КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ

Ел өміріндегі маңызды саяси оқиға – Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы Атырауда жоғары деңгейде өтті. Облыс бойынша 304 мың 593 электорат болса, сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші 97,75 пайызды көрсетті.

Continue Reading

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Вокзал маңы ықшамауданында орналасқан №49, №50, №51, №52, №53 дауыс беру учаскелеріне келушілер ала таңнан көп болды. Бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі де осында. Әсіресе, Атырау политехникалық колледжінде орналасқан №49 сайлау учаскесінде тіптен сайлаушылар қарасы кешке дейін үзілмеді. Елінің келешегі үшін таңдауларын жасауға асыққан тұрғындар ұзын-сонар кезекке де тұрды.

Continue Reading

ОЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Кезектен тыс  Президент сайлауына еліміздегі сайлау туралы заңдылықтарға сай тыңғылықты, әрі мұқият әзірленген №13 сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыс беруі дәл белгіленген уақытта басталды. Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің кең де, жарық спорт залында орналасқан бұл учаскедегі сайлау  комиссиясының төрағасы Асылбек Мырзағалиев келуші азаматтарды құттықтап, дауыс беру жұмысының басталғандығын жария етті. Әдеттегіше, еліміздің Әнұраны шырқалды.

Continue Reading

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙМЕН…

Президент сайлауы күні №18 учаскелік сайлау учаскесіне барғанымызда халықтың зор саяси белсенділігін көрдік. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Гүлшат Хасанның айтуынша, бір сағат ішінде 312 адам дауыс беріп үлгеріпті. Бұл учаскеде барлығы 1192 сайлаушы бар.

Continue Reading

ДАУЫС БЕРУГЕ – КЕЗЕКПЕН

Кезектен тыс Президент сайлауында атыраулықтар да жоғары белсенділік көрсетіп, елдіктің нышанын танытты. Бұл үрдісті өзіміз аралап көрген сайлау учаскелеріндегі дауыс беру барысынан да анық байқадық.

Continue Reading