Арнайы жобалар

АТАУЛЫ ДАТАҒА – АЙРЫҚША ДАЙЫНДЫҚ

Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстан Президенттерi түркi тiлдес елдер басшыларының кеңесiне қатысады. Бұл туралы Қазақстанда дипломатиялық корпус өкiлдерiмен кездесу барысында ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiм еттi.

Читать далее »

ЖАҢА ТАРИХИ ТУЫНДЫ — БАЛАЛАР ҮШІН!

«550 жылдық жалаң ұран емес, саяси жағынан да, рухани жағынан да ең орынды өтіп жатқан мерекелердің бірі». Алматыда «Қазақ елі» анимациялық фильмі жайлы өткізілген баспасөз мәслихаты барысында жазушы Дулат Исабеков осылай деп атап өтті.

Читать далее »

«БІРЫҢҒАЙ ТЕРЕЗЕ» – БҰҚАРА ҮШІН!

Еліміздің әлеуметтік қорғау саласында біраз жұмыс атқарылуда. Бұл туралы бізге Атырау облысы бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Меңдіғариева былай деді:

Читать далее »

«ҮЗДІК ЭССЕ –2015» БАЙҚАУЫ

Осындай тақырыпта өткен шарада Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушылары, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының ұжымы мен Мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілерді қайта даярлау курсының тыңдаушылары бас қосты.

Читать далее »

ЕСТЕ ҚАЛАР ЕРЕКШЕ КҮН

Ата Заңымыздың жиырма жылдығы мұнайлы шаһарда да кең көлемде аталып өтілді. Думанды той ертемен қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Мұнайшы» спорт кешені алаңында өткен ауыл шаруашылығы өнімдері мен оқу құралдарының жәрмеңкесінен бастау алды. Сондай-ақ, қаланың орталық алаңында думанды ән кеші болды.

Читать далее »

ЖҰТАР АУАМЫЗ ЖҰПАР БОЛСА…

Жаһандану үдерісінің экономикалық сын-қатерлерді төндіруіне байланысты оның алдын алуға, болдырмауға ұмтылумен бірге дамуды жеделдету – өмір талабы. Сол себепті бәрі екшеліп, тұжырымдалған «100 нақты қадам» жөніндегі стратегиялық бағдарламаны айқын мақсаттың өрелі белгісі деп түсінуге болады.

Читать далее »

АРДАҚТАП АТА ЗАҢЫМДЫ…

«Конституцияны жатқа білемін!» байқауы мәресіне жетті

Бұдан бұрын газетімізде хабарланғанындай, облыс әкімдігі мен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті бірлесіп, мемлекетіміздің бас құжаты — Ата Заңымыздың мерейлі 20 жылдығына орай «Конституцияны жатқа білемін!» атты конкурс жариялаған еді.  Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалық етуімен 11 адамнан құралған арнайы комиссия жүзден жүйріктерді анықтап, сый-сыяпат ұсынды.

Читать далее »

ДОСТЫҚ ТУЫН ТІККЕН ЖЕР

Ата Заңның аясында Қазақстан  бүгінде достықтың туын тіккен, бірлік пен татулықты жыр еткен елге айналып отыр. Қазақстан дамуындағы Конституцияның рөлі  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен «дөңгелек үстелде» әңгіме өзегіне айналды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан халқы бірлігінің факторы» тақырыбындағы шарада аталған қоғамдық институттың өңірдегі мүшелері, оқу орнының оқытушы, профессорлар құрамы бас қосты.

Читать далее »

БІРЛІК ПЕН ТЫНЫШТЫҚТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Конституция еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына даңғыл жол ашып, бетке алған бағдардың тұтастай бөлігін қамтып отыр. Әрбір қазақстандықтың басты міндеті – ел тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны ұстану. Ең бастысы, Қазақстанның даму кезеңіндегі барша жетістіктер Ата Заңның тиімділігін айқындап отыр. Өйткені, Конституция дамуға жол ашып қана қойған жоқ, оның нормативтік әлеуеті де халыққа қызмет етіп, демократиялық, құқықтық мемлекеттің одан әрі беки түсуіндегі үдеріс жолына заңдық негіз болып қаланды.

Читать далее »