Арнайы жобалар

ШЕЖІРЕ САРАЙШЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Кеше Атырауда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығынан – егемен Қазақстанға» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға арнайы шақыртумен келген бірқатар шетелдік дипломатиялық миссиялар мен ғылыми қоғамдастықтар өкілдерін алдымен Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қабылдады.

Читать далее »

БӘСЕКЕЛЕСТІК АУЫЛДЫ ДАМЫТУДАН БАСТАЛАДЫ

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке енді. Ендігі жерде ғаламдық деңгейдегі интеграцияға жұтылып кетпеу үшін не істеу керек? Теңгенің еркін айналымға жіберілуі жағдайында отандық кәсіпкерлердің қадамы қандай болуы тиіс? Отандық экономиканы нендей бағытта дамытқан тиімді? Өңірлердің даму жағдайы қалай? Оларды нендей проблема толғандырады? Осы және өзге де мәселелер «Атырау» газетінің Қызылқоға өңірінде өткен көшпелі отырысында кеңінен талқыланды. Оған «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Төлеген Берішбай, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бекнұр Әжіғалиев, тиісті бөлім басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Читать далее »

ӨТКЕНГЕ – ТАҒЗЫМ, БОЛАШАҚҚА – ТАҒЫЛЫМ

Алты құрлыққа сұлулығымен танылған Елордамыз – Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында ерліктің арқауы мен елдіктің бастауы болған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар легі жалғасты. Мұнда тарихи тамыры тереңде жатқан мерейлі мерекені атап өту үшін еліміздің барлық өңірінен өнер ұжымдары келді.

Сарыарқаның төрінде бой көтерген этноауылда елу киіз үй тігіліп, құрылған екі сахнада әр облыс елордалықтар мен қонақтарға өнерлерін паш етіп, концерттік бағдарламасын ұсынды. Қазақ күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Ал, алаңда орнатылған алтыбақандарда тербелген жастар мерекенің сәнін одан әрі қыздыра түсірсе, тайқазан маңызын арттырды.

Читать далее »

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» – ҚАСИЕТТІ АТАУ

 

Биыл тәуелсіз еліміз үшін мерейлі де, берекелі жыл болып отыр. Жыл басынан бері атаулы мерекелерді тойлап келеміз. Соның ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығының тойлануы ел тарихында ерекше сақталмақ.

Читать далее »

АДАМНЫҢ САУЛЫҒЫ – АЛДЫҢҒЫ КЕЗЕКТЕ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызмет сапасын арттыруға баса көңіл бөліп келеді. Әсіресе, Елбасының «Саламатты Қазақстан», «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының қазақстандықтар саулығын сақтауда маңызы зор болғаны айқын дәлел. Нұрсұлтан Әбішұлы әр жылдары облысымызға келген сайын емдеу мекемелерінде болып, кейбір қол байлау мәселелерімізді шешуге ықпал етеді. Мәселен, облыстық аурухана, қалалық перзентхана, «Медикер» жекеменшік клиникасының ашылу рәсімдеріне қатысып, жергілікті халықтың саулығының салауатты болуына бағыт-бағдар беруі біздің медицина қызметкерлеріне бұрынғыдан да жауапкершілік жүктегенін айтар едік. 

Читать далее »

ЖЕРДІ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ – МІНДЕТ

Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша тоғызыншы орында тұр. Соның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптарының аумағы 81 % - ға жақын. Бұл, қазіргі нарықтық кезеңде еліміздің экономикасына зор үлесін қосатын аграрлық сектордағы үлкен әлеует деген сөз. Тек осы мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану үшін оған үнемі бақылау жүргізіп отыру керек. Дәл осындай бағыт-бағдарды Елбасымыз Ұлт жоспарында да атап көрсетті.

Читать далее »

БІЛІМ ІЗДЕГЕН БАҚЫТҚА КЕЗІГЕДІ

Елбасымыз халыққа жария еткен бес институционалдық реформаның әрбiрi өз алдына бір-бір кешендi бағдарлама десек, артық айтқандық бола қоймас. Себебі, олар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын қадамдарға бөлінген. Реформалардың бәрі де табандылықпен iске асырылады деп күтілуде. Мемлекет басшысы ондағы әрбір істі тікелей өз бақылауында ұстайды. Басты мақсат «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асырып, дамыған отыз елдің қатарына ену болып табылады. Аталған реформаны орындау үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен отандық және халықаралық сарапшылар қатысатын бес жаңарту тобы бар ұлттық комиссия құрылды.

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ҚАРА АЛТЫНЫ»

дүниенің төрт бұрышына тарайды

Өткен сәрсенбінің сәтті күні  Каспий құбыр консорциумының Кеңейту жобасының І кезеңі мәреге жетті. Сөйтіп, «Теңіз» мұнай айдау стансасы сынақтық-өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Атырау» мұнай айдау стансасы іске қосылды.

Читать далее »

БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР, ЗЕРТТЕУШІ ЖҰМАБЕК МҰҚАНОВ: «АРМАНЫМ – ТАРИХТЫҢ АҚТАҢДАҚТАРЫН АРШУ»

Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада атыраулық оқырмандар Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері, Әйтеке би атындағы республикалық қордың президенті

Жұмабек Мұқановпен кездесу өткізді.

Оңтүстік өңірінің «Шардара тынысы» газетінде ұзақ жыл бас редактор болып қызмет атқарған оның есімі журналистік зерттеу еңбектерімен, өткір де өзекті мақалаларымен көзі қарақты оқырманға жақсы таныс. Бүгінгі кездесуден кейін кейіпкеріміздің ұлттың мүддесі жолында атқарып жүрген ерен еңбегімен бірге, оның қайраткерлік қырын да тани түстік.

Читать далее »