БАТЫР АТАҒЫНА ҰСЫНЫЛҒАН

жауынгер дерегі жетпіс жылдан кейін елге жетті

Жақында кезінде білім беру саласында басшылық қызметтер атқарған, аймағымызға абыройлы ақсақал Шәміл Кәкішевтің шаңырағында болып, оның ғибратты әңгімелерін тыңдаудың сәті түсті. Сол әңгіме барысында бізді тосын бір жаңалық ерекше елең еткізді. Енді ше, екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен ағасы Жәміл Жұмашевтың Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғандығы таяуда ғана белгілі болған! Жетпіс жылдан кейін жеткен бұл хабарға таңданбай көріңіз!..

Толығырақ...

«МАРС» ОПЕРАЦИЯСЫ

ол  неге  бүгінге  дейін  құпия  сақталды?

Ұлы Жеңістің алпыс бес жылдығы қарсаңында Ржев жерінде 100-ші және 101-ші дербес атқыштар бригадалары жауынгерлерінің құрметіне көрнекті ескерткіш-мемориал орнатылғаны белгілі. Ұзындығы 27 метр гранит қабырғада Қазақстанның картасы салынған. Картада осы бригадалар құрылған Ақтөбе және Алматы қалалары, Елордасы – Астана қаласы көрініс тапқан. Қазақстандық қос бригаданың он мың жауынгерінің есімдері алтын әріппен жазылған. Мемориал қабырғасына «Мәңгілік тағзым. 100-ші және 101-ші атқыштар бригадалары жауынгерлеріне қазақстандықтардан» деп жазылған. 

Толығырақ...

ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН

тоқсандағы  майдангер  Әлібек  ТҮСІБӘЛІҰЛЫ  туралы  толғау

Ұлы Отан соғысының нағыз өтінде болған отты жылдардың бүгінгі тірі куәгерлерінің бірі – Әлібек Түсібәлиев ақсақал. Иә, сол кезде ол небәрі он жеті жаста еді.  Ілкіде алғашқы  дайындықтан өтіп, кіші командирлер дайындайтын училищеде оқыды. Осында аға сержант шенін алған Әлібек алғашқы соғыс жорығын 2-ші Украин майданының 80-ші дивизиясының атқыштар құрамында бастады.

Толығырақ...

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМЫЗ БАСҚАША БОЛҒАН

Қазірде «тыл ардагерлері» тобына қосылған біздің тұрғыластарымыздың қай-қайсысы да соғыс жылдарындағы өмір көріністерін еске алғанда, «біздерде балалық шақ дейтін болған жоқ» деп әңгіме бастайды. Мен өзім бұл тұжырымға толықтай қосылмаймын. 

Толығырақ...

КҮРКІРЕП КҮНДЕЙ ӨТТІ ҒОЙ СОҒЫС…

«Әскери қызметкер болсам…» деген арман жетегінде Ығылман Бисенбаев Орал мемлекеттік мұғалімдер институтында оқып жүрген жерінен өзі сұранып, Ташкенттің Чирчик қаласындағы №470 офицерлер мектебіне оқуға түседі. Алайда, алдында нендей тағдыр күтіп тұрғанын балаң жігіт қайдан білсін?..

Толығырақ...