Сахнада – сұлулар байқауы

Бүгін Махамбет атындағы қазақ драма театрында «Атырау аруы – 2016» сұлулық байқауының ақтық сыны өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 16 мен 24 жас аралығындағы жиырма  бойжеткен «Атырау аруы» тәжіне  «таласады». Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында болған «VERO ModeLZ» модельдік агенттігінің жетекшісі Вероника Қошманова  мен «Жас қоғам» жастардың бастамаларын дамыту қорының төрағасы Руслан Ахашев, жоба режиссері […]

Continue Reading

ЕХРО көрмесіне – электромобиль

Апта ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бірқатар солтүстік өңірлерінде жұмыс сапарында болды. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысып, нақты тапсырмалар берген Елбасы 2017 жылы Астана қаласында өтетін халықаралық ЕХРО көрмесіне дайындық мәселесін де пысықтады. «Ақорданың» баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, Қостанай облысына сапары барысында Мемлекет басшысы ірі кәсіпорындар шығаратын электромобиль үлгілерімен танысқан. Бұлар көрмеге ұсынылмақ. Бұған […]

Continue Reading

Болашақ әлемнің энергиясы

Astana EXPO–2017 халықаралық көрмесі – көлемі, қатысушылар және келушілер саны, өту ұзақтығы бойынша келер жылдың әлемдік деңгейдегі ең ірі шарасы болып табылады. Astana EXPO – 2017 көрмесі – таза энергия планетасын құруға бағытталған ең негізгі қадам. Қазақстандық көрменің басты мақсаты – заманауи энергетикалық саясаттың стратегиялық басымдықтары бойынша халықаралық диалог алаңын құру, болашақтың энергиясы моделін қалыптастыру […]

Continue Reading

Бастауыш сынып жаңаша оқи бастады

Биылдан бастап еліміздегі барлық мектептердегі 1-сынып оқушылары жаңартылған жүйеге көшті. Олар үшін бес күндік оқу аптасы енгізілді. Осыған орай, мұғалімдер де жаңартылған бағдарламалар бойынша білім алды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Орал Ташмұханова бізбен әңгімесінде 1-сынып мұғалімдерінің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады.

Continue Reading

Туристік операторлар Атырау облысында

«ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында ұйымдастырылған ақпараттық тур аясында, Ресей, Қытай, Германия және Швейцария елдерінен 75 турист және туристік операторлар Атырау облысына келді. Сапардың негізгі мақсаты – әлемдік көрме аясында келу тізіліміне қосылған туристік бағыттармен танысу. Бұл бағыттар «ЭКСПО ұсынады» белгісіне ие болады.

Continue Reading