Арнайы жобалар

САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ – БАСТЫ МІНДЕТ

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол –  болашаққа бастар жол» атты Жолдауында, оған қоса бес тұғырлы реформаға негізделген жүз нақты қадамды айқындаған Ұлт жоспарында басқаларымен қатар коммуналдық қызмет саласына, соның ішінде кондоминиумды, яғни, қалалар мен аудан орталықтарындағы көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, осы мақсатта құрылған пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын жақсартып, сапалық жаңа деңгейге көтеру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қайта жаңғырту шараларын жүйелі жүргізіп, тиімділігіне қол жеткізу мәселесі де үлкен міндет ретінде алға тартылған-ды.

Читать далее »

АТҚАРЫЛАР ІСТІҢ АЙҚЫН БАҒДАРЫ

Бес институционалдық реформаға негізделген Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» деп аталған үшінші тарауына енген 58-ші,  қадам елімізде жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуды, сөйтіп бұл салада бірыңғай оператор құру мақсатын көздейді. Бұл үрдісте жол құрылысымен және жөндеу жұмыстарымен шұғылданатын отандық компаниялардың да өзіндік орны мен үлес салмағы барлығы анық. Солардың санатында ҚР Инвестиция және даму министрлігіне қарасты біздің«Қазақавтожол» РМК-ның Атырау облыстық филиалы да бар.

Читать далее »

ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІН ОЯТТЫ

Қызылқоға ауданының жұртшылығы да  Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадамнан» тұратын «Ұлт жоспарын» іске асыруға белсене кірісіп кетті. Бес институционалдық реформада кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру аясында Елбасы нақты міндеттерді белгіледі.

Читать далее »

ЕРТІС ПЕН ЕДІЛДІҢ АРАСЫ

Қазақ  мемлекетінің  бастауы  болды

Тарихшылардың саралауына қарағанда, Қазақ хандығы құрылғанға дейін Ертістен Еділге созылған ұланғайыр далада үлкенді-кішілі саяси құрылымдар, ұлылы-кішілі мемлекеттер өмір сүрген. Мұның бәрі – Қазақ хандығына дейінгі ізашар буын-бунақтар, Қазақ елі деген алып бәйтеректің өзегіне нәр берген түптамырлар, қайнар бастаулар еді.

Читать далее »

СЫҒАНАҚТЫҢ ШЫН СЫРЫ

Биылғы жылдың бір ерекшелігі – Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесінің аталып өтетіндігі. Бәзбіреулер Қазақ елінің мемлекеттілігіне  күмән келтіріп  жүргенде, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ғасырлар қойнауындағы көне тарихты кең көлемде қайта жаңғыртуға шешім қабылдағаны ұлттық рухымызды ерекше көтеретін тағылымды бастама болды.

Читать далее »

НАҚТЫ ІСТІҢ УАҚЫТЫ КЕЛДІ

Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының күн тәртібіне шығарылуы заман талабы және ондағы көрсетілген әрбір мәселе барша қазақстандықтар үшін маңызды. Және оның ел экономикасының дамуына, әлеуметтік, мәдени-рухани саланың ілгерілеуіне ықпалы зор. Ұлт жоспарында айтылған кәсіби мемлекеттік аппарат, оның бизнес пен халыққа көрсетуі тиіс сапалы қызметі кәсіпкерліктің қарқынды дамуына берік іргетас болатыны анық. «Ақ жол» ХДП Атырау облыстық филиалы төрағасы Ермекқали ЮСУПОВПЕН жүргізілген сұхбат осы бағытта өрбіді.

Читать далее »

ТАБИҒАТТАН ДАРЫҒАН ҚАСИЕТ

«Өмір өткелдері» деген атпен жарық көрген сұхбат кітапта Елбасы өзінің шыққан тегінен бастап, балалық шағы, мектептегі кезі, Днепродзержинскіде өткізген жастық шағы, Теміртаудағы құрыш құйған сәттері туралы әңгімелеген. Туынды 16 тараудан, 570 беттен тұрады. Шығарманың құндылығы туралы айтар болсақ, «Ұшқан ұя ұлағаты» атты тараумен басталып, «Нұрлы Жолға» ұласуы сияқты өмірбаяндық сұхбаттар тарихи оқиғалармен сабақтастырыла рет-ретімен берілген.

Читать далее »

КӨП БОЛЫП КҮРЕСЕР ІНДЕТ

Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде маңызды 5 институттық реформаны ұсынған еді. Бұл ауқымды істі мемлекетіміздің ғаламдық сын-қатерлерге қайтарған жауабы десе болады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтық реформаларды жүзеге асырудың 100 нақты қадамы атап айтылды. Мұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары ұлт жоспарындағы басты міндеттердің бірі ретінде көрсетілген. Нақтырақ тоқталсам, қоғамның жегіқұртына айналған келеңсіздікке қарсы ымырасыз күресті күшейту, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру қажеттілігі баяндалған.

Читать далее »

ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ!..

Тәуелсіздік алған жылдардан бергі дүниеге келген мемлекеттік бағдарламаларымыз даму мен күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік беруде.  Ал, «100 нақты қадам» – елімізге «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыру мен мемлекеттілікті нығайтуға, қиындықтарды шешудің жолдарын табуға жасалған жағдай. «100 нақты қадам» – бұл таяу кезеңде жасалатын жұмыстарға тікелей басшылық.

Читать далее »