ЕСТЕН КЕТПЕЙТІН КҮН

Жеңістің 70 жылдығына орай Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы мүшелері жергілікті соғыс ардагерлерімен кездесу ұйымдастырып, оларға сый-құрмет көрсетті.

Continue Reading

ЖАСТАР ӘРҚАШАН БЕЛСЕНДІ

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығына орай Атыраудағы Қайырғали Смағұлов атындағы алаңда әскери-патриоттық клубтардың слеті болып өтті. Мақсат – жасөспірімдердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін оятып, қоғамдық белсенділігін арттыру.

Continue Reading

«ТАҢШОЛПАННЫҢ» ЖҰЛДЫЗЫ КІМ?

Жуырда С.Қазыбаев атындағы №1 балалар үйінде облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен республикалық «Таңшолпан» балалар музыкалық конкурсының облыстық іріктеу сайысы өтті.

Continue Reading

«БІЗ – ЖАУ БАСЫНБАҒАН ЕЛМІЗ…»

Адамзат тарихында үлкен орын алған, миллиондаған адамды шығынға ұшыратқан осы екінші дүниежүзілік соғыс болатын. Кескілескен қан майданнан оралған да, оралмай, жау жерінде көз жұмғандар да баршылық. Тірілерге – тәуба, өлілерге мінәжат ету бүгінгі ұрпақ еншісі дер едік.

Continue Reading

БЕЙБІТ ӨМІР СЫЙЛАҒАН…

Елін, жерін жау қолынан азат етуге аянбай үлес қосқан кешегі жауынгерлердің бірі – біздің әкеміз Құрмет Шамахов. 1915 жылы Гурьев  уезі І Приморье округінің 15-ші ауылында  балықшы отбасында дүниеге келген ол бала күнінде жалдамалы ұстаздан білім алып, 1930 жылы сауат ашу мектебінде мұғалім болып еңбек жолын бастайды. 1933-1935 жылдары Гурьевтегі мұғалімдер техникумын бітіріп, 1942 жылдың сәуір айына дейін мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп басшысы болып жұмыс жасады. 1942 жылдың сәуірінен 1944 жылдың мамыр айына дейін әуелі әскери-саяси, одан кейін танк училищесін бітірген.

Continue Reading

РАТУШАҒА ТУ ТІККЕН ҚАЗАҚ

Кенжебай Мәденов туралы сыр

Үстіміздегі жылы Кенжебай Мәденовтың туғанына 90 жыл толды. Осыған орай, ұлы Махамбет пен келіні Шолпанның бастамасымен «Ратушаға ту тіккен қазақ батыры» атты жинақ жарық көрді. Ерлік даңқы өшпейді дегеніміз осы болса керек.

Continue Reading