Жаңалықтар

250 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті

Atr. kz / 15 – ақпан. Кәсіби мемлекеттік жүйе, құзырлы органдармен қоғамның байланысы қандай деңгейде? ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған алқа мәжілісінде осы мәселелер қозғалды. Жаңаша форматта өткен жиынға мемлекеттік орган өкілдері ғана емес, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер де қатысып, көкейкесті сауалдарын жолдады. Ашық пікір алаңында ойларын айтып, ұсыныстарын жеткізді. ҚР ...

Читать далее »

Нұрлыбек Ожаев: “Біздің балаларымыз – инновациялар және идеялар ұрпағы”

Atr. kz / 14 – ақпан. Бұл туралы “Нұр Отан” партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев саяси ұйымның кезектен тыс конференциясында айтты. “Бүгінде өз дамуының белсенді кезеңіне қазақстандықтардың жаңа буыны – Z ұрпағы өкілдері кірді. Біздің балаларымыз – алдыңғылардан ерекшеленетін жаңа ұрпақ. “Зеттер” ақпаратты лезде меңгереді, сандық әлемде оңай бейімделеді және таңқаларлық инноваторлық қабілеттерін танытады. Бүгін олар ...

Читать далее »

“Жынымды келтірмеңізші” деген вице-министр журналистерден кешірім сұрады

Atr. kz / 13 – ақпан.  Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин тілшінің тарифке қатысты қойған сауалына өрескел жауап бергені үшін кешірім сұрады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысына сілтеме жасаған Sputnik. “Мен журналистерге қарата қатты айтқан сөзіме өкініш білдіремін. Иә, менің сөзім өрескелдеу болды. Сол себепті, журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Сұхбат беру мәселесіне келсек, ол жайлы ескерткенімдей, журналистерді қызықтырған ...

Читать далее »

Бауыржан Байбек көп балалы отбасыларға тұрғын үй көмегінің ерекше тәсілін ұсынды

Atr. kz / 13 – ақпан.    Көпбалалы отбасыларға баспананың алғашқы салымын субсидиялау керек. Бұл ұсынысты бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек айтты деп хабарлайды «ҚазАқпарат» .  «Аудан әкімдіктері мұқтаж отбасылармен кездесіп жатыр. Есепті кездесулерден маған мәліметтер, ұсыныстар түсіп жатыр. Айтылған мәселелерді талдау кезінде халық ішінде баспана мәселесінің өте өзекті екендігі белгілі болды. Тұрғындардың көпшілігінде жеңілдігі бар бағдарламаларға қатысу үшін бастапқы ...

Читать далее »

АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ЕСЕБІ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін жергілікті сағат 10.00-де Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы тұрғындар алдында есеп берді. Бірнеше сағатқа созылған жиында Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, алдағы міндеттер белгіленді. Назарларыңызға “Атырау” газетінің фототілшісі Ерлан Алтыбаевтың фоторепортажын ұсынамыз. ФОТО – ЕРЛАН АЛТЫБАЕВ

Читать далее »

«Ақылды қала»: 774 дана камера орнатылады

Atr. kz / 13 – ақпан.    «Ақылды қала» бағытында Атырау аумағында барлығы 759 бейнебақылау камералары қызмет жасайды. «Енді, көлік және логистика саласын цифрландыру мақсатында Атырау қаласының аумағында 51 көше қиылысына және 153 тіке жолдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде суретке түсіру және бейне жазбаға жазу ақпараттық кешенімен қосымша 774 дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр. Бүгінде конкурстық процедуралар өтіп жатыр» деп мәлімдеді Атырау қаласының ...

Читать далее »