я.Арнайы жобалар

ОФИЦЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің акт залында әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, ҚР Тұңғыш қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» төсбелгісімен жергілікті әскери басқару органдарының 17 қызметшісі марапатталды. Олар қорғаныс істері департаментінде, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада және қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерінде қызмет атқаратын офицерлер болып табылады.

Читать далее »

ЕРЛІК ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Ұлы Отан соғысы жылдарында және Гурьев қаласында Кеңес Үкіметінің орнатылуы жолында күресіп, қаза тап-қандарға арналған ескерткіш басында марқұмдардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Читать далее »

ҚЫМЫЗ БЕН ШҰБАТ ӨЗІМІЗДЕ ӨНДІРІЛЕДІ

Индерде оны дайындайтын кешен ашылды
Елбасы Жолдауында жаһандық он сын-қатердің
бірі – азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер екендігін атап өтіп, бұл туралы Үкімет пен облыс әкімдеріне агроөнеркәсіп кешені саласын дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Әсіресе, әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру міндеті алдыңғы кезекке қойылса, облыста Елбасының осы тапсырмаларын орындау мақсатында көптеген істер қолға алынуда.
Кеше облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов Индер ауданына келіп, тағы бір кешеннің тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Читать далее »

АҚЖЕЛЕҢ

Жазушы, академик Зейнолла Қабдолов қоғам қайраткері, ел таныған азамат Құлшәріп Өміршиннің адамдық болмысын «Ақжелең» деген бір-ақ сөзбен сипаттаған екен. «Ол өмірде бір нәрсеге опынып еңсесі түсу түгілі, өкініп қабақ шыту дегенді білмейтін адал, ішкі сыры мен шынайылығы сыртқы түрінде тұратын, бетінен иманы, көзінен күлкі кетпейтін адам еді» деп бағалаған екен...

Читать далее »

МАЙДАНГЕР МЕДАЛІ ҰЛЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ

Әлмұқан Бисенбиев – бұрынғы Есбол, қазіргі Индер ауданының тумасы, 1898 жылы осы өңірдің Қазбек ауылдық кеңесінде, жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1942 жылы сол кезде аудан орталығы болған Кулагино селосындағы әскери комиссариат арқылы қарулы күштер қатарына шақырылып, майданға аттанған. Ұлы Отан соғысының аяқталуына екі айдан астам уақыт қалғанда хабарсыз кеткен. Кейіннен есімі «Рух-Память» қорының қолдауымен шығарылған «Боздақтар» кітабына енгізілген.

Читать далее »

ТӘЛІМГЕРЛІК – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

Жуырда Атырау облысы «Мамандандырылған күзет қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жас қызметкерлер мен тәлімгерлердің слеті өтті. Басқосуда еңбек жолын жаңадан бастаған мамандарға ардагерлер ақыл-кеңестерін айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР МҰҚТАЖЫНА – СЕРГЕК КӨЗҚАРАС

Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында ҚР Мемлекеттік істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит Ізбанов қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды қабылдады.

Читать далее »

СОҢЫНДА ӨШПЕС ІЗ ҚАЛДЫ

Ел тарихында Ұлы Отан соғысы деген атаумен қалған қанды кезеңде бір миллион екі жүз мыңнан аса қазақстандық жау оғына қарсы тұрған екен. Сол миллионның қай-қайсысы да – өз алдына бөлек шежіре, өз алдына қайталанбас ерлік тарихы. Өйткені, олардың әрқайсысы ел шетіне тұтқиылдан тиген жауды тықсырта жеңуге үлес қосты. Сондай жандардың бірі - қан майданға Атыраудан аттанған Әбдіғали Құрманғазиев.

Читать далее »

ОЛАР БЕЙБІТ ӨМІР СЫЙЛАДЫ

Ұлы Отан соғысы кезінде Гурьев облысынан әр жылдары 42 мыңның үстінде ер азамат әскерге алынған. Соның үштен бірі елге оралмай, ұрыс даласында жан тапсырды. Ұлы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында облысымызда 12 мыңның үстінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер болған еді. Күні бүгін 97 ғана соғыс ардагері ортамызда.

Читать далее »

АЗАТ ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

қуатты күшке айналды
1992 жылдың 7 мамыры күні Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Сол жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Қарулы күштері жасақталды. ҚР Президентінің – ҚР Қарулы Күштері Бас Қолбасшысының бұйрығымен еліміздің мемлекеттік мереке санатына енгізілген 7 мамыр - бүгінде Отан қорғаушылар күні болып аталады.

Читать далее »