я.Арнайы жобалар

«АЙДЫННЫҢ» АУЫЗ СУЫ

Индербор кентінің 80 жылдығына орайластырылған мерейтойлық шаралар шеңберінде ауданда бұрын-соңды болмаған жаңа өндіріс орнының тұсауы кесіліп, таныстырылымы болды. Бірден айта кетелік, озонмен тазартылған ауыз су «Айдын» деп аталады.

Читать далее »

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ИНСТИТУТЫ

Оның қызметін жандандыру – уақыт талабы

Осыдан бес жыл бұрын құқықтық іргетасы қаланған жеке сот орындаушылары институты іс жүзінде өзінің өміршеңдігін дәлелдегені болар, бұдан әрі қарай мемлекеттік сот орындаушылары қызметі қысқартылып, сот актілері мен атқару құжаттарын орындау біртіндеп жеке орындаушылық тәртіппен жүзеге асырылу үстінде.

Ұлт жоспарының 27-ші қадамында орын алған бұл міндеттің бүгінде орындалысы қандай? Осы орайда Атырау облысы әділет департаменті жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Күләнда Қыстаубаеваға жолыққан едік.

– Өткен жылдың аяғында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 138-бабына өзгеріс енгізілгені белгілі. Оған сәйкес, ендігі уақытта сот орындаушыларының жұмысы қалай жүргізіледі?

Читать далее »

КЕЛІСІМ БАР ЖЕРДЕ КЕЛЕШЕК ЗОР

 

 

ІІ халықаралық медиафорумның түйіні осы болды 

«Қоғамдық келісім», «Толеранттылық», «Бірлігі жарасқан мемлекет» ұғымдарының түрлі ресми жиындарда ғана қолданылатын әдемі сөздер емес екендігін Украина, Таяу Шығыс елдерінде орын алып жатқан дүрбелеңдер дәлелдеп беріп отыр. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақ елінің ұлттар арасындағы ынтымақты қатынастар мәселесін айрықша назарда ұстауы – құптарлық қадам. Демек, осыдан жиырма жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің ең игі мұраты жолында толыққанды жұмыс істеді деуге негіз бар.

Читать далее »

АЙҚЫН МАҚСАТ ЖОЛЫНДА

Елбасымыздың  Ұлт жоспарының «100 нақты қадам» бағдарламасы негізінен мемлекеттің  дамуымен  қатар, халықтың бірлігі мен ынтымағына да бағытталған. Осы мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясы «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менің елім», «Нұрлы болашақ» сынды кең көлемді ұлттық жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруда.

Читать далее »

ЫНТЫМАҚ – ЫРЫС БАСТАУЫ

Аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы өтті. Облыстық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестік мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында айтқан тапсырмалары мен міндеттерін орындау және облысымызда ұлтаралық татулықты нығайту бағытында атқарылған істер жайында айтылды.

Читать далее »

ТҰЩЫҚҰДЫҚТА ТҰШЫМДЫ ІСТЕ БАР

Бүгінде Тұщықұдық селосы – заман көшінен қалмай, қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Исатайлықтар Елбасының ауылдарды өркендету саясатының сәтті жүзеге асып келе жатқанына дән риза. Шалғайда орналасқан Нарын құмындағы Айбас және жиектен орын тепкен Қызыл үй елді мекендерінің бүгінде облыс экономикасына қосып жатқан үлесі мол. Бұл жерді мекен еткен жеке шаруалар мен кәсіпкерлер саны да соңғы жылдары біраз артып отырғандығы байқалады.

Читать далее »

«ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ҚАЙТА ҚАРАУ КЕРЕК»

«Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын қайта қарау керек». Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында сенатор Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ осындай ұсыныс айтты.

Читать далее »

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ ҚАДАМДАР

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Қазақстан-2050» стратегиясы – елімізді  дамыған отыз елдің қатарына қосатын бағдарлама. Ел бірлігін одан әрі нықтай түсетін құнды құжат.

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарымызды қалай сақтауға болады? Қазақты әлемге қайтсек танытамыз? Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты қалай сіңіреміз? «Ұлттық құндылықтар: жаһандану жағдайындағы дәстүрлі отбасы» тақырыбында облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының және Атырау облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен ІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда осы мәселелер қозғалып, ұсыныстар таразыға салынды. Конференцияға облыс әкімінің орынбасары А.Әжіғалиева қатысты.

Читать далее »

ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІ – ЕҢ БАЙ ТІЛ

Бүгінгі ұрпақ мына екі мәселені жүрегінде тоқуы тиіс. Біріншіден, әлемде 5000 ұлт,  5000 мың тіл болса, небәрі 200-ге жуық қана мемлекет бар екен. Ал, мемлекет құру үшін ең алдымен жер керек. Демек, көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орынды алатын біздің Ұлы Даламыз ата-бабаларымыздан қалған ең асыл аманат. Және бір айта кетерлігі, байлығы жөнінен қазақтың тілі әлемде үшінші орынды алады екен. Ең бай тіл – араб тілі болса, ағылшын тілі екінші кезекте. Бұл әлем ғалымдары дәлелдеген дүние.

Читать далее »