«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» – ҚАСИЕТТІ АТАУ

 

Биыл тәуелсіз еліміз үшін мерейлі де, берекелі жыл болып отыр. Жыл басынан бері атаулы мерекелерді тойлап келеміз. Соның ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығының тойлануы ел тарихында ерекше сақталмақ.

Continue Reading

АДАМНЫҢ САУЛЫҒЫ – АЛДЫҢҒЫ КЕЗЕКТЕ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызмет сапасын арттыруға баса көңіл бөліп келеді. Әсіресе, Елбасының «Саламатты Қазақстан», «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының қазақстандықтар саулығын сақтауда маңызы зор болғаны айқын дәлел. Нұрсұлтан Әбішұлы әр жылдары облысымызға келген сайын емдеу мекемелерінде болып, кейбір қол байлау мәселелерімізді шешуге ықпал етеді. Мәселен, облыстық аурухана, қалалық перзентхана, «Медикер» жекеменшік клиникасының ашылу рәсімдеріне қатысып, жергілікті халықтың саулығының салауатты болуына бағыт-бағдар беруі біздің медицина қызметкерлеріне бұрынғыдан да жауапкершілік жүктегенін айтар едік. 

Continue Reading

ЖЕРДІ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ – МІНДЕТ

Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша тоғызыншы орында тұр. Соның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптарының аумағы 81 % – ға жақын. Бұл, қазіргі нарықтық кезеңде еліміздің экономикасына зор үлесін қосатын аграрлық сектордағы үлкен әлеует деген сөз. Тек осы мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану үшін оған үнемі бақылау жүргізіп отыру керек. Дәл осындай бағыт-бағдарды Елбасымыз Ұлт жоспарында да атап көрсетті.

Continue Reading

БІЛІМ ІЗДЕГЕН БАҚЫТҚА КЕЗІГЕДІ

Елбасымыз халыққа жария еткен бес институционалдық реформаның әрбiрi өз алдына бір-бір кешендi бағдарлама десек, артық айтқандық бола қоймас. Себебі, олар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын қадамдарға бөлінген. Реформалардың бәрі де табандылықпен iске асырылады деп күтілуде. Мемлекет басшысы ондағы әрбір істі тікелей өз бақылауында ұстайды. Басты мақсат «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырып, дамыған отыз елдің қатарына ену болып табылады. Аталған реформаны орындау үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен отандық және халықаралық сарапшылар қатысатын бес жаңарту тобы бар ұлттық комиссия құрылды.

Continue Reading

ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ҚАРА АЛТЫНЫ»

дүниенің төрт бұрышына тарайды

Өткен сәрсенбінің сәтті күні  Каспий құбыр консорциумының Кеңейту жобасының І кезеңі мәреге жетті. Сөйтіп, «Теңіз» мұнай айдау стансасы сынақтық-өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Атырау» мұнай айдау стансасы іске қосылды.

Continue Reading

БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР, ЗЕРТТЕУШІ ЖҰМАБЕК МҰҚАНОВ: «АРМАНЫМ – ТАРИХТЫҢ АҚТАҢДАҚТАРЫН АРШУ»

Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада атыраулық оқырмандар Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері, Әйтеке би атындағы республикалық қордың президенті

Жұмабек Мұқановпен кездесу өткізді.

Оңтүстік өңірінің «Шардара тынысы» газетінде ұзақ жыл бас редактор болып қызмет атқарған оның есімі журналистік зерттеу еңбектерімен, өткір де өзекті мақалаларымен көзі қарақты оқырманға жақсы таныс. Бүгінгі кездесуден кейін кейіпкеріміздің ұлттың мүддесі жолында атқарып жүрген ерен еңбегімен бірге, оның қайраткерлік қырын да тани түстік.

Continue Reading