я.Арнайы жобалар

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Вокзал маңы ықшамауданында орналасқан №49, №50, №51, №52, №53 дауыс беру учаскелеріне келушілер ала таңнан көп болды. Бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі де осында. Әсіресе, Атырау политехникалық колледжінде орналасқан №49 сайлау учаскесінде тіптен сайлаушылар қарасы кешке дейін үзілмеді. Елінің келешегі үшін таңдауларын жасауға асыққан тұрғындар ұзын-сонар кезекке де тұрды.

Читать далее »

ОЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Кезектен тыс  Президент сайлауына еліміздегі сайлау туралы заңдылықтарға сай тыңғылықты, әрі мұқият әзірленген №13 сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыс беруі дәл белгіленген уақытта басталды. Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің кең де, жарық спорт залында орналасқан бұл учаскедегі сайлау  комиссиясының төрағасы Асылбек Мырзағалиев келуші азаматтарды құттықтап, дауыс беру жұмысының басталғандығын жария етті. Әдеттегіше, еліміздің Әнұраны шырқалды.

Читать далее »

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙМЕН…

Президент сайлауы күні №18 учаскелік сайлау учаскесіне барғанымызда халықтың зор саяси белсенділігін көрдік. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Гүлшат Хасанның айтуынша, бір сағат ішінде 312 адам дауыс беріп үлгеріпті. Бұл учаскеде барлығы 1192 сайлаушы бар.

Читать далее »

ДАУЫС БЕРУГЕ – КЕЗЕКПЕН

Кезектен тыс Президент сайлауында атыраулықтар да жоғары белсенділік көрсетіп, елдіктің нышанын танытты. Бұл үрдісті өзіміз аралап көрген сайлау учаскелеріндегі дауыс беру барысынан да анық байқадық.

Читать далее »

БИЫЛҒЫ САЙЛАУ БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕРЕК

Президент сайлауы Мұрат Мөңкеұлы атындағы №6 мектепте орналасқан №47 сайлау учаскесінде де ұйымшылдықпен басталды. Бір сағат бұрын жинала бастаған сайлаушылардың ерекше ықыласпен келгендері көрініп-ақ тұр.

Читать далее »

ЕРТЕҢГІ КҮНГЕ ДЕГЕН СЕНІМ

Атырау қаласындағы «Каспиймұнайгаз» АҚ ғимаратында орналасқан №33 сайлау учаскесіне таңғы 6.30-дан бастап сайлаушылар келе бастады. Алғашқылардың бірі болып келген зейнеткер Бағытжан Карпеков пен Атырау облысының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Хайролла Қалжігітовтер болды. Хайрекең жасы сексеннен асып кетсе де қолына ұстаған дауыс беру бюллетенін көзілдіріксіз оқыды. Сөйтіп, өз таңдауын жасады.

Читать далее »

ХАЛЫҚ ЕЛБАСЫН ТАҢДАДЫ

26 сәуірде өткен кезектен тыс Президенттік сайлауға  сайлаушылардың жоғары ұйымшылдықпен   қатысуы қоғамдағы ерекше белсенділіктің, қазақстандықтардың саяси мәдениетінің қалыптасуының айқын дәлелі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған бүкілқазақстандық бастама халықтың бейбітшілік пен жасампаздықты таңдау жолына жалғасты.

Читать далее »

МҮМКІНДІКТІҢ ШЕКТЕУЛІГІ САЙЛАУҒА КЕДЕРГІ БОЛМАДЫ

Сайлау – халықтың мемлекеттік билікке араласуының бірден-бір көрінісі. Ал, сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауын жасау, мемлекеттік іске бейжай қарамау – әр қазақстандықтың парызы, мейлі, ол жас, кәрі, зейнеткер немесе мүгедек жан болса да!..  

Читать далее »