я.Арнайы жобалар

АРТЫНА ӨНЕГЕЛІ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

Жақында облыстық мемлекеттік мұрағат қорына Алматы қаласының тұрғыны Серік Мұхамбетұлының атынан үш қорапқа толы «сәлемдеме» келді. Ол әкесі Есенов Мұхамбет Айтуұлының екінші дүниежүзілік соғыста және бейбіт жылдарда елі, қоғамы үшін сіңірген сан алуан қызметіне қатысты 500-ге жуық құжатын жіберіпті. Оның ішінде Одақ, республика, Гурьев (Атырау) облысында жауапты қызметтерде болған жылдарында түрлі алқалы жиналыстарда жасаған баяндамалары, құттықтаулары, Атырау, Маңғыстау аймағында мұнай өндірісін дамыту жолындағы жаңашыл ойлары мен ұсыныс, пікірлері, естеліктері, түрлі басылымдарға шыққан мақалалары, наградалары мен марапаттарының көшірмелері бар. Осы құжаттардың негізінде мұрағат қорынан Мұхамбет Есеновтың жеке тектік қоры ашылды.

Читать далее »

БАТЫР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰРПАҚТАРЫ

Жуырда «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты ерлік айлығы аясында қаладағы №17 мектеп-лицейде Кеңес Одағының Батыры А.Н.Афанасьевтің ұрпақтарымен кездесу кеші болды. Оған мектеп-лицей оқушылары мен ұстаздары, Ұлы Отан соғысы ардагерлері қатысты.

Читать далее »

ЕСТЕН КЕТПЕЙТІН ЕСІМДЕР

Облыстық мемлекеттік  мұрағаттың ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Жайық-Ембі өңірінің өркендеуіне елеулі еңбек сіңірген,  өткен ғасырда облыста атқарылған игілікті істердің бастаушыларының бірі болған Сапар Қарымсақовтыңтуғанына 110 жыл толуына орай «Мұнайшы мұраты» атты шара  өтті. Оған Атырау политехникалық колледжінің студенттері, сонымен қатар облыс мұрағатшылары қатысты.

Читать далее »

«ЭКСПО – 2017»: БОЛАШАҚТЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Елордамыз Астана қаласында халықаралық «ЭКСПО - 2017» көрмесі өтетін кешеннің құрылысы басталып кетті. Қазақстан соңғы онжылдықтағы маңызды шаралардың бірін өткізуге қызу дайындалып жатыр. Бұл жерде жиырма мыңдай жұмысшы тәулік бойы жұмыс жасауда. Бір кездегі құлан жортқан далада бүгінде аймағы бір миллион шаршы метрден асатын алып шаһар бой көтереді. Сөйтіп, болашақта «ЭКСПО» қалашығы Елорданың жаңа орталығына айналады.

«ЭКСПО» көрмесіне арналған сауда кешендерінен бөлек, төрт мың пәтерлік тұрғын үй, қонақ үй, жаңадан Конгресс-холл, тіпті әлемде теңдесі жоқ шатырлы қалашық тұрғызу да жобада бар. Кешеннің құрылысы – Елбасының тікелей бақылауында. 

Читать далее »

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Жылдармен жылжып өткен,

ғасырдың ең елеулі оқиғасына айналып бара жатқан Ұлы Отан соғысы бүгінгі ұрпақтың жадынан өшуі тиіс емес.

Ұланғайыр қазақ даласында қандай мекенді де, аймақты да өзінің туған жері санаған зиялы адамдар жетерлік. Солардың бірі – облысымызда дүниеге келмегенмен, халықтан ерен еңбегін аямаған Кеңес Одағының Батыры Жәнібек Елеусов.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Кеңес Одағының Батыры Ж.Елеусовтің өз қолымен жазылған өмірбаяны бар.

Читать далее »

БАТЫЛДЫҚҚА БАУЛЫҒАН ЕРЛІК САБАҒЫ

Еліміздің ертеңін жалғайтын жауқазын ұрпақты патриотизмге баулып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың ерлігін кеңінен насихаттау қажет. Осы мақсатта облыстық Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында оқушылар арасында ерлік сабағы өтті.

Читать далее »

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ЕСКІРМЕЙДІ

Жеңіс мерекесінің 70 жылдығы қарсаңында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында сақталған отты жылдар шежіресінен сыр шертпекпін. Онда Отан үшін от кешкен Кеңес Одағының Батыры Афанасьев Александр Никифоровичтің анасы Пелогияның өз қолымен жазған өмірбаяны сақталған екен. 

Читать далее »

БАТЫР ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбындағы ерлік айлығы өз жалғасын табуда. Кеше Атырау қаласында Кеңес Одағының Батыры Александр Афанасьев атындағы көшеге ескерткіш тақтайша орнату рәсімі өтті. Рәсімді Атырау қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекеш ашты.

Читать далее »