Арнайы жобалар

АСПАНДАҒЫ АЙҚАСТАР

«Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс»... деп Қасым ақын жырлағандай Отан үшін от кешіп, жалынды жастық шағын сұрапыл соғыстың өртінде өткізген ұшқыш, авиацияның гвардия кіші лейтенанты Азат Жанасов  еді.

Читать далее »

ТЕРБЕЛІП ТАТУЛЫҚТЫҢ БЕСІГІНДЕ…

Бірлік пен татулықтың құтты мекеніне айналған елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының алар орны айрықша. Қоғамдық институттың жиырма жыл ішінде атқарған ісі бүгінгі күні бүкіл әлем елдеріне үлгі болып отыр. Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінде өткен «дөңгелек үстел» де осы Ассамблея тақырыбына арналып, оның мемлекетіміз үшін маңыздылығы тереңнен талқыланды.

Читать далее »

БАТЫЛ БАЙЛАНЫСШЫ

Ұлы Отан соғысында қазақтың қайсар жігіттері ержүрек, нағыз батырдың ұрпақтары екендерін дәлелдеді. Солардың бірі майдан даласында қарша бораған снарядтардың арасында жүріп, байланысшы қызметін атқарған Қуан Ғалиев еді.

Читать далее »

ҒИБРАТҚА ТОЛЫ ҒҰМЫР

Қуанышев Бақыт 17 жасында орта мектепті бітірген жылы Топайлы селолық кеңес атқару комитетіне хатшы болып орналасқан болатын. Жас жігіт майданға аттануды, елін жаудан азат етуді армандайтын. 1943 жылдың басында әскерге алынып, десанттық құрамаға тап болды. Сөйтіп ол, 98-гвардиялық әскери-десант дивизиясының 18-бригадасы құрамында Карелия жерінде соғысқа араласты. Кейін ІІІ Украина майданы құрамында Дунайдан өтіп, Будапешт, Вена, Прага қалаларын жаудан азат етуге қатысты.

Читать далее »

ЕРТЕ ЕСЕЙІП, ЕЛІН ҚОРҒАҒАН

Атам Базарбай Сүйінәлиев те кешегі ел басына күн туған шақта қолына қару алып, елін жаудан қорғау үшін майданға аттанған, ерлікпен шайқасып, жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан халқымыздың батыр ұлдарының бірі болғанын мақтаныш тұтамын.

Читать далее »

ЕЛЕУСІЗ ҚАЛҒАН ЕР

Ойлап отырсақ, қан майданда елін жаудан қорғап, одан кейінгі бейбіт өмірде ерен еңбек үлгісін танытқан жандардың елеусіз қалып жатқандары да бар. Осы орайда мен бір кездегі Құрманғазы атындағы колхоздың майталман балықшысы, Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін бірнеше ордендермен, медальдармен наградталған, қазір арамызда жоқ Масалимов Хисмет туралы сөз қозғағым келеді.

Читать далее »