ДАЛАБАЙ

немесе  Отан  үшін  от  кешкендер 

Далабай Жазықбаев  –  1920 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. Алматы мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып, Ескене, Доссор, Құлсары мектептерінде қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, сол жылы 15 қыркүйекте Батыс майдан даласында қаза тапты.

Өлеңдері республикалық газет-журналдарда жарияланған. «Жауынгер дос», «Досыма», «Таңертеңгі бір жеңіс», «Намыс үшін», т.б. өлеңдерінде жауынгерлердің қаһармандық ерлігі суреттелген. Ол өлеңдерінде неміс-фашистердің жауыздығын уытты, көркем тілмен әшкерелейді. Майдан даласынан жазған өлеңдерінің қай-қайсысынан да  ерліктің  өр  рухы  еседі.

Ақын  М.Ю.Лермонтовтың «Үш пальма», «Тұтқын», «Үміт» атты өлеңдері мен М.Голодныйдың «Щорс туралы жырын» қазақ тіліне аударған.

Құлсары қаласында Далабай Жазықбаевтың атында мектеп бар. Алматыда, Жазушылар Одағында майданда қаза болған қаламгер жауынгерлерге ескерткіш-тақта орнатылған. Солардың ішінде атыраулық Далабай Жазықбаев та бар. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында  жазылған белгілі ақын Аманқос Ершуовтың «Далабай» атты жаңа шығармасын жариялап отырмыз.

Continue Reading

АСЫЛ МАЛДАН – САПАЛЫ ӨНІМ

бағдарлама талаптары орындалғанда ғана алынады

Елбасы ұсынған Ұлт жоспарындағы «100 нақты қадамның» әрқайсысының мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуы, өсіп-өркендеуі жолында аса қажетті әрі маңызды болып табылатындығы даусыз.

Continue Reading

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСКЕ – БАТЫЛ ҚАДАМ

Еліміздің алдына қойылған мақсаттардың бірі – дүние жүзіндегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына ену. Біз бұл мақсатқа отандық экономиканы әртараптандыру, индустриялық-инновациялық жобаларды мейілінше көптеп жүзеге асыру, адам капиталын дамыту қадамдарымен бірге, мемлекеттік қызметіміздің жүйесін реформалау арқылы қол жеткізетін боламыз. Бұл орайда мемлекетті дамытудағы нақты көріністі қамтамасыз ету мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген бес институционалдық реформаны іске асыру бағытындағы «100 нақты қадамды» тиімді жүзеге  асыру маңызды.

Continue Reading

ОЛАР ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ЕДІ…

Қазақстанның Халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың «Жауынгер монологы» кітабының кейіпкері болған жанның бірі – менің майдангер әкем Құспан Нұрпейісов.

1916 жылы Гурьев облысының Бақсай ауданы, Топайлы ауылында дүниеге келген ол білімді, мектеп директоры лауазымдарын атқарған. Әкесі Нұрпейіс Тұрдығұловтың ықпалымен мектепті бітірген соң Гурьевтегі екі жылдық мұнай-жұмысшы факультетін аяқтап, 1936-1938 жылдары Оралдағы екі жылдық орыс-қазақ педагогикалық училищесінің қазақ-орыс тілі-әдебиеті бөлімін оқып бітіреді.

Continue Reading

ҚОҒАМНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ – ҚУАТТЫ КҮШ

Осыдан біраз жыл бұрын жарияланған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» деп аталатын мақаласын еліміздің еңсесін одан әрі биіктетуге апаратын  Жарғы деуге болады. Одан кейінгі халқына екі Жолдауы мен бес негізгі бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасы, оны нақтылайтын 100 қадам, міне, осының барлығы – Еңбек қоғамына бастайтын негізгі қағидаттар.

Continue Reading