я.Арнайы жобалар

ГУРЬЕВ-АСТРАХАН ЖОЛЫН САЛУ

жанқиярлық  еңбектің  өнегесі  болды

Әлем тарихына ең қанқұйлы соғыс ретінде қанды әріптермен енген сонау қырқыншы жылдары Атырау ел бойынша соғыс жағдайында деп жарияланған жалғыз облыс болды. Сол кездерде Гурьев-Астрахан бағытындағы темір жол құрылысын салу – Атыраудың басына түскен өз алдына бөлек қиындық еді. Жауға қарсы оқ болып атылған Атырау мұнайы осы жолтабан арқылы тасымалданып, майдан даласында от кешкен жауынгерлерге күш-жігер бергендей болды. Адам төзгісіз қиын жағдайда салынған тас жолға еңкейген қариядан бастап, елде қалған әйелдер де, қаршадай қыздар да, бұғанасы қатпаған жасөспірімдер де ерекше үлес қосты. Жеңістің  жетпіс жылдық атаулы датасы қарсаңында осынау тарихи тақырыпқа тағы бір оралып отырмыз.

Читать далее »

ЖАҺАНДЫҚ КӨРМЕ – ЖЕТІСТІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Елімізде әлем назарындағы маңызды оқиға – халықаралық ЕХРО-2017 мамандандырылған көрмесіне әзірлік қыза түсті. Өткен айда-ақ «Астана ЕХРО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев Мемлекет басшысын дайындық барысы және биылға арналған жоспарлармен таныстырған еді. Елбасы айтқандай, тартымдылығы жағынан әлемдегі ең танымал спорттық ойындармен салыстыруға болатындай шарада кешендер құрылысына отандық кәсіпорындардың тартылатыны белгілі болды. Тіпті, қажетті материалдардан бастап қолданылатын шегеге дейін өзімізден болуы шарт. Бұл қазақстандық шағын және орта бизнестің жұмыс істеуіне мүмкіндік берері сөзсіз. Ендеше, көрме аясында атқарылар шаруаны тағы бір шолып шықсақ, артық етпес деп шештік.

Читать далее »

ТОЙЛАРЫМЫЗ «ШОУҒА» АЙНАЛЫП БАРА ЖАТҚАН ЖОҚ ПА?

Той басқару да – өнер. Ал, қазіргі уақытта ел арасына «асаба» аталып кеткен бұл «кәсіпті» өздеріне нәсіп етіп жүргендер көп-ақ... Менің пайымдауымша, бұл кәсіпке бет бұрған жан – өзі өнерлі, сөзге шешен, ата салт, ұлттық дәстүрімізді жетік білетін, әдемі, көркем сөздерімен жұртты өзіне үйіріп алатын адам болуы керек. Оған дәлел – осындай өнерімен елге танылған, кезінде мықты «асабалар» болған: Нариман Үлкенбаев, Мереке Ғұмаров, Махамбет Оңдағани, Құмар Суханов және басқа ағаларымыз бен осы көшке ілескен Сайфеден, Темірбек, Ғабит, Мақсот, Абай, Аман сияқты замандас інілерімізді білеміз. Өзіміз де алдыңғы буын ағаларымызға еліктедік. Әкенің қаны, ананың ақ сүтімен келген өнерімізбен ел арасына танылып, халықтың ыстық ықыласына бөлендік. Ел аралап, жер көрдік...

Читать далее »

ҚАЗЫНА КӨМБЕСІ

Атырау атырабы әлі де тиянақты
археологиялық зерттеулерді қажет етеді

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері үшін өткен жыл табысты болды. Атап айтқанда, жыл ішінде сегіз далалық ғылыми-зерттеу экспедициясын өткізді. Құрманғазы және Исатай аудандары аумағында орналасқан Нарын құмына археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Экспедиция Сарайшық-Қызылүй-Мыңтөбе-Қошалақ-Ресей шекарасына дейінгі маршрут бойынша жол жүріп өтті.

Читать далее »

«ЭКСПО-2017»-ГЕ 10 МЫҢ АДАМ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Дүйсенбі күні Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы аптадағы маңызды шаралар сөз болды. Ресми өкіл Алтай Әбибуллаевтың баяндауынша, бүгінде Қазақстанда Ауғанстанның парламенттік делегациясы жүр. Вице-спикер Мохамед Салех Сальджук бастаған қонақтар еліміздегі сапарын алдымен Алматыдағы «Ариана» ауған мәдени орталығындағы жүздесуден бастайды. Ауғанстандық өкілдердің қазақ жерінде өзге де кездесулері жоспарланған.
13 желтоқсанда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барады. Бұдан өзге, Қазақстанның өкілдері Мәскеуде өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 60-шы отырысына қатысады.

