ТАРИХТА ҚАЛҒАН ЕСІМДЕР

Рас, тәуелсіздік таңы әкімшілдік-әміршілдік кеңес жүйесінің көбесін біржола сөкті. Кезінде тарихшыларымыз  бірауыз сөз айтуға бармайтын кеңес дәуірі тарихы қайта қаралып, тарихтағы ақтаңдақтардың орны толтырылуда.

Дегенмен, әлі де болса шынайы тарихи бағасы беріліп, тың деректердің негізінде қайта объективті зерттеуді талап ететін өткен күннің өзекті де, күрделі мәселелері бар. Сол себепті, Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы төмендегі бірнеше сұрақты тарихшы-ғалымдар талқысына ұсынған болатынбыз.

Continue Reading

ГҮЛЖАУХАР КӨКЕБАЕВА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: ӘЛЕМДІК ТАРИХТАН БӨЛІНЕ АЛМАЙМЫЗ…

Осыдан оншақты жыл бұрын республикалық «Айқын» газетіне берген сұхбатымда: «Екінші дүниежүзілік соғыс» және «Ұлы Отан соғысы»деген терминдер кеңестік тарихнамада және қазіргі посткеңестік елдердің ғылымында синоним ретінде қолданылып жүрген жоқ. Олар «екінші дүниежүзілік соғыс» деп 1939 жылдың 1 қыркүйегінен 1945 жылдың 2 қыркүйегіне дейінгі болған соғыс қимылдарын атайды. Бұл – дұрыс атау, бүкіл шетелдік тарих ғылымында да осы атау қолданылады. Алайда, кеңестік тарихшылар 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кеңес-герман соғысын «Ұлы Отан соғысы» деп атайды. Бұл, бір жағынан, ресейлік тарихнаманың қалыптасқан салт-дәстүрінен шыққан»  деген пікір айтқан едім.

Continue Reading

БІР ДЕРЕГІ БОЛАР ДЕП…

Төрт жылға созылған қан майдан ешкімді аяған жоқ. Сұрапыл соғыс еңбектеген баланы да, еңкейген кәріні  де қанға бояды. Миллиондаған өмір қыршыннан қиылды. Талай боздақ майдан даласында көмусіз қалды.

Continue Reading

ҚЫЗЫЛОВТАЙ ҚЫРАН БОЛҒАН…

Тағдыр талайымен тарыдай шашылған талай қазақ жұмыр жердің қай бұрышынан да табылады. Бірақ, қазақ үшін нан табу – қашан да екі қолға бір күрек емес, артында із қалдыру, абыройлы іс тындыру. Соның жарқын көрінісі деп Азғыр өңірінің ардақты азаматы, Астрахан облысындағы Жоғарғы Басқұншақ кентінің бұрынғы тұрғыны, бүгінде марқұм болған «Даңқ» ордендерінің толық иегері, екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» және Октябрь революциясы ордендері мен бірнеше медаль алған майдангер Сақып Баһуұлы Қызыловты атауға болар еді.

Continue Reading

ТЕГЕУРІНДІ ШАБУЫЛДАР

Соғыстың 1386-шы күні

1945 жылдың 7 сәуірі күні таңертең Кеңес армиясының авиация күштері Кенигсберг операциясы барысында жаудың мықты бекіністері мен резервтегі армиясына, темір жол стансалары мен теңіз порттарына бастырмалатқан шабуылдарын жүргізді. Әсіресе, Кенигсбергтің батыс жағындағы неміс солдаттары жойқын ұрыстардан бас көтермеді. Авиация мен артиллерияның дүмпуімен шабуылды үдеткен біздің жауынгерлер жаудың қарсы шабуылдарына тойтарыс берді.

Continue Reading

СОҒЫС САРБАЗЫ – СПОРТ САҢЛАҒЫ

Абдош Ысқақов – республикамызда қазақ медицинасының алғаш негізін қалаушылардың бірі. «Құмда жалғыз қырлап киер шалбарды, «Ақбас пелшір» – Абдош атты шал бар-ды», – деп ақын Жұмекен Нәжімеденов жырлаған Абдош атамыз 1887 жылы кедей отбасында дүниеге келіп, 1948 жылы ақпан айында өз ауылы Қошалақта дүниеден озған. 1907 жылы білімге құштар болған жас баланы орыс достары Астрахандағы төрт жылдық фельдшерлік мектепке түсіріп, 1911 жылы бітіргесін ауылына келіп еңбек етеді.

Continue Reading