түсіп, Атырауда күн ала бұлтты болады.

Читать далее »

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

тт

Ұлттық экономика министрлігі биыл тұрғын үй бағасы қымбаттағанын мәлімдеді. Комитет мәліметі бойынша, ақпан айындағы көрсеткіш бойынша жаңадан салынған үйдің бір шаршы метрі 260 613 теңге тұрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 02, пайызға қымбат. Қазақстандықтар үшін жалдамалы тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есеппен 1335 теңгені құрайды, бұл 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда орташа есеппен 0,5 пайызға қымбат.  

Читать далее »

Польша ЖОО-лары Қазақстан азаматтарына оқу гранттарын ұсынды

польша

  Енді Қазақстандық азаматтар Польша университеттерінде тегін оқуға мүмкіндік алмақ. Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, 11 қазақстандық Польшада тегін оқи алады. “Польша Үкіметі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы 2016 жылғы 3 маусымдағы № 328 келісім шеңберінде поляк тілін бір жыл оқуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына бакалавриат (3 орын), магистратура (4 орын) және докторантура (4 орын) бағдарламалары бойынша ...

Читать далее »

Енді Біріккен Араб Әмірлігіне визасыз кіре аламыз

рн

Қазақстандықтар бүгіннен бастап БАӘ-ге визасыз кіре алады. 2018 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім қолданысқа енгізіледі. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағына кіру кезіндегі талаптар туралы хабарлады. 1. 2018 жылғы 10 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары визасыз негізде халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері ...

Читать далее »

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі жарияланды

photo_31244

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіткен болатын. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында іске асырылады. Сондай-ақ конкурстық іс-шаралар 2018 жылғы 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтеді. ...

Читать далее »

Алдағы 4 күн демалыста ауа-райы қандай болады?

ааааа

Синоптиктер 2018 жылдың 8-12 наурыз аралығындағы ауа-рай болжамын жария етті.  “Қазақстанда мереке және демалыс күндері көктемгі тұрақсыз ауа райы күтіледі. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы және шығыс өңірлерінде, жаңбыр басым, жауын-шашын, қатты жел, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метр күшейіп, температураның жоғарылауын шақыратын циклон, Каспийдің оңтүстік бөлігінде қалыптаса бастады. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 8-13, кейбір жерлерде 18, 15-20, кей ...

Читать далее »

Атырау облысының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

IMG-20180307-WA0041

Бүгін М.Өтемісов атындағы драма театрында 8 наурыз-Халықаралық əйелдер мерекесіне арналған  салтанатты шара өтті. Концертте өнер ұжымдары мен отандық эстрада жұлдыздары мен Д.Нұрпейісова атындағы халық аспаптары академиялық оркестрының музыканттары өнер көрсетті. Мереке қарсаңында өңір басшысы көп балалы аналарды марапаттады-Құрманғазы ауданының тұрғыны,мұғалім Гүлмира Ибрашева  “Алтын алқа”, Атырау қаласының тұрғыны, Анна Горбунова, мамандығы бойынша электрик “Күміс алқа” иегері атанды. Атырау облысының дамуына қосқан ...

Читать далее »

Наурыз мерекесіне орай қосымша пойыздар жүреді

1514954289_7dfd4f6ca316e5778b822b176715c58f_crop_l_5_t_0_w_1067_h_600_resize_w_520_h_

Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекелерінде жолаушы тасымалына деген сұраныстың күрт артуына байланысты қосымша пойыздар жүреді, деп хабарлайды«ҚТЖ-Жолаушы тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. «Тұлпар Тальго» вагондарынан құралған «Астана-1 – Алматы-2» бағдарының пойызы 2018 жылғы 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23 және 25 наурыз күндері, ал кері бағдармен 2018жылдың 12, 14, 16, 18, 20, 22 және 24 наурызы күндері жүреді. «Маңғыстау ...

Читать далее »

Теңізді түлеткен тұлға

1494993811_article_b_1500_

Конкурсқа      1995 жылы Теңіз кенішін алғашқы ашуға қосқан ерен еңбектері үшін бір топ ембілік мұнайшылар Республика Үкіметі қаулысымен  Мемлекеттік  сыйлық лауреаттары атағымен марапатталынды.  Олардың арасында Бөлекбай Сағынғалиев, Жолдасқали Досмұхамбетов, Құмар Балжанов, Мақаш Балғымбаев, Асабай Хисметов, Орынғазы Есқазиев, Болат Еламановтар бар еді. Ембі ойпатындағы мұнай өндірісінің ырғақты дамуына ондаған жылдар бойы маңдай терлі еңбектерін арнаған бұл азаматтардың қай-қайсысы да бұл ...

Читать далее »

Тіркеуге үйден шықпай-ақ тұруға болады

1111_0

Енді қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, мекен-жай бойынша онлайн тіркеле алады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық техно­логиялар» АҚ бас­қар­ма төрағасы Әсет Тұрысов Фейсбук әлеу­меттік желісіндегі парақшасында жария етті. 25 ақпаннан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелуі» қызметін автоматтандырдық. Егер бұрын азамат мекен-жай бойынша тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен бірге (ЭЦҚ) өтінішті толтырып, бұдан кейін қолға түскен құжатты «Азаматтарға ...

Читать далее »