Читать далее »

МҰРАТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

Халық  композиторы  Мұрат  Өскенбаевтың туғанына – 110  жыл

 

Қазақдаласыежелденән-жырдың, шалқығанәуеннің, шадымантоймендуманның, қуанышпеншаттықтыңбесігі. ҰлыАбай: «Туғандадүниеесігінашадыөлең, өлеңменжерқойнынакірерденең»  десе, «Қазақтыңасабайән-күйішындықтыкөркембейнелеудеадамгершіл  нәзік  сипатыменсафтазалығымен, өміргеқұштаркөтеріңкілебіменжәнетіршілікпенқойындасып, асқақадамгершілікпентолғағантереңфилософиялықсинтезгетолыәсергебөлейді» депжазадыкөрнектімузыказерттеушісіБ.В.Асафьев.

Читать далее »

Қаламы мұқалмаған қаламгерлер

Бұқаралық ақпарат құралдарының түпкі мақсаты мемлекет мүддесіне, халық игілігіне қызмет ету болып саналады. Осы орайда аталған мамандыққа бар ынта-құлшынысы мен ерік-жігерін арнаған, жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалаған қызметтің «отымен кіріп, күлімен шыққан» ардагер журналистердің ой-пікірін білмек ниетте Тілек Дәулетов, Айтқали Нұрғалиев ағаларымызды сөзге тартқан болатынбыз.

1 Сіз қызмет еткен кезбен салыстырғандағы бүгінгі журналистиканың ахуалы, артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталсаңыз.
2 Отандық журналистикадағы ғаламтордың алатын орны қандай?

3 Күнделікті оқитын газетіңіз, көретін телеарнаңыз көңіліңізден шыға ма?

4 Жас журналистерге берер ақыл-кеңесіңіз, ұсыныс-тілегіңіз.

Читать далее »

Қиындықпен бетпе-бет

kiunduk«Атырау» («Ерік») газетінің алғашқы санының жарыққа шығуына, кейін оның 
қалыптасуына өз қолтаңбасын қалдырған редакторлардың бірі – Ғатау Махамбетов.
Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатында сақталған құжаттарда оның атына 1924 жылы толтырылған жеке іс сақталған. Мұрағат құжатында оған қатысты уездік партия комитетінің қаулыларымен бірге, өз қолымен жазған өмірбаяны бар. Ғатау Махамбетов Орал губерниясы, Орал уезі, Пируктукльский (Үйректі-Қ.С.) болысына қарасты №5 ауылында 1900 жылдың 15 тамызында дүниеге келген. Оның әке-шешесі егін орып, мал өсірумен шұғылданған.

Читать далее »

Ұшқыр ойлы, семсер сөзді Сүлеймен

 Облыстық газеттің соғыс жылдарындағы

бас редакторы С.САУЫРҒАЛИЕВ туралы тың деректер

8betttasfdОблыстық «Атырау» газетінің алғаш шыға бастағанына 90 жыл толуына орай жарық көрген мерекелік нөмірімізден кейін де үш айға жуық уақыт өтті. Сол тоқсан белестің сағаты соққаннан бергі қысқа мерзімде редакция поштасы небір тосын да  тың дерек-мәліметтерге толды, шежіреміз бұрынғыдан да байыды. 

 

Читать далее »

Хамит ЕРҒАЛИЕВ: «Мұрат – қайта жаралған Махамбет»

maxamБұл сұхбат – осыдан тура жиырма жыл бұрын үнтаспаға жазылған әңгіменің қағазға түсірілген нұсқасы. Қазақ поэзиясының алыбы Хамит Ерғалиевпен 1993 жылы 23 мамыр күні ақынның үйінде отырып сөйлестік (Алматы қаласы, Чайковский көшесі, 178 үй, 3 пәтер). Осы мезгілде қазақтың ақиық ақыны Мұрат Мөңкеұлының туғанына 150 жыл толып, Атыраудың халқы тойға қызу дайындық жүргізіп жатты. Мұрат ақынның мұрасын зерттеп жүрген мен Хамит ақсақалды арнайы іздеп келіп, жолыққан едім.

Читать далее »