я.Арнайы жобалар

ХАЛЫҚҚА – ҚОЛЖЕТІМДІ АҚПАРАТ

Елбасының «Ұлт жоспары қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласының «Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет» тарауында елдің транспаренттілігі мен есептілігінің негізгі талаптарының бірі халықтың ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту болып табылатындығы атап көрсетілген.

Читать далее »

БІРЛІК – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Әлемдік дағдарыс кезінде әрбір мемлекет одан шалдықпай шығудың жолын іздейді және өзінің тарихи эволюциясын нәтижелі жалғастыруды көздейді. Дүние жүзінде жиі кездесетін дағдарыстар мен тоқыраулар құлдырауға ғана емес, кейде мемлекеттің тың серпіліс алуына, алдында биік мақсаттар қоюына мүмкіндік береді.

Читать далее »

СЕНІМДІ НЫҒАЙТҚАН СӨЗ

Мен – жасым сексеннен асқан, ішкі істер органдарының зейнеткерімін. Жақында ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деген мағыналы  мақаласын оқыдым. Биылдан бастап елімізде «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталатынын  айтып, жұртшылыққа тайға таңба басқандай нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктепті.

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІМДЕР БАРАДЫ?

Жаңа жылдан бастап күшіне енген заңдардың бірі – «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. Заңның жаңалығы сол – ол жеке адамдарға, біліктілігіне қарай қызметтік сатымен жоғарылауына мүмкіндік береді. Яғни, маман өзінің әлеуетіне, қарым-қабілетіне қарай, қызметтік мансапқа ие бола алады. Сәйкесінше, білікті кадрлар ғана іріктелініп алынатын мемлекеттік аппараттың сапасы да артады деп күтілуде. 

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛІК КОДЕКСІ – БИЗНЕСТІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚҰЖАТ

«Бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс бизнес-омбудсмен институты нығайып келеді. Оның қызметінің заңнамалық негізі де Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Читать далее »

ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЕНДІ ЖАҢА ЗАҢДЫЛЫҚПЕН РЕТТЕЛЕДІ

Атырау – географиялық орналасуына және өзіндік ерекшелігіне байланысты жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың шоғырланған аймағы. Құрамына екі қала және жеті аудан кіретін, жер көлемі 11,1 млн. гектар немесе еліміздің жалпы жер аумағының 4,2 пайызын құрайтын өңірде көмірсутегі шикізатын өндіруші әлемге әйгілі аса ірі компаниялардың өкілдіктері стратегиялық және экономикалық зор маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда.

Мұнай-газ секторындағы жер қойнауын пайдалану құқығы жерді пайдалану құқығына тікелей байланысты. Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласынан туындайтын келелі міндеттерді орындаудың алғышарттары қандай? Аймақтағы жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан  Республикасы  Жер кодексінің талаптарын қалай жүзеге асыруда? Жер заңнамасын сақтауда олардың тарапынан қандай кемшіліктерге жол беріледі?

Біздің тілшіміздің Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ғибрат СҮЛЕЙМЕНОВПЕН  әңгімесі осы мәселелер төңірегінде өрбіді.

Читать далее »

НАҚТЫ НӘТИЖЕ – ЖАНДЫ ЖҰМЫС ЖЕМІСІ

Елбасымыздың мешін жылының басында халқымызға арнаған мағыналы мақаласын оқыдық. Алдымызға қойылып отырған ауқымды міндетімізді межеледік. Соны орындау жолында бәріміздің бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара жұмыстануымыз қажеттігін түсіндік.

Читать далее »