Қажел Сариевтің ерлігі ескерусіз қалмаса екен...
Соғыста жеңіске жетудің ең шешуші тетігі байланыс екендігін взвод командирі, лейтенант Қажел Сариев те, қарауындағы жауынгерлері де жақсы түсінді. Кескілескен ұрыстарда жаудың артиллерия және миномет оғының астында жүріп, взвод жауынгерлерін ұйымдастырып, олар үзілген байланыс желісін еңбектеп жорғалай жүріп, екі жүздей мәрте жалғап, командирлерін тұрақты байланыспен қамтамасыз етіп отырды. Смоленск жерін жаудан тазарту үшін болған шешуші шайқастарға қатысып, нағыз батылдық пен өжеттіктің үлгісін көрсеткен байланыс ротасының взвод командирі Қ.Сариев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл оның екінші медалі-тұғын.
Читать далее »