я.Арнайы жобалар

МҮМКІНДІКТІҢ ШЕКТЕУЛІГІ САЙЛАУҒА КЕДЕРГІ БОЛМАДЫ

Сайлау – халықтың мемлекеттік билікке араласуының бірден-бір көрінісі. Ал, сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауын жасау, мемлекеттік іске бейжай қарамау – әр қазақстандықтың парызы, мейлі, ол жас, кәрі, зейнеткер немесе мүгедек жан болса да!..  

Читать далее »

БІЗГЕ БЕЙБІТ ӨМІР СЫЙЛАДЫ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жақындаған сайын біз өткен өмірді есімізге алып, осындай бейбіт күнді жақындатуға атсалысқан ата-бабаларымызды сағына еске аламыз. Мен үшін сондай қадірлі де құрметті жан – нағашы атам Бисен Тасмағамбетов.

Читать далее »

АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

Қай жаққа қарасаңыз да әдемі киініп, көтеріңкі көңіл-күймен кетіп бара жатқан адамдарды көресіз. Қастарына балалары мен немерелерін ілестіріп алған үлкендер жағы кішкентайлардың сауалдарына жауап беріп әлек. Жарқырай төгілген күн шуағы мен ән, күмбірлеген күй, адамдардың жарқын жүздері бір керемет мерекелік көрініс беріп тұр.

Читать далее »

НҰРМҰХАН МЕРГЕН

Жалпы, үлкен өзен аққан жерден үлкен арна болады. Сол секілді елінің болашағы мен халықтың кемелді тіршілігі үшін талмай қызмет етіп, саналы ғұмырын осы жолға арнаған бірегей тұлғалардың да басқан жолында үлкен із қалары хақ. Бойындағы жігер, қайрат, күшін жұртына арнап, жасынан толағай еңбектің ортасында шынығып, үлкенге өнеге, кішіге үлгі болып отырған тұлғаның бірі – Нұрмұхан Еламанов. Ол саналы ғұмырын балық шаруашылығы саласына арнаған жан. Тіпті, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан Нұрмұхан қолтығы осы бір балық қорғау инспекторының атымен аталады.

Читать далее »

ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ

Елдік мәселелер талқыланған Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІІ сессиясы қоғамдық институт алдына жаңа міндеттер жүктеді. Бұдан былай, қоғамдық институт өкілдері Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысында маңызды рөл атқаруға міндетті.  Сол себепті де, институт жеті міндетті еңсеріп өтуі тиіс.

Читать далее »

АҒАЙЫНДЫ МАЙДАНГЕРЛЕР

Ұлы Отан соғысының отты жылдарында елімізді фашист басқыншыларынан азат ету үшін қолына қару алып, жауға аттанғандардың  қатарында Нарын құмын жайлап, мал баққан Қадірәлі қарттың қос ұлы – Мұханәлі мен Кәкімжан да болды.  

Читать далее »

ҰСТАЗДЫҚ ТА ЖҮРЕКТІҢ БАТЫЛДЫҒЫ

Ұстаз болу – жүректің батылдығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу –  мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның – алтындығы»

деген ақын Ғафу Қайырбековтың осы өлең жолдары Ұлы Отан соғысының ардагері, бар саналы өмірін жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаз Ержанов Жалғас ағаға арналғандай.

Читать далее »

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСЫП…

Бүгінгі күні кең-байтақ қазақ жерінде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өкілдері тең жағдайда бейбіт қатар өмір сүріп жатыр. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде мұндай татулық жоқ. Бір-бірімен ортақ тіл таппай,  араздасып, дауласып жатқандар қаншама? Тіпті, тілі ортақ, діні ортақ, ділі ортақ славян халықтарының арасында да ішінара ортақ тіл табыса алмай, қырқысып жатқандары бар екенін көріп отырмыз.

Читать далее »