Ұлы Жеңіске – 70 Жыл

ҰМЫТЫЛМАС БЕЙНЕ

Менің әкем Бисембай Дүйсенғалиев 1940 жылы онжылдықты бітірісімен бірден еңбекке араласып, колхозда есепші қызметін атқарады. Сол жылы армия қатарына алынады. Алғашында Монғолия Республикасының аумағында орналасқан Забайкалье майданының құрамында ұрыс қимылдарына қатысып, жапон милитаристеріне қарсы соғысты.

Читать далее »

ГУРЬЕВ–АСТРАХАН: ТЕМІР ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ РӨЛІ

Әлем бойынша алпыс миллион адам қаза болған екінші дүниежүзілік соғыстың жаһан тарихына көлемі жағынан өте ауқымды, ең қанқұйлы да қасіретті кезең ретінде енгені айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ, жан алып, жан беріскен шайқаста жеңісті жақындатудағы қазақстандықтардың, соның ішінде атыраулықтардың ролі әлі күнге тиісті деңгейде бағаланбай келеді. Сол ақтаңдақ кезеңдердің бірі, біздіңше, Гурьев-Астрахан темір жолының салынуы.

Читать далее »

ТЫЛДАҒЫ МАЙДАН

(«Атыраубалық» комбинатының Ұлы Жеңіске қосқан үлесі хақында)

Жүзден астам ұлт өкілдерін бір одаққа біріктірген кеңестер елінің бейбіт еңбек тынысын Ұлы Отан соғысының отты жылдары кенеттен үзіп жіберген болатын. Соғыстың алғашқы айларында фашистік Германияның Кеңес елінің өмірлік маңызы бар экономикалық аудандарын жаулап алуы тылдағы аймақтарға қосымша қиындықтар туғызды. Фашистер басып алған аудандарда соғысқа дейін еліміздегі халықтың 40 пайызы тұратын, мұнда бүкіл елімізде өндірілетін көмірдің 63 пайызы, шойынның 68 пайызы, болаттың 58 пайызы өндірілуші еді. Осындай аса ауыр шақта барлық экономиканы соғыс жағдайына сай қайта жабдықтау керек болды. Сондықтан да, орталықтан шығатын сол кездегі беделді басылым «Правда» газеті 1941 жылы 10 шілдеде былай деп жазды: «Енді бізде «бейбіт кәсіпорындар» болуы мүмкін емес. Әрбір завод, әрбір фабрика соғыс қажетін қанағаттандыру үшін жұмыс жасауы керек».

Читать далее »

БОРАН БАТЫР СОҚПАҚТАРЫМЕН…

Кенжебай таңғы ұйқысынан толқулы көңілмен оянды. Өйткені, бүгін оның алдында үлкен, маңызы биік сапар күтіп тұр еді. Бұл қасиетті сапарға шығу оны бозбала боп ержеткен шағынан бері мазалайтын.

Читать далее »

СОҒЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ГУРЬЕВ

2. Эвакогоспитальдар  және  тылдағы  майдан

Батыстағы сұрапыл соғыс дүмпуімен бірге майдан даласына ең жақын аймақ ретінде Атырауға да алғашқы ауыр жаралылар – өздігінен жүре алмайтын жауынгерлер жеткізіле бастады. Олар Одақтық Комитеттің 1941 жылдың 20 шілдесіндегі «Эвакуациялық госпитальдарды жасақтау мен материалдық қамтылуы туралы» қаулысына сай ашылған эвакуациялық госпитальдарға орналастырылды.

Читать далее »