Зарина – «Аstana Open» жеңімпазы

Жуырда Елордада ең ірі турнирлердің бірі саналатын «Astana Open-2018» шахмат фестивалі болып өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 312 шахматшы қатысты. Шаршы тақтадағы бұл сайыста Атыраудың намысын Зарина Нұрғалиева, Аят Абдоллаев, Абзал Әмірәлі, Ержан Жетпістер қорғады. Жарыс қорытындысында №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Зарина Нұрғалиева  10 жасқа дейінгі қыздар санатында турнир жеңімпазы атанды. Жас шахматшыны […]

Continue Reading

Елбасы Атырау xалқына алғыс білдірді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау халқын ресми түрде Астананың 20 жылдық мерейлі датасымен құттықтады. Сондай-ақ Президент мұнайлы өлке халқы атынан тарту етілген «Атырау көпірі» үшін жұртшылыққа ризашылығын жеткізді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа жолдаған жедел хатында жазылған. «Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш. […]

Continue Reading

Атырауда алғаш рет “жарқыраған” түнгі жүгіру марафонына 2000-ға жуық адам қатысты

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Атырау қаласында тұңғыш рет түнгі марафон ұйымдастырылды. Оған 2 мыңға жуық адам қатысты, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.  Түнгі марафонның жалпы қашықтығы – 5 шақырым. Қатысушылар Мұз сарайы жанынан жүгіруді бастап, орталық көпір арқылы облыстық әкімдікке дейінгі жолды жүгіріп өтті. «Атырау қаласында марафон жылына бір рет өткізіледі. Ал […]

Continue Reading

Елорда кереметтері

Еуразия кіндігі – Астана – әлемдегі ең жас қалалардың бірі. Жылдан жылға құрылысы қарқынды дамыған, сәулет өнерінің озық үлгілерін пайдаланып, көркем әрі жоғары талғаммен тұрғызылған ғимараттар астаналықтар мен қала қонақтарының көз жауын алардай-ақ. Елордаға соңғы жылдары туристік сапармен келетін шетелдіктер көбейген. Оған елімізде былтыр өткен EXPО көрмесінің де ықпалы аз болған жоқ. Әлемнің 55 елінен […]

Continue Reading

Үздік мақала авторлары анықталды

Бүгін Астана қаласының елорда мәртебесін иеленгеніне 20 жыл толды. Осы орайда  облыстық «Прикаспийская коммуна» газеті оқырмандар арасында «Астана в сердце моем» атты байқауын ұйымдастырған еді. Байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды. Алдымен, құттықтау сөз алған «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Қабылов оқырмандардың қызығушылығын қалыптастыруда аталмыш байқаудың рөлі зор екенін айтып өтті. Ал, байқауды ұйымдастырушы облыстық «Прикаспийская […]

Continue Reading

«Біз Астанада оқимыз!»

Әлем картасындағы жаңа шаһар – Астанада «жаңа қырыммен таныламын» деушілерге мүмкіндік мол. Әсіресе, жас буын өкілдеріне еш кедергі жоқ. Елордаға келген бойда алатын ерекше әсердің өзі неге тұрады? Сондықтан да болар, «алтын ұядан» түлеп ұшқан түлектер осындағы жоғары оқу орнынан білім алуды армандайды. Үмітті алдамай, бүгінде астаналық студент атанған бір топ жаспен тілдесудің сәті түскен […]

Continue Reading