Жаңалықтар

Атырауда екі басқарманың жаңа басшылары тағайындалды

whatsapp-image-2018-06-18-at-18.10.08-(2)

Облыстың ауыл шаруашылығы саласында құрылымдық өзгеріс болды. Облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы енді үш жеке мемлекеттік орган – ауыл шаруашылығы басқармасы, ветеринария басқармасы және балық шаруашылығы басқармасы болып қайта құрылды. Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыстық актив жиынында жаңадан құрылған басқармалар басшыларын таныстырды. Бұған дейін облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасын басқарған Мақсот Сайполұлы Мұқанов енді облыстық ауыл шаруашылығы ...

Читать далее »

Қазақстандықтар зейнетақы қорының негізгі қызметтерін үйден шықпай пайдалануға қол жеткізді

1527739367_4cb8b34a2e1e3f2c18af29be3bb74540_l

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға көрсететін негізгі қызметтерінің барлығын электрондық форматқа ауыстырды. 2017 жылы электрондық форматта көрсетілген операциялардың үлес салмағы сол жылы жүзеге асырылған барлық операциялардың 52 пайызын құрады. Осылайша отандастарымыз өздеріне қажетті негізгі қызметтерді үйден шықпай алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл оларға уақытты үнемдеуге жол ашты. Ал электрондық қызметтерді пайдалану бар болғаны бірер минутты ғана алады. Осы ...

Читать далее »

Бас прокуратура: Ютубтағы роликтерде Әбілязовтың ақшасына кәсіби актерлар жалданған (ВИДЕО)

20180216133949

ҚР Бас прокуратурасы әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағанын анықтады. Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады. «ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар ...

Читать далее »

«Кселл» Бұқтырма су қоймасындағы барлық демалыс орындарын мобильді интернетпен қамтамасыз етті

db6862ba-86ae-41d2-b8a9-d58341a85771

«Кселл» компаниясы Бұқтырма су қоймасының маңында 3G және 4G / LTE қолдайтын базалық станциялар орнатты. Ғаламтормен барлық негізгі демалыс орны қамтылды. Енді компания абоненттері жазда жоғары жылдамдықты мобильді интернетті пайдалана алады. Барлығы 6 жаңа станция орнатылды. Төртінші буын интернеті «Голубой залив» және «Айна» демалыс орындарының маңында қолжетімді болды. Үшінші буын интернеті «Мохнатка», «Аюда» және Жаңа Бұқтырма ауылдарында пайдалануға болады. «Осы ...

Читать далее »

Атырауда жаңа көше шамдарын арнайы диспетчерлік пункт қадағалайды

WhatsApp Image 2018-06-15 at 17.15.09

Атырауда жаңа орнатылған көше шамдарын арнайы диспетчерлік пункт қадағалайтын болады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бүгінде Атырау қаласы мен оның маңындағы елді мекендерге жарық шамдарын жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басынан бастап LED-шамдары іске қосылуда. Жаңа LED-шамдары энергия қуатын үнемдеуге көмектеседі. «LED-шамдарының ерекшелігі сол, оны қуат көзінің түсетін аумағына қарай азайтып немесе көбейтуге болады. Сондай-ақ, бұл шамдарды арнайы қадағалайтын диспетчерлік пункт ...

Читать далее »

«Цифрлық Қазақстан»: Бәсекелестікке бастайтын бағдарлама

????????????????????????????????????

«Ақылды қала» жобасы аясында Атырауда екі бірдей инновациялық жоба жүзеге асуда. Жобаның бірі – «Қауіпсіз қала». Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиында белгілі болды. «Атырау» архиві – сандық форматта  «Атырау» газетінің шыға бастағанына 95 жыл толу датасына орай, басылымның осыған дейінгі барлық архиві сандық форматқа көшіріліп, облыстық архив пен облыстық кітапхана игілігіне берілмекші. «Көшірмелер баршаға қолжетімді ...

Читать далее »

«Жасыл Ел» жасағының жұмыс маусымы ашылды

WhatsApp Image 2018-06-14 at 09.17.08

Атырау облысында “Жасыл Ел” жасағының жұмыс маусымы ашылды. Биылғы жылы студенттер мен жұмысшы жастардың саны 2150 адамға дейін өсті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. «Жасыл Ел» жасағының жұмысы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен өткізіліп жатыр. Ол жастарды жұмыспен қамтып қана қоймай, белсенділігін көтеруді мақсат тұтады. Биыл «Жасыл Ел» жасағының саны артқан. Былтыр ...

Читать далее »

Баймұханов көшесінің бір бөлігі жабылады

WhatsApp Image 2018-06-13 at 15.39.19

Атыраудағы С. Датұлы көшесі мен М. Баймұханов көшесінің қиылысынан (СМП-163) бастап, теміржол вокзалына дейін жол жабылады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. – Автокөлік жолы 14 маусым күні жабылмақ. Яғни, тек бір бағыттағы ғана (сарғыш түс) жол жөнделеді. Келесі бағыттағы жол ашық болып, мұнда көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Бір бағыттағы жол жөнделіп болғаннан кейін, келесісі жабылып, жөндеуден өткен соң түгел ...

Читать далее »

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

5ee14fbb64b6b7c0c0aee21216ff6a4f_XL

Синоптиктер 14-16 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті. Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ауа райы тұрақсыз болады. “Суық атмосфералық фронттардың әсерінен жел күшейіп, бұршақ жауады деп болжанады. Ауа температурасының ауытқуы сақталады. Батыс және солтүстік облыстарда температура нормадан төмен түсіп, оңтүстікте және шығыста 1…3 градус нормадан жоғары болады”, – дейді “Қазгидромет” РМК өкілдері.

Читать далее »

Атыраулық кәсіпкердің жобасы 100 мың доллар көлеміндегі сыйақыны иемденуі мүмкін

Screenshot_4

Атыраулық жас кәсіпкер Әзілхан Байбатыров «Өз кәсібіңді құр» бизнес-идеялар байқауының финалына өтті. Ол ұсынып отырған жоба пластикті жинау және қайта өңдеу арқылы құрылыс материалын алуды көздейді. Осылайша, 3000 үміткердің арасынан үздік 25 жобаның қатарына ілікті. Жеңімпазға 100 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалған. Қазір бизнесмен Атырау қаласында пластикалық қалдықтарды жинауға арналған 300 контейнер орнатып, 30 компаниямен келісім-шарт жасасты. Осы уақыт ішінде ...

Читать далее »