Ұлы Жеңіске – 70 Жыл

ҚАН МАЙДАНДА ОТ КЕШКЕН

1941-1945 жылдарды қамтып, талай адамның өмірін қиған қырғынға Кеңес Одағы елдерінен миллиондаған азамат аттанды. Міне, осы соғысқа аттанған жас жауынгерлердің ішінде атыраулық Қараш Қалиев те бар еді. Ол І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденінің, «Жеңіс» , «Маршал Жуков», «Ерен еңбегі үшін» және өзге де мерекелік медальдардың иегері.

Читать далее »

БІР ҮЙДЕН КЕТКЕН ҮШ БОЗДАҚ

Жер-Ана төсін өртпен шарпып, адамзат баласына шексіз қасірет тарттырған қаһарлы соғыстың аяқталғанына биыл 70 жыл толып отыр. Біреудің жалғызын, біреудің тұтас отбасын жалмаған сол соғыстан басы бүтін аман қалған әулет бар деп айту қиын. Соғысқа дейін Морской ауылдық кеңесінде тұрып, «Қызыл Ту» аталған ұжымшарда еңбектенген Әміржан ақсақалдың әулеті де соғысқа дейін жұрт қатарлы өмір сүріп жатқан еді...

Читать далее »

ЕРЛІГІ ЕЛГЕ МАҚТАНЫШ

Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан жандардың бірі – Нәсіпқали Сапарұлы. Өнегелі ісімен, ерлігімен із қалдырған ол өзінің аз ғана өмірінде өсіп-өніп, ұрпақ түлетіп, еңбек етіп қана қоймай, Отанын жаудан қорғап, кеудесін оққа тосып от кешкен азамат. Соның өзі тәрбие.

Читать далее »

ЖОРЫҚ ЖОЛДАРЫ

Қажел  Сариевтің  ерлігі  ескерусіз  қалмаса  екен...

Соғыста жеңіске жетудің ең шешуші тетігі байланыс екендігін  взвод командирі, лейтенант Қажел Сариев те, қарауындағы жауынгерлері де жақсы түсінді. Кескілескен ұрыстарда жаудың артиллерия және миномет оғының астында жүріп, взвод жауынгерлерін ұйымдастырып, олар үзілген байланыс желісін еңбектеп жорғалай жүріп, екі жүздей мәрте жалғап, командирлерін тұрақты байланыспен қамтамасыз етіп отырды. Смоленск жерін жаудан тазарту үшін болған шешуші шайқастарға қатысып, нағыз батылдық пен өжеттіктің үлгісін көрсеткен байланыс ротасының взвод командирі Қ.Сариев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл оның екінші медалі-тұғын.

Читать далее »

ӨМІР ЖОЛЫ – ӨНЕГЕ

Қойшығали Дос-қалиев 18 жасқа толысымен әскери комиссариаттың есігін тоздырып, өз еркімен майданға аттанады. Алдымен, ол Уфа қаласында автоматшылар дайындайтын қысқа мерзімді курсқа жіберіледі. Курс басшылары айтқанды бірден ұғып алатын тәртіпті жас жігітті бөлімше командирлігіне бекітеді. Сөйтіп, жас жігіт тек өз өмірі ғана емес, өзіне бағынышты барша сарбаздардың өміріне жауапты болып белгіленеді.

Читать далее »

ЕРЛІГІ – ЕЛ ЖАДЫНДА

Нағыз ерліктің дастаны Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылды. Сонау сұрапыл соғыс сәттерінде Отан үшін отқа түскен жандардың арманы елге жеңіспен оралу ғана еді. Тылдағы еңбектеген баладан, еңкейген  қарияға дейін майдандағы ер-азаматтарға күш-жігер беріп, қайраттандырып отырды. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» демекші, соғыстан елге оралып, Жеңістің жемісін көрген жандардың бірі Демеу Таубайұлы  ағамыз болатын. Ұлы Жеңістің 70 жылдығында осы бір кеудесін оққа тосқан майдангердің майдандық, еңбек жолдары ойға оралады.

Читать далее »

СӘЛЕДЕН ҚАЛҒАН СЫР

Зерделеп қарасақ, Жарсуат топырағында дүниеге келіп, бүгінгі ұрпақ үлгі алар, халықтың есінде мәңгі сақталған  дара тұлғалар баршылық. Солардың бірі – 1910 жылы Гурьев уезі, Есбол ауданы, Жарсуат ауылдық кеңесі, «Өтеген төбе» қыстауында дүниеге келген Сәле Байғожаұлы еді.

Читать далее »

ШАҢЫРАҚТЫҢ ОТЫ ӨШПЕДІ

Майдан даласында опат болып, хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында менің де төрт бірдей ағам бар-ды. Ағаларым деп отырғаным нағашы атам Хасанның (өзім де сол кісінің бауырында, нағашы шешем Бәтиманың қолында тәрбиеленіп өстім) Махмұд, Нәжімеден, Ғайнеден, Ғалиден есімді ұлдары еді. Әкем Сапи Меңетайұлы да Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін осы нағашы атамның үйінде, бір шаңырақтың астында тұрған. Сол себепті де әлгінде есімдері аталған азаматтарды мен бірге туған бауырларымнан артық болмаса, кем көрмейтінмін.

Читать далее »