Ұлы Жеңіске – 70 Жыл

ҮЗІЛМЕГЕН ҮМІТ

Ұлы Отан соғысында хабар-ошарсыз кеткен жандардың бірі – Атау Кәкімбеков. Ол 1912 жылы Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Орпа ауылында дүниеге келген. Әкесі Кәкімбек қажы Байғазыұлы 1895 жылы Астрахандағы Ноғай мұсылмандар жоғары діни оқу орнына түсіп, астрономия, экономия, физика, математика, медицина бағытында оқып шығады. Кейін сол білімін Орпа медресесінде балаларға үйретеді.

Читать далее »

ЛЕНИНГРАДТЫ ҚОРҒАҒАН ЖІГІТ

Менің ағам Ғайыпқали Асыләлиев Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданында 1923 жылы дүниеге келген. Әкесі Ленин орденінің иегері, Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім  Асыләлиев Аманғали Тайпақ ауданының Базаршолан ауылындағы Қызылжар орта мектебінде мұғалім болып істеді. Ал, Ғайыпқали осы мектептің жетінші сыныбын бітіргеннен кейін Орал қаласындағы «рабфак-ке» түсті. Мектепте оқып жүрген кезінде домбыра тартуға әуестенді.

Читать далее »

ҚАЙСАРЛЫҚ ҚАШАН ДА ЖЕҢЕДІ

Өскелең  ұрпаққа  ата-әкелер  мен  алдыңғы  толқын  ағалардың  азаматтық  ерліктері  қашан  да  үлгі-өнеге. Менің   атам Меңдіғали  Сіргелиевті  Теңіз  ауданының  соғыстан  бұрынғы  және  соғыс  кезеңіндегі  адамдарының  көпшілігі  білетін  және  құрметтейтін. Қошалақ  жерінде  1905  жылы  дүниеге  келген  ол  жігері  мен  қайратының,  өмірге  құштарлығының  күшті  болғандығын  біз  ес  білген  кезден  бастап  жиі  естігенбіз.

Читать далее »

ЕКІ ТАҒДЫР

Әкем Қазипанов Шәкір кешегі күндей күркіреп өткен соғыстың ардагері болатын. Хат танитын ғана сауаты бар адам еді. Көптеген шаңыраққа қасірет әкелген қан майданнан аман-сау оралғаннан кейін түтін түтетіп, балалы-шағалы болды. Ол колхоздар мен совхоздарда қарапайым малшы болып еңбек етті. Өзінің адал еңбегімен елге сыйлы болды.

Читать далее »

САҒЫНЫШҚА АЙНАЛҒАН ЖАН

Қолына қару алып, он сегізінде от кешкендердің қатарында менің атам – Қабделов Шалағұл да болған-ды. Ол кісі 1942 жылдың тамыз айында  әскер қатарына  шақыртылады. Ілкіде 164-атқыштар дивизиясының құрамында болады. Ауыр ұрыстардың бірінде жараланып, госпитальда емделеді. Сосын жазылып шыққасын 215-атқыштар дивизиясының 781-артиллериялық полк құрамына ауысады. Аға сержант Ш.Қабделов 76 мм. зеңбіректе бөлімше командирі ретінде Батыс және үшінші Беларусь майдандарында фашистермен шайқасып, Шығыс Пруссияны, Кенигсберг қаласын азат етуге қатысады.

Читать далее »

ЕЛЕНБЕЙ ҚАЛҒАН ЕРЛІК

Мұрағаттық құжаттар арқылы ақпарат әлемінде көптеп жарияланып жатқан көзсіз ерлік көрсеткен батырлардың тізімдері, олар туралы наградалық бетшелер мен бұйрықтарға зер салып қарасаңыз, жерлесіміз Қараманов Рахметолланың қаһармандығы жөніндегі жазбаларды да жиі көресіз. Қайран ағамыз жауына қас батырдай атой салған екен ғой.

Читать далее »