я.Арнайы жобалар

ЕСТЕН КЕТПЕЙТІН ЕРЛІК

Ұлы  Отан соғысы біздің халқымыз үшін аса үлкен де ауыр сын болды.

Бұл соғыста мақсат-мүддесі, тілек-талабы достастырған халқымыздың экономикалық қуаты және саяси бірлігі, патриоттық сезімі сынға түсті. Бұл сыннан халқымыз сүрінбей өтті, фашизмді талқандап, жеңіс абыройына бөленді.

Читать далее »

ҚУЛЫҒЫН АСЫРҒАН ЖАУЫНГЕР

Аймақтағы бұрынғы Теңіз ауданының (қазіргі Құрманғазы) Мақаш округі бойынша Ұлы Отан соғысына 500 жауынгер аттанды. Оның ішінде 350-і майдан даласынан оралмағандар. Олардың 105-і туралы ешқандай мәлімет алуға мүмкіндік болмады. Ал, 45 майдангер аман-есен отбасымен қауышты. Бірқатары соғыстан жараланып қайтса да ел игілігі үшін қызмет етіп, қолдарынан келген жұмысты атқарудан аянбады.

Читать далее »

«САРЫ МАЙДАЙ САҚТАЛҒАН» ҮШКІЛ ХАТТАР

Ол 30-жылдардағы жергілікті халықтан шыққан арнаулы білімді тұңғыш мұнайшылардың бірі болатын. Құсан Гурьев (Атырау) мұнай техникумын бітіріп, әскер қатарындағы міндетті қызметін атқарғаннан кейін мұнай өндірісі саласында түрлі қызметтерде болды. 1940 жылы Бакудегі өнеркәсіп академиясына оқуға жіберіліп, оны бітіргеннен кейін Нармұңданақ (кейін Комсомольск атанды) терең бұрғылау учаскесіне жетекшілік етеді. Жер қойнауын барлау жұмыстарының нәтижесінде мұнда мол «қара алтын» табылып, мұнайлы Ембіде тағы бір кәсіпшілік іске қосылды. Ұлы Отан соғысы кезінде жаңа кен орнынан майданға эшелондаған мұнай кідіріссіз жіберіліп тұрды. Міне, осы кен орнын тұңғыш ашушылардың бірі ретінде Қ.Нәренбаевтың сіңірген еңбегі көп еді.

Читать далее »

МАЙДАНГЕР ЖОЛЫ

Атырау қалалық мұрағатының қорында екінші дүниежүзілік соғыста туған елі, халқы үшін қасық қаны қалғанша күрескен ардагер азаматтар туралы деректер аз емес. Сондай жанның бірі – Қадырхан Әйтешев.

Читать далее »

БАЙЛАНЫСШЫ

1921 жылы Қызылқоға ауданының Қамыскөл ауылдық Кеңесіне қарасты Қазбек ауылындағы шаруа отбасында дүниеге келген Мұханбет Жұмалиев еңбекке жастайынан араласты. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол небәрі 20 жасқа толған еді. Өзі сұранып 1942 жылдың 1 ақпанында Тайпақ ауданынан қолына қару алып, майданға аттанады. Екінші прибалтикалық майданының 200-ші атқыштар дивизиясы 12-гвардиялық атқыштар полкінің 183-ші байланыс ротасында қызмет атқарған ол байланысшы ретінде соғыс оты басылғанға дейін полк командирінің бақылау пунктінде қызмет етеді. Бақылау пунктін желілік байланыс арқылы корпус, дивизия штабтарын басқа бөлімдермен байланыстырған.   

Читать далее »

КЕШІГІП ЖЕТКЕН «ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ» ОРДЕНІ

71 жылдан кейін ғана иесін тапты

Кешегі ел басына күн туған, ер етігімен су кешкен алмағайып заманда жалынды жастық шақтары соғыс өртіне шарпылып, қаншама боздаққа туған жердің бір уыс топырағы бұйырмай, мәңгілік жат жерде қалды. Олар Отанын, елін қандықол фашизмнен қорғау үшін жандарын шүберекке түйіп, жаумен ашық айқасқа түсті. Сол бір Отан үшін от кешкендердің қатарында менің әкем Лұқпанов Қабдолмәжит (ел аузында Мәжен) де болды. Ол 1912 жылы туған. Соғысқа кеткендер ішінде әкеміздің туған ағасы Лұқпанов Рамазан да бар еді.

Читать далее »

ЭКСПО – БІЗДІҢ МЕРЕЙІМІЗ

Астана еліміздің бас қаласы болып бекітіліп, Есіл бойында жаңа шаһар бой көтергенде оны барша қазақстандықтар Елбасының перзенті санаған. Шындығында да, Елорданың жаңа құрылыстарының бәрінде іргетасы құйылғанынан бастап, қабырғасы қаланғанына дейін Мемлекет басшысының қолтаңбасы жатыр.  Енді, «ЭКСПО-2017» көрмесін де солай атауға бола ма? Ол да Мемлекет басшысының бастамасы емес пе?

Читать далее »

«ҚАЙРАН ЕРЛЕР, ҚАҺАРМАН АРДАГЕРЛЕР»

Аймақта майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, олардың көрсеткен ерліктеріне, ұрпаққа қалдырған мұраларына құрмет көрсетіліп келеді. Осы орайда Тұңғыш Президент күні қарсаңында Атырау қаласындағы Құрманғазы  атындағы мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты ардагерлер мен көркемөнерпаздардың фестиваль-байқауының қорытынды кеші өтті.

Читать далее »

ТАБИҒАТ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Ресми толық атауы – Исландия Республикасы

Орналасқан аймағы – Еуропа 

Географиялық сипаттама - ел Гренландия аралының шығысында және Норвегия мен Норуег теңізінің батысында жайғасқан

Территориясы - 103 125  шаршы километр, көлемі жағынан әлем бойынша 105-ші орынды алады

Астанасы – Рейкьявик

Ірі қалалары

Рейкьявик, Коупавогюр,

Хабнарфьордюр, Акюрейри

Ресми тілі – исландша

Үкімет түрі – парламенттік республика 

Президент – Оулавюр Рагнар Гримссон

Премьер-министр - Сигмюндюр Давид Гюннлёйгссон

Халық саны –  321 мың 857

Діні – лютерандық, Асатру

Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім – 36 мың 336 АҚШ доллары

Валютасы – исланд кронасы (DKK)

Орташа өмір сүру деңгейі – әйелдер – 81 жас, ерлер  – 76 жас

Читать далее »