Арнайы жобалар

ДОСТЫҚ ТУЫН ТІККЕН ЖЕР

Ата Заңның аясында Қазақстан  бүгінде достықтың туын тіккен, бірлік пен татулықты жыр еткен елге айналып отыр. Қазақстан дамуындағы Конституцияның рөлі  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен «дөңгелек үстелде» әңгіме өзегіне айналды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан халқы бірлігінің факторы» тақырыбындағы шарада аталған қоғамдық институттың өңірдегі мүшелері, оқу орнының оқытушы, профессорлар құрамы бас қосты.

Читать далее »

БІРЛІК ПЕН ТЫНЫШТЫҚТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Конституция еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына даңғыл жол ашып, бетке алған бағдардың тұтастай бөлігін қамтып отыр. Әрбір қазақстандықтың басты міндеті – ел тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны ұстану. Ең бастысы, Қазақстанның даму кезеңіндегі барша жетістіктер Ата Заңның тиімділігін айқындап отыр. Өйткені, Конституция дамуға жол ашып қана қойған жоқ, оның нормативтік әлеуеті де халыққа қызмет етіп, демократиялық, құқықтық мемлекеттің одан әрі беки түсуіндегі үдеріс жолына заңдық негіз болып қаланды.

Читать далее »

АЛДАН СМАЙЫЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: МӘҢГІЛІК ЕЛ – БІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯМЫЗ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәңгілік ел идеясын көтергеніне екі-үш жылдың жүзі болды. Елбасы оны Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры ретінде ұсынды. Бұл идея еліміздің бас құжаты – Конституцияның түпкі маңызымен де ұштасып жатыр. Себебі,  халықтың біріктіруші күші, ешуақытта сарқылмайтын қуат көзі болып табылатын Ата Заңның басты идеясы – қуатты мемлекет құру. 

Читать далее »

АТА ЗАҢ – АЛТЫН ТҰҒЫР

Биылғы жыл – мерейлі мерекелерге толы жыл. Барша қазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ата Заңымыздың 20 жылдық торқалы тойларын өз дәрежесінде атап өтуге атсалысуда. Дара билікті дана билікпен ұштастырған хандық басқару жүйесі мен қуатты мемлекеттік билік және демократияның кепілі болып табылатын Конституция арасында тарихи сабақтастық бар.

Читать далее »

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЫ

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл айтулы күн – ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан тарихындағы ерекше мереке, елеулі  оқиғалардың бірі. Сондықтан, оны бүгінде мақтанышпен айта аламыз.

Читать далее »

АТА ЗАҢҒА АДАЛМЫЗ!

«Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті».

Қазақстан Республикасының

Конституциясы, 36 бап, 1 тармақ.

 

Еліміздің бас құжаты – Конституцияда бекітілгендей, ел тыныштығы мен ұлттық қауіпсіздікті қорғауда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскерлерінің айбыны мықты. Соның ішінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Атырау қаласындағы №5546 әскери бөлімнің сарбаздары мен қызметшілері Отан қорғауға әрқашан дайын. Айтулы мереке қарсаңында газет тілшілері аталған әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Читать далее »