ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ!..

Тәуелсіздік алған жылдардан бергі дүниеге келген мемлекеттік бағдарламаларымыз даму мен күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік беруде.  Ал, «100 нақты қадам» – елімізге «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыру мен мемлекеттілікті нығайтуға, қиындықтарды шешудің жолдарын табуға жасалған жағдай. «100 нақты қадам» – бұл таяу кезеңде жасалатын жұмыстарға тікелей басшылық.

Continue Reading

АЛТАЙДАН АТЫРАУҒА ДЕЙІН

Ысық  ата  ұрпақтары  таралып  жатыр

Елбасымыз Ұлытаудың баурайында халқымыздың өткені туралы толғанғанда көз аларт-қан дұшпандардан кең байтақ даламызды бірлігіміздің беріктігімен ғана қорғап қалғандығымызды айтқан-ды. Қылышын көтеріп, найзасын ұмсынып сырттан жау шапқанда ру басшыларына хабар жөнелтілетін. Сол сәтте-ақ бес жарағын асынып, белдеудегі тұлпарына міне шапқан сарбаздар майдан даласынан табылатын. Керек кезінде жұмылған жұдырықтай түйіліп, ауызбірлігін жоғалтпаған.

Оның үстіне, жеті атаға дейін қыз алыспау – қанымыздың тазалығының, тұқымымыздың тектілігінің белгісі. Міне, өткен сенбіде Кіші жүздің 25 руының ішінде белділерінің бірі – Ысық ата ұрпақтары Атырау-Доссор тас жолының 70 шақырымындағы атшаптырым алаңға мемориалды кешен орнатты. Баба рухына бағышталып құран оқылып, көнекөз қарттар мен аузы дуалы ақсақалдар жұртты бірлікке шақыратын бәтуалы сөздерін айтты.

Continue Reading

ЖОРЫҚ ЖОЛДАРЫ

Қажел  Сариевтің  ерлігі  ескерусіз  қалмаса  екен…

Соғыста жеңіске жетудің ең шешуші тетігі байланыс екендігін  взвод командирі, лейтенант Қажел Сариев те, қарауындағы жауынгерлері де жақсы түсінді. Кескілескен ұрыстарда жаудың артиллерия және миномет оғының астында жүріп, взвод жауынгерлерін ұйымдастырып, олар үзілген байланыс желісін еңбектеп жорғалай жүріп, екі жүздей мәрте жалғап, командирлерін тұрақты байланыспен қамтамасыз етіп отырды. Смоленск жерін жаудан тазарту үшін болған шешуші шайқастарға қатысып, нағыз батылдық пен өжеттіктің үлгісін көрсеткен байланыс ротасының взвод командирі Қ.Сариев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл оның екінші медалі-тұғын.

Continue Reading

ӨМІР ЖОЛЫ – ӨНЕГЕ

Қойшығали Дос-қалиев 18 жасқа толысымен әскери комиссариаттың есігін тоздырып, өз еркімен майданға аттанады. Алдымен, ол Уфа қаласында автоматшылар дайындайтын қысқа мерзімді курсқа жіберіледі. Курс басшылары айтқанды бірден ұғып алатын тәртіпті жас жігітті бөлімше командирлігіне бекітеді. Сөйтіп, жас жігіт тек өз өмірі ғана емес, өзіне бағынышты барша сарбаздардың өміріне жауапты болып белгіленеді.

Continue Reading

ЕХРО-2017: ӘЛЕМДІК ӨЗГЕРІСТІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Енді екі жылдан соң, Астанада жаһандық деңгейдегі маңызы зор халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі өтеді. Энергияның балама көздерін табуға бағытталған көрме индустриялық-инновациялық дамуымыздың кезекті толқынының қозғаушы күші болады деп күтілуде. Әлемнің «мен» деген алып елдерінің атақты ғалымдарының жаңалықтары жаппай таныстырылымға шығарылатын көрме осылайша ғылыми төңкеріс дәуірінің жаңа тынысын ашуы тиіс.

Continue Reading

ЕРЛІГІ – ЕЛ ЖАДЫНДА

Нағыз ерліктің дастаны Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылды. Сонау сұрапыл соғыс сәттерінде Отан үшін отқа түскен жандардың арманы елге жеңіспен оралу ғана еді. Тылдағы еңбектеген баладан, еңкейген  қарияға дейін майдандағы ер-азаматтарға күш-жігер беріп, қайраттандырып отырды. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» демекші, соғыстан елге оралып, Жеңістің жемісін көрген жандардың бірі Демеу Таубайұлы  ағамыз болатын. Ұлы Жеңістің 70 жылдығында осы бір кеудесін оққа тосқан майдангердің майдандық, еңбек жолдары ойға оралады.

Continue Reading