я.Арнайы жобалар

ТОҚСАН ЖАСЫНДА МАЙОР АТАНДЫ

Майдангер атамыз, бүгінде 96 жасқа келген Қалихан Мұхтаров Көздіғара ауылдық округінің орталығы Қоныстану селосында тұрады. Ол 1938 жылдың тамыз айында әскер қатарына шақырылады. 10-шы Шығыс Қазақстан шекарашылар бөлімінде әскери қызметіне кіріседі. Бұл жер негізінен Қытай-Моңғол шекарасы орналасқан жер еді. 1939 жылдың аяғында фин соғысы басталғанда 21 жастағы жас жауынгер қолына қару алып, майдан шебіне аттанады.

Читать далее »

БІР ЖАНҰЯДАН – БЕС ОФИЦЕР

Ұлы Отан соғысына күллі кеңес халқымен бірге қазақстандықтар, оның ішінде атыраулықтар да қатысып, өз борыштарын абыроймен атқарды. Біздің әңгімемізге арқау болып отырған мақала өзегі – қарапайым қазақтың бір жанұясынан шыққан бес офицердің тағдыры. Ақиқатына келгенде, қазіргі жас ұрпақтың санасына бабаларымыздың Отан қорғаудағы жанқиярлық ерліктерін баяндау, оны үлгі тұту, отансүйгіштікке тәрбиелеу және тағзым ету.

Читать далее »

«БІЗДЕ БАЛАЛЫҚ ДЕГЕН БОЛҒАН ЕМЕС»

Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізге биыл 69 жыл толса да, сұрапыл соғыстың жаңғырығы майдангерлердің әлі есінен кетер емес. Елі үшін жауға беріспей, ерліктің үлгісі бола білген батырларымыздың өнегесі өз алдына, қиыншылыққа мойынсұнбай, тылда еңбек еткен жандардың үлесі тым бөлек. Олардың қатарында еңкейген кәрі де, ойын балалары да бар еді. Сол кезде небары 5-сыныпта оқитын Базарбек Динов қан майдан басталған сәтте мектептегі сабағын тастап, жұмысқа кірісті. Түйеге жегілген арбасымен «қара алтын» өндірушілерге жәрдемдесті. Біз айтулы мереке қарсаңында атыраулық қартпен әңгімелесіп қайтқан едік.

Читать далее »

АТА АМАНАТЫ

Ұлы Жеңістің 69 жылдығы қарсаңында нағашы атам Иманғалиұлы Жәлелдің туғанына 95 жыл, өмірден өткеніне 19 жыл толуына орай, көзі тірісінде өзі жазып қалдырған «Өмір жолы», «Келмеске кетсін сол күндер» атты естеліктерінен үзінді келтіріп, өмір жолына тоқталып өтуді жөн санадым.

Читать далее »

ОН СЕГІЗІНДЕ ОТ КЕШКЕН…

Сағыз селосында тұратын қарт майдангер Аралбай Жүсіпов 90 жасқа толып отыр. Майдангер атамыз Сағыз ауылдық кеңесіне қарасты Ақшелек ауылының Буракөл елді мекенінде дүниеге келген. 1935-1941 жылдары «Ақшелек» орталау мектебінде білім алады.

Читать далее »

«ҰЛТ БІРЛІГІ – ДОСТЫҚ КЕПІЛІ»

Көп ұлтты мемлекетімізде және бүкіл әлемде келісім мен өзара түсіністікті насихаттау мақсатында рухани келісім күніне ұйымдастырылып отырған көрме осылай аталды. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпайтынының айғағы - осы.

Читать далее »

АДАЛДЫҚ ОНЫҢ АРЫ ЕДІ

«Қариялар азайып бара жатыр» демекші, сонау сұрапыл соғыстың сұмдығы мен сұрқиясын көзімен көрген, қан майданда от кешіп, қар жамылып, мұз төсенген сарбаздардың, бүгінгі ардагерлер қатарының күн өткен сайын сиреп келе жатқаны өкінішті. Осындайда біздер, аға буын келер ұрпақ еліне бостандық сыйлауға үлес қосқан батырлардың ерліктері мен өнегелі өмірін біліп жүрсе екен, өздері көрмесе де, жадына түйіп жүрсе екен деп армандайсың. Біздің бүгінгі мақсатымыз осы - өмірден өткен әз ағалардың азаматтық істерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Читать далее »

КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛҒАН ХОР

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Отан соғысы және еңбек ардагерлері хорының есептік концерті болды. Оған көрермен өте көп жиналды.      

Соғыс және еңбек ардагері А.А.Захарова жетекшілік ететін «Фронтовичка» клубының аталмыш хорында соғысқа қатысқан ардагерлермен бірге ел экономикасының түрлі саласында жемісті еңбек еткен, бүгінде құрметті еңбек демалысындағы үлкендер де бар. Олар концерт барысында әскери-патриоттық әндермен қоса бейбітшілік, достық, махаббат туралы әндерді тамылжыта орындады. 

Читать далее »