Арнайы жобалар

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕСЕЛЕЙ ТҮСЕДІ

Екі-үш күннен бері еліміздің тарихындағы ең күрделі келіссөздің нәтижелі аяқталғандығы жөніндегі жедел хабар исі қазақтың мерейін өсіріп, көзайым қуанышына кенелтті. Енді ше? Өзара келісім, түсіністіктің алтын арқауы он тоғыз жыл уақыт бойы ширап, әбден иі қанып барып, ақыры өз түйінін тапқан болса...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ ҚАЗЫНАСЫ КІРІСТЕН ҚҰРАЛАДЫ

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында, одан бөлек бес тұғырлы реформаға негізделген, «жүз нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспарында мемлекеттік кірістер органдарының алдына да маңызды міндеттер жүктелген-ді. Атап айтқанда, бұл саладағы мекемелердің жұмыстарын уақыт талабына сай жетілдіру, көрсетілетін қызмет түрлерінің ауқымын кеңейтіп, оларды жаңа сапалық деңгейге көтеру, мейлінше оңтайландыру, жеделділігін және тиімділігін арттыру қажеттігі алға тартылған-ды. Осы орайда, республикамыздың өзге өңірлеріндегідей, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мен қалалық, аудандық басқармаларында жоспарлы да жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Читать далее »

ҮДЕМЕЛІ ДАМУДЫҢ БАЙЫПТЫ БАҒЫТЫ

Атырау облыстық ақпараттық-насихат тобы алғашқы қадамын Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан бастады. Олар аудандық мәдениет үйі, орталық емхана және №19 жалпы білім беретін орта мектеп бойынша үш топқа бөлініп, Ұлт жоспарына түсінік беру мақсатында барлық деңгейдегі аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, білім саласының мамандары және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Читать далее »

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДАҒЫ ЖАҢАША БАҒЫТ

Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі аясында педагогтің жеке тұлға ретіндегі бейнесі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда. Бұл бағыттағы игі істер ел дамуының стратегиялық міндеттерімен, «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқаны айқын.

Читать далее »

ҚАН МАЙДАНДА ОТ КЕШКЕН

1941-1945 жылдарды қамтып, талай адамның өмірін қиған қырғынға Кеңес Одағы елдерінен миллиондаған азамат аттанды. Міне, осы соғысқа аттанған жас жауынгерлердің ішінде атыраулық Қараш Қалиев те бар еді. Ол І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденінің, «Жеңіс» , «Маршал Жуков», «Ерен еңбегі үшін» және өзге де мерекелік медальдардың иегері.

Читать далее »