Зерттеу өзегі – төл газетім

Ғасырға жуық тарихы бар аймақтың бас басылымы өңірде журналист мамандар даярлайтын оқу орнымен үнемі тығыз байланыста. Өткен жылы медиасеріктестіктің білім ордасымен бірлесіп ашқан медиамектебі сөзімізге айқын дәлел. Сүттей ұйыған ұжыммен тығыз қарым-қатынас орнатқан олар студент кезден-ақ редакцияның тыныс-тіршілігіне етене араласып, алғашқы туындыларын жариялап та үлгерді. Осылайша, қалам қызметін таңдаған жас буын теориялық білімді – университеттен, […]

Continue Reading

Осы жұрт Сара апаны біле ме екен?

«Ақ Жайық» газетінде қазақ бөлімінің аға редакторы қызметін атқарып жүрген кезім болатын. Апта сайын шығатын газетке материал сұрыптап, бас көтере алмай отырғанмын. «Гүлзада Ниетқалиеваға келдім» деген ашық дауыс саңқ етіп, назарымды аударды. Сөйтсем, көркі көзді баурайтын, ұзын бойлы, ерекше бір апай екен. «Сара Досниязова деген апаңмын ғой» деп бұрыннан білетіндей бауырына тартты. Сара Жантілеуқызының есімін […]

Continue Reading

«Атыраудың» Құрманғазы мен Исатай аудандарындағы меншікті тілшісі болған Рахмет Иманғалиев хақында

Газеттің өңірлердегі өкілдері болған, есімдері елінің есінде сақталған  ардақты ағалардың бірі Рахмет Иманғалиев еді. Сексен үш жыл ғұмырының  саналы бөлігін Рахаң Қиғаш бойын жайлаған Құрманғазы мен қос өзен аралығын қоныстанған Исатай аудандарында меншікті тілші болумен өткерді. Ағамыздың өз қатарластары мен кейінгі ізбасар әріптестері үлгі алар өнегелі қырлары мен айрықша қасиеттері мол болатын. Ол екі өңірдің […]

Continue Reading

Нөмірге тапсырма қалай орындалды?

«Атырау» газетіне мені кезінде Тасмұхан Тінәлиев деген жазушы ағамыз жұмысқа алып келді. Бірнеше кітабы жарық көрген Тасмұхан аға мықты жазушы болатын. Еңбек  жолымның  ең керемет жылдары өткен «Атырау» газетіндегі әр күнім үшін сол кісіге әлі күнге дейін  рахметімді айтып отырамын. Редакцияға келгеннен кейін ұзақ жылдар мәдениет бөлімінде жұмыс істедім. Талай белгілі өнер қайраткерлерінен сұхбат алдым. […]

Continue Reading

БОЗ ДАЛАНЫҢ БОЗДАНОВЫ

Есімі елінің есінде жүретін ағалардың бірі облыстық газеттің Жылыой және Мақат аудандарындағы меншікті тілшісі болған Бақытжан Бозданов еді. Маған бұл кісімен де 1996 жылы осы басылымға жұмысқа келгеннен кейін біраз уақыт қызметтес болу бақыты бұйырған-ды. Бірден айтарым, Бәкеңнің редакцияға жолдаған әрбір материалы дерлік белгілі бір мәселені көтеріп, өзекті тақырыпты қозғайтын, көбінесе, сыни-сараптамалық тұрғыда болып келетін. […]

Continue Reading

Атырауда әлеуетті инвесторларға жобалар портфелі дайындалуда

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен мемлекеттік органдарда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша жауапты мамандар бекітілді,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Continue Reading