я.Арнайы жобалар

ТВЕРЬ ЖЕРІНДЕГІ ТАҒЗЫМ

Бауырластар  зиратындағы  мемориалдық  тақтаға Ағаша  Түркеевтің  есімі  енгізілді

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында атыраулық зейнеткер Бөкенбай Ағашин ұзақ жылдардан бері соғыста қайда қаза тапқаны, қай жерде жерленгені белгісіз болып келген өзінің әкесі туралы дерек тапты. Ресейдің Тверь облысының Оленино ауданындағы Молодотуд селолық елді мекеніне қарасты Куркино деревнясына барып, әкесі Ағаша Түркеевтің әйгілі «Марс» операциясы кезінде майдан даласында жамбасы тиген орынды өз көзімен көрді. Оған құран бағыштап, көңілді бірлеп қайтты. Бұл жер «Ржевтің қанды бұрышы» атанған аймаққа кіреді екен.

Читать далее »

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ ҰЙЫТҚЫСЫ

Ел тұрақтылығы өз-өзінен бола қойған жоқ. Соны түсіну керек. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген нақылды жеке отбасыға да, тіптен, қазіргі егеменді алты түркі еліне қатысты да айтуға болады.

Читать далее »

ҮЗІЛМЕГЕН ҮМІТ

Ұлы Отан соғысында хабар-ошарсыз кеткен жандардың бірі – Атау Кәкімбеков. Ол 1912 жылы Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Орпа ауылында дүниеге келген. Әкесі Кәкімбек қажы Байғазыұлы 1895 жылы Астрахандағы Ноғай мұсылмандар жоғары діни оқу орнына түсіп, астрономия, экономия, физика, математика, медицина бағытында оқып шығады. Кейін сол білімін Орпа медресесінде балаларға үйретеді.

Читать далее »

САПАЛЫ ЖОЛ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Шын мәнінде де жол – өмірдің өзегі, тірліктің қайнар көзі. Бұған Мемлекет басшысының өзі ерекше мән беріп отырғандығы да сол себептен болса керек. Осы ретте, пайдаланудағы автокөлік жолдарының жоғары сапалы деңгейін сақтап, талапқа сай күтіп-ұсталуында, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде «Атырау жол зертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне де көп міндеттер жүктелген.

Читать далее »

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Елбасымыздың «100 нақты қадам» бағдарламасы – еліміздің даму жолы үшін айқындалған ерекше құжат. Бұл жоспар экономиканы, білім мен ғылымды, денсаулық сақтауды, мәде­ниетті, сондай-ақ, мемлекеттік басқаруды, ұлттық қауіпсіздікті және басқа да қоғамның барлық салаларын қамтиды. Аталған жоспар аясын­дағы жа­сақталған іс-ша­ра­ларды жүзеге асыруға атсалысу әрбір қазақстан­дық үшін басты міндет болып табылады.

Читать далее »

ҚАМҚОРЛЫҚҚА – ІСПЕН ҚАЙТАРЫМ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетімізді әлемдегі ең үздік отыз елдің қатарына апарар «100 нақты қадамда» денсаулық саласына да басты көңіл бөлген. Әсіресе, 80-ші қадамдағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді құптар едім.

Читать далее »

ТОЛҒАҚТЫ ОЙЛАР ТОҒЫСҚАНДА

Төрткүл дүниенің көптеген мемлекеттеріндегі сияқты, біздің елімізде де шағын және орта бизнесті дамыту – экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы ретінде ерекше маңызға ие. Демек, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады. Әсіресе, орта таптың қалыптасуының материалдық негізі болып саналатын шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарының аймақтың даму үрдісіне қосып отырған үлесі де айтарлықтай екендігі даусыз. Дегенмен, бұл салада шешімін күтер проблемалар мен ауылдағы ағайындарды толғандыратын мәселелер де жетерлік. Оны облыстық «Атырау» газеті редакциясының мұрындық болуымен Құрманғазы, Жылыой, Мақат, Қызылқоға аудандарында бұған дейін өткізілген көшпелі «дөңгелек үстел» жанындағы кездесулер барысында айқын аңғардық.

Читать далее »

ЛЕНИНГРАДТЫ ҚОРҒАҒАН ЖІГІТ

Менің ағам Ғайыпқали Асыләлиев Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданында 1923 жылы дүниеге келген. Әкесі Ленин орденінің иегері, Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім  Асыләлиев Аманғали Тайпақ ауданының Базаршолан ауылындағы Қызылжар орта мектебінде мұғалім болып істеді. Ал, Ғайыпқали осы мектептің жетінші сыныбын бітіргеннен кейін Орал қаласындағы «рабфак-ке» түсті. Мектепте оқып жүрген кезінде домбыра тартуға әуестенді.

Читать далее »

ҚАЙСАРЛЫҚ ҚАШАН ДА ЖЕҢЕДІ

Өскелең  ұрпаққа  ата-әкелер  мен  алдыңғы  толқын  ағалардың  азаматтық  ерліктері  қашан  да  үлгі-өнеге. Менің   атам Меңдіғали  Сіргелиевті  Теңіз  ауданының  соғыстан  бұрынғы  және  соғыс  кезеңіндегі  адамдарының  көпшілігі  білетін  және  құрметтейтін. Қошалақ  жерінде  1905  жылы  дүниеге  келген  ол  жігері  мен  қайратының,  өмірге  құштарлығының  күшті  болғандығын  біз  ес  білген  кезден  бастап  жиі  естігенбіз.

Читать далее »

БІЗДІҢ МҰРАТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ

Елбасы ұсынған 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспары – ұлтымызды баянды болашаққа жетелейтін даңғыл жол. Бұл, ең алдымен, халқымызды ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында Мәңгілік Ел болуға бастайтын бірегей реформа деп білемін.

Читать далее »